Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Режим доступности
Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Мәзір
Войти в BCC.KZ
Войти в BCC Business
KZT/USD
7 сәуір 2025
Жаңартылды: 10 сәуір 2025

USD/KZT айырбастау бағамын талдау және болжау

Теңгенің АҚШ долларына шаққандағы айырбастау бағамының болжамы

Сағ. 15:30-дағы жай-күйі бойынша орташа өлшенген USD/KZT айырбастау бағамы 518,31 теңгені құрады, бұл көбінесе нарықтың сыртқы экономикалық оқиғаларға шамадан тыс әсерімен түсіндіріледі. Бұл үрдіс пессимистік болжам сценарийіне қатысты көбірек дамиды. Brent маркалы мұнай бағасының 1 баррель мұнай үшін 63 долларға дейін төмендеуі теңгені әлсіретуге қосымша теріс фактор болды.

«BCC Invest» АҚ ЕҰ-ның (бұдан әрі – BCC Invest) Талдау және зерттеу департаменті Қазақстан Республикасының макроэкономикалық көрсеткіштеріне мониторинг жүргізу және болжау жөніндегі ай сайынғы жұмысы аясында сыртқы және ішкі факторлардың еліміздің экономикасына әсерін қадағалайды.

ПҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҰБ) деректері бойынша 2025 жылғы наурызда айырбастау бағамы орташа есеппен 1 АҚШ доллары үшін 497,99 теңгені құрады. 2025 жылғы қаңтардағы деректермен салыстырғанда бағам 26,68 теңгеге немесе 5,1% нығайды.

Кесте. 12 ай бойынша айырбастау бағамы динамикасының жаңартылған болжамы

Дереккөз: ҰБ деректері, BCC Invest талдауы

Жаңартылған базалық сценарийге сәйкес келесі екі айда орташа айлық айырбастау бағамының біртіндеп нығаюы күтіледі, содан кейін жыл соңында бағамның ең жоғары деңгейге дейін әлсіреуі және одан әрі нығаюы күтіледі. Мәселен, 2025 жылдың сәуір және мамыр айларында орташа айлық айырбастау бағамы тиісінше 1 АҚШ доллары үшін 497,4 теңге және 492,9 теңге деңгейінде болжанады. 2025 жылғы желтоқсанда бағам 1 АҚШ доллары үшін 535,2 теңге деңгейінде күтіледі. 12 болжамды айдан кейін орташа айлық айырбастау бағамы (2026 жылғы наурызда) 525,3 теңгені құрайды деп күтіледі.

Кесте. Сценарий бойынша айырбастау бағамын болжау нәтижелері

Күні
Оптимистік сценарий
Базалық сценарий
Пессимистік сценарий
Орташа алғанда 2025 ж. бойынша
500,3513,2526,0
Сәуір 25
480,4497,4514,4
Мамыр 25
475,9492,9510,0
Маусым 25
483,4500,5517,6
Шілде 25
496,9514,0531,1
 Тамыз 25
500,2
517,3
534,4
Қыркүйек 25
503,5
520,7
537,9
Қазан 25
507,1
524,3
541,6
Қараша 25
508,2
525,5
542,8
Желтоқсан 25
517,9
535,2
552,5
Қаңтар 26
516,6
533,9
551,3
Қараша 26
505,4
522,8
540,2
Наурыз 26
507,8
525,3
542,7

Дереккөз: BCC Invest талдауы

ҰБ валюталық интервенциялары есебінен, мемлекеттік резервтерді пайдалану арқылы іске асыралатын шаралар кешені айырбастау бағамына қолдау көрсетеді. Бұл процестегі негізгі рөл – Ұлттық қордн (бұдан әрі – ҰФ) қаражатты пайдалану. 2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға сәйкес ағымдағы жылы ҰҚ-тағы жалпы сомасы 5,25 трлн теңгені құрайтын қаражатты пайдалану қарастырылған, оның ішінде 2 трлн теңге – бұл кепілдендірілген трансферт және 3,25 трлн теңге – бұл нысаналы трансферт.

Кесте. ҰҚ-тағы трансферттердің және орташа жылдық айырбастау бағамының динамикасы

Дереккөз: ҚМ және ҰБ деректері, BCC Invest талдауы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің (бұдан әрі – ҚМ) деректері бойынша 2025 жылғы 1 наурыздағы жай-күйі бойынша трансферттер сомасы 1,0 трлн теңгені құрады, мұндағы 800 млрд теңге – кепілдендірілген трансферт, ал 200 млрд теңге – нысаналы трансферт. Басқаша айтқанда, тартылған трансферттердің жоспарланған көлемінің 19,0% іске асырылды, мұнда кепілдендірілген трансферт бойынша 40%, ал нысаналы трансферт бойынша 6,2% іске асырылды.

Ұлттық Банктің валюта нарығы жөніндегі ақпараттық хабарламасына сәйкес 2025 жылғы сәуірде ҰФ-дан 950 АҚШ долларынан бастап 1 050 млн АҚШ долларына дейінгі сомаға шетел валютасын сату жоспарланып отыр.

