Үлкен мақсаттарға арналған қомақты ақша сомасы
Салоннан жаңа автокөлік сатып алу мүмкіндігі
Қолжетімді талаптарда автокөліктің кең таңдауы
Банк ЦентрКредитте Қазақстанда несие алуға болады – Алматы, Астана (Нұр-Сұлтан), Павлодар, Ақтөбе, Өскемен, Ақтау, Шымкент, Қарағанды, Тараз және басқа да қалаларда. Біз бірнеше несие бағдарламаларын тиімді мөлшерлемелермен ұсынамыз және клиенттерге кеңес беру қызметін көрсетеміз.
Біз онлайн кредит беру, автокредит беру және қайта қаржыландыру бағдарламаларын әзірледік. Қолма-қол ақшалай берілетін, ақша қаражаты немесе жылжымайтын мүлік кепілімен берілетін кредиттер ұсынылады.
Біздің банкте келесі несиелерге өтініш бере аласыз:
Бұл – тұтынушылық бағдарлама, оның аясында кепілсіз, табыс туралы анықтамасыз және несие мақсатын көрсетпей-ақ, банктік несие алуға болады. Сізге тек төлқұжат қажет – өтінім 15 минут ішінде қаралады.
Онлайн өтінім арқылы кепілсіз несие алуға зейнеткерлер де өтініш бере алады (жасы – 68-ге дейін).
Бұл – тұрғын үйді сатып алу немесе оны салу үшін жеке тұлғаларды несиелендіру. Сонымен қатар, біз басқа банктерден алынған ипотекалық несиелерді қайта қаржыландырудың тиімді шарттарын ұсынамыз.
Біздің банкте бұл ақшалай несиені несие мақсатын көрсетпей-ақ алуға болады. Несие төлем қабілеттілігін талдаусыз, жылжымайтын мүлік, депозит немесе ақшалай кепілдеме ретінде беріледі. Мерзімі – 3 айдан 120 айға дейін.
Сіз автокөлік сатып алуға несие алуға өтініш бере аласыз. Банк ЦентрКредит жетекші автодилерлердің серіктесі болып табылады және автосалоннан жаңа немесе қолданыстағы көлікті сатып алу үшін тиімді шарттар ұсынады. Мерзімі – 7 жылға дейін. Несие сомасы көлік құнының 90%-ына дейін жабылады. Сондай-ақ, біз жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламаларын жүзеге асырамыз.
ЦентрКредит Банкінде кредит алудың 5 себебі
Кеңес алу үшін сайттағы өтінімді толтырыңыз немесе 505 қысқа нөмірі бойынша Банк мамандарына хабарласыңыз. Сондай-ақ бізге чат, Telegram не WhatsApp арқылы хабарлама жібере аласыз.
ЦентрКредит Банкінің кейбір кредиттерін қоңырау шалмай-ақ, банк офисіне бармай-ақ онлайн ресімдеуге болады. bcc.kz мобильді қолданбасында өтінімді толтырып, мақұлдауды күтіңіз де қаражатты шотыңызға алыңыз. Өтінімді қарауға небәрі 1 минут қажет.
Онлайн-кредиттер ең ұзақ дегенде 1 минутта мақұлданады, ал қарызды ресімдеуге небәрі 7 минут кетеді. Банк басқа кредиттер (қолма-қол ақшалай, жылжымайтын мүлік кепілімен немесе ақша қаражаты кепілімен берілетін кредит, автокредит беру, қайта қаржыландыру) бойынша да өтінімді жедел қарастырады.
Кредит жеке тұлғаны куәландыратын құжат бойынша ресімделеді. Бірақ бағдарлама түріне қарай, мысалы, жылжымайтын мүлік кепілімен берілетін кредит үшін басқа да құжаттар талап етілуі мүмкін,. Егер сіз ЦентрКредит Банкінің клиенті болсаңыз, онда онлайн кредит алу үшін құжат қажет емес.
ЦентрКредит Банкінде табыс туралы анықтамасыз кредит ресімдеуге болады, бұл қарыз алу процесін жеңілдетеді. Сізге кепілгер іздеудің немесе кепіл туралы қам жеудің қажеті жоқ, дегенмен жылжымайтын мүлік кепілімен, ақша қаражаты кепілімен берілетін кредиттер, автокредит беру және басқа ерекше жағдайлар болады.
Онлайн кредит берілген кезде өтінімнің мәртебесін bcc.kz мобильді қолданбасынан қарауға болады. Кредитті мақұлдау немесе мақұлдамау туралы шешімді банк офисіне барған кезде сіздің құжаттарыңызды ресімдеумен айналысатын маман хабарлайды.
Кредит bcc.kz қолданбасы арқылы ресімделген жағдайда, банк офисіне барудың қажеті жоқ: өтінім беруден бастап қаражат есептеуге дейінгі барлық процес онлайн жүреді. Егер сіз кредит берудің басқа бағдарламасын таңдаған болсаңыз, онда сізге құжаттарды толтырып, шартқа қол қою үшін бөлімшеге бару қажет болады.
Мұндай мүмкіндік қарастырылмаған. Қажет болған жағдайда, қаражатты ЦентрКредит Банкінің картасынан басқа банктің картасына аудара аласыз. Бұл үшін алушының картасының нөмірін білу ғана жеткілікті – барлық процедура бір минуттан аспайды.
Кредит бойынша келесі кез келген тәсіл арқылы– bcc.kz мобильді қолданбасы арқылы, банк бөлімшелерінде, сондай-ақ ЦентрКредит Банкінің терминалдары мен банкоматтары, Kassa24 жүйесінің терминалдары арқылы төлем жасауға болады.