Қазақстандағы бизнеске арналған бөліп төлеу функциясы бар алғашқы кредиттік карта
200 000 теңге
250 000 000 теңге
Картаны шығару | Тегін |
Қайта шығару | 1 000 теңге |
Ай сайын қызмет көрсету | Тегін |
Бөліп төлеу мерзімі | 3 немесе 6 ай |
Мөлшерлемесі | 23,5% (СЖТМ 26,21%) |
Барынша көп кредиттік лимит | 5 000 000 теңге |
ҚР және шетелдік банкоматта қолма-қол ақша алу | Көзделмеген |
Жеке тұлғаның картасына ақша аудару | Көзделмеген |
POS/интернет арқылы сатып алу | 0 теңге |
Банкомат арқылы картаны/шотты толықтыру | 0 теңге |
Сақтандыру | Талап етілмейді |
Карта түрі | Mastercard Business World Credit |
КЛШ онлайн немесе банктің бөлімшесінде ашыңыз. Содан кейін картаны bcc business мобильді қолданбасында шығарыңыз
Картаны bcc business мобильді қолданбасында шығарыңыз
Бөліп төлеу функционалы бар #businesscredit кредит картасы – шот бойынша кредиттік лимиттің мақұлданған сомасы аясында 6 айға дейінгі мерзімге қаржыландыруға мүмкіндік беретін карта. #businesscredit цифрлық кредит картасы бөліп төлеу функционалымен ғана пайдаланылады.
Жеке кәсіпкер (егер карта ЖК үшін қажет болса) немесе компания басшысы, егер карта заңды тұлға үшін қажет болса.
Жеке кәсіпкердің немесе компания басшысының төлқұжаты.
Шот бойынша кредиттік лимиті бар клиенттер виртуалды картаны bcc business мобильді қолданбасында ресімдей алады.
Жаңа клиенттер алдымен банктің кез келген бөлімшесінде шот бойынша кредиттік лимит ашуы қажет, лимит мақұлданғаннан кейін, #businesscredit виртуалды картасы шығарылады.
Банк оң шешім қабылдаған жағдайда, виртуалды карта шартқа қол қойылған күні шығарылады, банк карта бойынша кредиттік лимитті белгілегеннен кейін, картаның деректемелері жеке кабинетте қолжетімді болады.
Картаны Apple Pay / Samsung Pay / Google Pay жүйелеріне bcc.kz мобильді қолданбасында бірінші басшының жеке кабинеті арқылы тіркеуге болады.
Бөліп төлеу арқылы транзакция жүргізудің қауіпсіздігі мақсатында bcc.kz мобильді қолданбасында бірінші басшының жеке кабинеті арқылы динамикалық түрде өзгеретін CVV белгілеуге болады.
Сіз:
· касса арқылы шоттан қолма-қол ақша ала алмайсыз,
· банк алдындағы кез келген берешекті өтей алмайсыз,
· қарыз бен кредит бере алмайсыз және өтей алмайсыз,
· эмиссиялық бағалы қағаз сатып ала алмайсыз,
· вексель, инвестициялық пай қорының пайын сатып ала алмайсыз және (немесе) өтей алмайсыз,
· ақша қаражатын даусыз есептен шығаруға инкассолық және өзге де құжатты төлей алмайсыз,
· дивиденд төлей алмайсыз,
· жарғылық капиталға ақша сала алмайсыз,
· картаға ақша аудара алмайсыз, депозиттке ақша орналастыра алмайсыз, жеке тұлғаның есеп айырысу шотына ақша аудара алмайсыз,
· бюджеке салық/алым/бойынша мерзімі өткен берешекті өтей алмайсыз
· байқауға / тендерге / аукционға қатысу ақысын төлей алмайсыз.
Сіз өзіңіз үшін ең қолайлы бөліп төлеу мерзімін таңдай аласыз: 3 ай немесе 6 ай.
Белгілегеннен кейін, бөліп төлеу мерзімі барлық келесі бөліп төлеу операциясы үшін әдепкі ретінде пайдаланылады. Сіз картаны пайдаланатын кез келген уақытта қалаған бөліп төлеу мерзімін белгілей аласыз.
Карта бойынша кредиттік лимиттің ең жоғары сомасы 5 000 000 теңгені құрайды.
Карта бойынша картаға бөлінетін кредиттік лимит сомасын ай сайын қайта есептеу көзделген. Есептеу автоматты түрде айына 1 рет жүргізіледі.
Картадағы кредиттік лимит сомасы шот бойынша транзакциялық белсенділікке және сіздің негізгі қызметіңіз бойынша айналым көлеміне байланысты.
Транш мерзіміне қарамастан, айына 2%.
Қосымша комиссия жоқ.
Банк алдындағы берешек қалдығына төлем мерзімі кешіктірілген әрбір күн үшін 0,2% мөлшерінде өсімпұл / тұрақсыздық айыбы есептеледі.
Иә, ҚР және шетелдік банкоматта қолма-қол ақша алуға, P2P арқылы ақша аударуға тыйым салынады.