Тарихи трендке сәйкес мамыр айында айырбастау бағамының біршама нығаюы күтіледі, бұл маусымдық компонентке байланысты. Осылайша жылдың басында (ақпан-наурыз) ұлттық валютаның нығаюы байқалады, бұл салық төлемдерімен байланысты. Жалпы алғанда ұлттық валютаның маусымдық нығаюы мамыр айына дейін байқалып, содан кейін әлсірейді.

Кесте. 2019 жылдың басынан бастап USD/KZT айырбастау бағамының динамикасы

Дереккөз: ҰБ деректері, BCC Invest талдауы

Егер айырбастау бағамы үрдісінің әр айдың басына қатысты салыстырмалы түрде өзгеруін қарастыратын болсақ, онда орташа есеппен талданған 6 жыл үшін мамыр айында айырбастау бағамы 1,1%-ға нығаяды.

Кесте. Әр жылдың мамыр айында бағамның орташа нығаюы

Жыл
Мамыр айының басындағы бағам
Мамыр айының аяғындағы бағам
Мамыр айындағы орташа абсолютті ауытқу
Мамыр айындағы орташа салыстырмалы ауытқу
12019381,08381,37-0,1-0,3%
22020424,57411,54-0,4-1,4%
32021428,75427,90-0,1-0,2%
42022446,38427,39-1,0-3,3%
52023453,39447,08-0,5-1,5%
62024442,05444,79-0,01-0,04%
Орташа-0,3-1,1%

Дереккөз: ҰБ деректері, BCC Invest талдауы

Осылайша, валюта бағамының ұсынылған болжамында 2025 жылдың мамыр айында ұлттық валютаның нығаюы, содан кейін жыл соңына дейін әлсіреуі ескерілген. Ұлттық валютаның одан әрі әлсіреуінің себептерінің бірі – экономикалық агенттердің шетел валютасына деген сұранысының артуы, сондай-ақ сыртқы агенттер алдындағы қарыздарды өтеу міндеттемесінің болуы.

Маңызды ақпарат. Дисклеймер.

«BCC Invest» АҚ клиенттері үшін тәуекел туралы ақпарат

Маңызды ақпарат:

Бұл материал тек ақпараттық мақсаттар үшін таратылады. Осы материалды тарату инвестициялық кеңес беру жөніндегі қызмет болып табылмайды. Осы материалда көрсетілген ақпарат жеке инвестициялық ұсыным болып табылмайды. Осы материалды алушы шешім қабылдау үшін ұсынылған ақпаратқа ғана сүйенбеуі тиіс. Есептерді, тарихи деректерді және осы материалда қамтылуы мүмкін өзге де ақпаратты «BCC Invest» АҚ қызметкерлері жария дереккөздерден алынған ақпарат пен деректер негізінде дайындады. «BCC Invest» АҚ мұндай ақпараттың толықтығын, дәлдігін және дұрыстығын тексермейді және тексеруге міндетті емес. «BCC Invest» АҚ ұсынатын кез келген ақпаратты клиент тек өз қалауы бойынша және өз тәуекеліне ғана пайдаланады.

«BCC Invest» АҚ ұсынатын ақпарат қандай да бір бағалы қағазды сатып алу туралы ұсыныс және/немесе сату бойынша міндеттеме, мәміле жасасуға түрткі және инвестициялық, салық және заң мәселелері бойынша, оның ішінде жасалатын мәміленің ақпаратты алушының нақты мақсаттарына сәйкестігі туралы мәселе бойынша ақпарат алушыға арналған ұсыным болып табылмайды.

