Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Режим доступности
Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Карталар
Карталар
Кредиттік карта
Дебеттік карталар
Балаларға арналған карта
Зейнетақы картасы
Войти в BCC.KZ
Войти в BCC Business
Кредиттік карта
#картакарта
Дебеттік карталар
#bccpay #GoldCard
Балаларға арналған карта
#bccjunior
Зейнетақы картасы
#Үлкенгеқұрмет
Алаяқтардан сақ болыңыз!

Өзіңізді және қаржыңызды қалай қорғауға болатыны туралы біліңіз

Сізден осыны сұраған адам — АЛАЯҚ

Сіздің конфиденциалды деректеріңізді (карта, CVC/CVV коды және SMS-пен келген код)
Ақшалай кредит ресімдеуді
Банкоматтан кредит алып, өзіңіздің/басқа біреудің картасына немесе электрондық әмиянға ақша салуды
Ақшаны «сақтандыру» керек деген сылтаумен «сақтандыру ұяшығына» ақша аударуды
Телефоныңызға Team Viewer және Any Desk сияқты немесе басқа қашықтан басқару бағдарламаларын орнатуды
Банкте алаяқтар жұмыс істегендіктен, банкке қоңырау шалмауды
Күте тұруды сұрап, қауіпсіздік қызметкерлеріне қосамыз деп алдайды
3-тұлға қарыз ресімдеуге тырысты және сіздің құжаттарыңызды ұсынды деп мәлімдейді

Сізден осыны сұраған адам — Банк қызметкері

  • Конфиденциалды деректерді айтуға мәжбүрлемейді

  • Клиентпен сөйлескенін растау үшін клиенттің аты-жөнін/код сөзін сұрайды

  • Операцияны өзіңіз жүргізіп жатырсыз ба, жоқ па, соны анықтайды. Жауап: иә немесе жоқ
  • Тіркеу және растау үшін барлық хабарлама «BCC.KZ» атынан SMS арқылы келеді

  • Өнімдер мен сервистердегі өзгеріс туралы біз BCC.KZ ресми парақшаларында және әлеуметтік желіде хабарлаймыз
Егер сізге АЛАЯҚТАР қоңырау шалып:
  • Сіздің атыңызға кредит ресімделіп жатқанын
  • Сіздің шотыңызды бұзып, шотыңыздан ақша ұрланып жатқанын
  • 3-тұлғаның сіздің атыңызға кредит ресімдеуге тырысып, құжаттарыңызды (нотариатты куәландырылған) ұсынғанын мәлімдесе, не істеу керек?

Ешбір жағдайда ақша аудармаңыз!
  • Ешқандай деректерді айтпай, тұтқаны қойыңыз
  • Үрейге бой алдырмаңыз
  • Осы жағдайды нақтылап, түсіндіру үшін Банкке қайта қоңырау шалыңыз (байланыс деректері төменде)

Клиенттердің цифрлық ортадағы қауіпсіздігі

Видеоны қарап шығыңыз

FAQ: Клиенттердің кредит алаяқтығы туралы өтініштері

«Банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңына (34-бап, 15-тармақ, 02.09.2025 бастап күшіне енеді) сәйкес Банк:

клиент банктік қарызды алаяқтық тәсілмен ресімдеуге байланысты қылмыстық құқық бұзушылық бойынша жәбірленуші деп танылған жағдайда,

1) қарыз бойынша сыйақыны және (немесе) тұрақсыздық айыбын есептеуді тоқтата тұруға;

2) берешекті өндіріп алуды және талап-арыз жұмысын тоқтата тұруға міндетті.

Өтінішті дұрыс өңдеу үшін клиент келесі құжаттарды қоса беруі тиіс:

1) Уәкілетті органның тұлғаны қылмыстық іс бойынша  жәбірленуші деп тану туралы қаулысы;

2) Қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнінде шараларды қабылдау туралы ұсыным;

3) Алаяқтық туралы істі қарауға байланысты сот шешімі.

1) Тек ауызша өтінішпен немесе растайтын құжаттарды қоспай қарапайым жазбаша шағыммен жүгінеді.

2) Іске қатысы жоқ құжаттарды қоса береді (мысалы, процессуалдық шешімсіз полицияға жүгінгені туралы анықтама).

3) Қарыз берген кездегі алаяқтықты басқа негіздермен шатастырады (мысалы, қаржылық қиындықтар, жұмыстан айырылу).

4) Полицияға өтініш беру фактісінің өзі Банкті сыйақы есептеуді және берешекті өндіріп алуды автоматты түрде тоқтата тұруға міндеттейді деп есептейді.

5) Қарыз сомасы мен нақты банктің атауы көрсетілмеген құжаттарды ұсынады, бұл алаяқтықты дәл біздің Банкімізде сәйкестендіруді қиындатады.

1) Банктің атына өтініш дайындап, өтініштің мәнін нақты көрсету.

2) Міндетті растаушы құжаттарды (қаулы, ұсыным немесе сот шешімі) қоса беру.

3) Құжаттарда қарыз сомасы және кредит ресімделген банк дұрыс көрсетілгеніне көз жеткізу.

4) Құжаттарды уәкілетті орган ресімдегенін және барлық деректемесі (күні, нөмірі, қолы, мөрі) бар екеніне көз жеткізу.

5) Өтінішті Банктің ресми арнасы арқылы беру (бөлімше, интернет-банкинг, байланыс орталығы — қолдануға болатын тәсілдерге байланысты).

Иә, егер:

1) құжаттар қоса берілмесе;

2) ұсынылған құжаттар клиенттің қылмыстық іс бойынша жәбірленуші ретінде танылғанын растамаса;

3) құжаттар қарызды және оның қай банкте ресімделгенін сәйкестендіруге мүмкіндік бермесе;

4) өтініш заң талаптарына сәйкес келмесе.

Мұндай жағдайда клиентке түсіндірмесі бар негізделген бас тарту жолданады.

Банк тиісті құжаттарды алған сәттен бастап 3 күнтізбелік күннен кешіктірмей сыйақы есептеуді және берешекті өндіріп алуды  тоқтата тұруға міндетті.

Толығырақ ақпаратты сайттан алуға болады

Күдікті қоңырау немесе хабарлама түскен жағдайда, мына телефондар бойынша Банкке қайта қоңырау шалыңыз:

Жеке тұлғалар үшін

505 (ұялы телефоннан тегін) нөмірі бойынша

Заңды тұлғалар үшін

605 (ұялы телефоннан тегін) нөмірі бойынша

Поиск по сайту
Біз cookies файлдарын қолданамыз
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Артқа
Cookie файлдарын баптау
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Міндетті cookies файлдары
Әрқашан белсенді
Бұл Cookies файлдары сіз туралы маркетингтік мақсатта пайдаланылуы мүмкін ақпаратты жинамайды және Интернетте қашан болғаныңызды есте сақтамайды. Браузердің параметрлерін өзгертіп, осы Cookies файлдарын ажыратуға болады, бірақ бұл біздің сайтпен әрекеттескенде, веб-сайтыңыздың жұмысына әсер етуі мүмкін.
Қосымша cookies файлдары
Cookie файлдары пайдаланушы тәжірибесін жақсартуға және сізге берілген кез келген ақпараттың сіздің мүддеңіз бен қалауыңызға сәйкес келетініне кепілдік беруге көмектеседі. Cookies файлдары ақпаратты ешкім тікелей сәйкестендірілмейтіндей етіп жинайды