Олар туралы ақпаратты «BCC Invest» АҚ ұсынатын бағалы қағаздармен, оның ішінде шетелдік бағалы қағаздармен, валютамен, базистік активтердің түрлерімен туынды қаржы құралдарымен (бұдан әрі - «Қаржы құралдары») жасалатын операцияларды жүзеге асырғанға дейін аталған ақпаратты алушылар көрсетілген қаржы құралдарын сипаттайтын құжаттармен (эмиссия проспектiсi және т.б.) танысуы қажет және қаржы құралдарымен мәмiле жасасқанға дейiн өзiнiң қаржы, заң, салық, бухгалтерлік және өзге де консультанттарымен жан-жақты консультациялар өткiзуі тиіс. Қаржы құралдарымен мәміле жасау белгілі бір тәуекелдермен ұштасқан, олар үшін жауапкершілік «BCC Invest» АҚ-қа жүктелмейді, өйткені олар тараптардың ақылға қонымды бақылауынан тыс орналасқан және олардың осындай тәуекелдердің салдарын болжау және алдын алу мүмкіндіктері шектеулі немесе мүмкін емес. Ақпарат алушы қаржы құралдарымен мәміле жасау мүмкіндігін дербес бағалауы тиіс. Ақпарат алушы, егер оның экономикалық және заңдық мәні, құжаттамасы, талаптары және оған байланысты тәуекелдері түсініксіз болса немесе ақпарат алушының мақсаттарына, ниеттеріне және болжамына сәйкес келмесе, мәміле жасаспауы тиіс. Қаржы құралдарымен мәмілелер жасау елеулі қаржылық және өзге де тәуекелдерді тудыруы мүмкін. Ақпарат алушы қаржы құралдарымен мәмілелер жасау мүмкіндігін дербес бағалауы тиіс. Ақпарат алушы, егер оның экономикалық және заңдық мәні, құжаттамасы, талаптары және оған байланысты тәуекелдері түсініксіз болса немесе ақпарат алушының мақсаттарына, ниеттеріне және болжамына сәйкес келмесе, мәміле жасамауы тиіс. Қаржы құралдарымен мәмілелер жасасу елеулі қаржылық және өзге де тәуекелдерді тудыруы мүмкін. Осы себептен осы мәмілелер өзіне тиісті тәуекелдерді қабылдауға дайын және оларға байланысты ықтимал қаржылық шығындарды көтере алатын тұлғаларға арналған. Кез келген мәмілені жасағанға дейін ақпарат алушы тиісті мәмілені жасасуға байланысты туындайтын тәуекелдерді түсінетініне және оқиғалардың кез келген даму сценарийі кезінде өзіне қабылдаған міндеттемелерді орындау үшін қажетті қаржылық және өзге де ресурстарға ие екендігіне көз жеткізуі қажет. Қаржы нарығында операция жүргізу туралы шешім қабылдаған кезде қаржы құралдарына инвестиция жасау күтілетін кірісті алмау, инвестицияланған қаражаттың бір бөлігін немесе тіпті барлығын жоғалту, ықтимал шығыстар мен шығындар тәуекеліне әкеп соғуы мүмкін екенін ескерген жөн. Болжамды оң кірістілік туралы ақпарат тек болжам ретінде ғана бағалануы мүмкін. Инвестициялық қызметтiң бұрынғы нәтижелерi болашақтағы нәтижелердi айқындамайды, ал активтердiң құны  қалай ұлғайса, солай азаюы мүмкiн. Шетел валютасын айырбастау бағамының өзгеруі инвестиция құнының азаюына немесе ұлғаюына әкеп соғуы мүмкін. «BCC Invest» АҚ ақпаратты пайдалану негізінде ақпарат алушы алуы мүмкін қаржылық нәтижелерге қатысты кепілдіктер немесе мәлімдемелер бермейді және қандай да бір жауапкершілікті қабылдамайды.

«Мүдделер қақтығысы»

«BCC Invest» АҚ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес үшінші тұлғаларға брокерлік қызмет көрсету және номиналды ұстау қызметтерін көрсету туралы шарттардың үлгі нысандарында сипатталған ұқсас қызметтер көрсететінін, сондай-ақ өзге шарттар бойынша үшінші тұлғалардың тапсырмаларын қабылдайтынын және үшінші тұлғалардың мүддесінде және өзінің мүддесінде бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелерді және өзге де операцияларды жүргізетінін және кәсіби қызмет түрлерін біріктіру тәртібімен үшінші тұлғаларға өзге қызмет көрсететінін, оның ішінде ақпараттық қызметтер, қаржылық кеңес беру, андеррайтинг қызметтерін, облигация ұстаушылар өкілінің қызметтерін, активтерді сенімгерлікпен басқару және маркет-мейкер қызметтерін ұсынатынын хабарлаймыз.

Жоғарыда көрсетілген қызметті көрсету барысында «BCC Invest» АҚ осындай қызметтер үшін сыйақы алады, бұл «BCC Invest» АҚ пен клиент арасында мүдделер қақтығысының туындауына әкелуі мүмкін.

Егер мұндай мәмілені орындау мүдделер қақтығысының туындауына әкелетін болса, «BCC Invest» АҚ клиентке қаржы құралдарымен мәміле жасауды ұсынбайды.


Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға 10.07.2018 жылғы № 3.2.235/12 мемлекеттік лицензия.

Мобильное приложение для iOS и android
Управляйте деньгами онлайн в своём смартфоне
Поиск по сайту
Біз cookies файлдарын қолданамыз
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Артқа
Cookie файлдарын баптау
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Міндетті cookies файлдары
Әрқашан белсенді
Бұл Cookies файлдары сіз туралы маркетингтік мақсатта пайдаланылуы мүмкін ақпаратты жинамайды және Интернетте қашан болғаныңызды есте сақтамайды. Браузердің параметрлерін өзгертіп, осы Cookies файлдарын ажыратуға болады, бірақ бұл біздің сайтпен әрекеттескенде, веб-сайтыңыздың жұмысына әсер етуі мүмкін.
Қосымша cookies файлдары
Cookie файлдары пайдаланушы тәжірибесін жақсартуға және сізге берілген кез келген ақпараттың сіздің мүддеңіз бен қалауыңызға сәйкес келетініне кепілдік беруге көмектеседі. Cookies файлдары ақпаратты ешкім тікелей сәйкестендірілмейтіндей етіп жинайды