Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Режим доступности
Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Мәзір
Войти в BCC.KZ
Войти в BCC Business
Бухгалтерия
25 қараша 2024
Жаңартылды: 14 сәуір 2025

2025 жылы Қазақстандағы (ҚР) ҚҚС: бұл не, салықты кім төлейді және оны қалай есептеу керек

ҚР-дағы тауар өткізетін және қызмет көрсететін компаниялардың көпшілігі әдеттегі салықтан басқа, қосылған құн салығын (ҚҚС) да төлеуі керек. Ол тауар сатып алынған баға мен оны сатқан баға арасындағы айырма түріндегі сомада есептеледі. Өндірушінің немесе сатушының шығысын өтеу үшін тауар/қызмет құнына салық кіреді. 2025 жылы ҚР-да ҚҚС-ны төлеген кезде алынған ақша мемлекеттік бюджетке жіберіліп, маңызды қажеттіліктерге жұмсалады.

Кім ҚҚС-ны төлейді 

Бюджетке салық төлеу қажеттілігі бизнестің айналымынан туындайды. Мәселен, егер айналым бір жылда 20 мың АЕК-тен (бұл – 2025 жылы 78 640 000 теңге) асса, Қазақстанда:

  1. ЖК-нің, серіктестіктердің;
  2. егер елде бөлімшелері немесе филиалдары болса, бейрезидент-компаниялардың;
  3. жеке мамандардың, мысалы, бағалаушылардың немесе адвокаттардың ҚҚС-ны төлеу бойынша салықтық міндеттемелері туындайды.

Айтпақшы, 2025 жылы ҚР-да 20 мың АЕК ҚҚС бойынша шекті мән (шек) деп аталады. Бұл – ең төменгі айналым: егер одан асырса, міндетті түрде ҚҚС бойынша есепке тұру қажет.
Айналымның шегін арттыруға болады. 2025 жылы мұндай мүмкіндікке тек оңайлатылған режим бойынша жұмыс істейтін және мына талаптарға сәйкес келетін ЖК-лер ие:

1. Төлемді тек қолма-қол ақшасыз тәсілмен қабылдау;
2. ҮИЖ қолдану: онлайн-кассаны, POS-терминалды, тауардың есебін жүргізу сервисін пайдалану.

Егер барлық өлшемшарт сақталса, шекті мәнді 124 184 АЕК-ке дейін арттыруға болады, бұл 488 291 488 теңгеге тең.

Бизнеске арналған шотты онлайн ашу 

Бірнеше батырма арқылы қолжетімді мүмкіндіктерді пайдаланыңыз 

Салық төлеуден кім босатылады

Дәрі-дәрмек, акциз, сондай-ақ металл, соның ішінде металл сынығын сататын бизнеске ҚҚС-ны төлеудің қажеті жоқ. Сондай-ақ салықтан мыналар босатылады:

  1. Арнаулы режим (АСР) бойынша жұмыс істейтін фермерлер, шаруа қожалықтары. Алайда егер шаруа қожалығы өз қызметін жүзеге асыру үшін тауарды шетелден сатып алса (яғни импорт болса), оның салық төлеуіне тура келетінін есте ұстаған жөн.
  2. Машинаның, ауыл шаруашылығы техникасының бөлшектерін шығаратын компаниялар.
  3. Бөлшек салық төлейтін бизнес.
  4. Еркін экономикалық аймақтан тауар импорттауға маманданған бизнес. Алайда бұл жағдайда компаниялар белгілі бір талаптарға сай болуы тиіс.

Қазақстанда ҚҚС қанша пайызды құрайды 

ҚР-да ҚҚС-ны қалай есептеу керек? Ағымдағы мөлшерлеме ескеріліп есептеледі. Бүгінгі таңда олар екеу: 

1. 0 %. ҚҚС-ның нөлдік мөлшерлемесі тауар экспортына қатысты қолданылады. Сондай-ақ 0 % салықты халықаралық тасымалдау саласында қызмет көрсететін компаниялар төлейді. 

2. 12 %. Бұл салық мөлшерлемесі Қазақстанда өткізілетін барлық тауар мен көрсетілетін қызметке қатысты қолданылады. 12 %-ды импортпен айналысатын компаниялар да төлейді. Сонымен қатар бұл жағдайда ҚҚС айналым сомасына байланысты емес.

Қашан есепке тұру керек 

Егер бизнесіңіздің айналымы шекті мәннен асса, салық органына өтініш беруге 10 күніңіз бар. Бұл ҚҚС бойынша есепке тұруға мүмкіндік береді. Егер бұлай істемесеңіз, айыппұл санкциялары қолданылады. Айыппұл 50 АЕК-ті (196 600 теңгені) құрайды. Одан басқа кәсіпорынның кешіктірген кезеңге айналымның 15 %-ын төлеуіне тура келеді. Ал бұл – бизнестің жұмысына теріс әсер ететін айтарлықтай шығыс.

Салық төлеуден үнемдегісі келетін жосықсыз бизнесмендер өз айналымын жасыруға тырысады. Бірақ мұндай әрекет нәтиже бермейді, өйткені салық қызметі айналымы шекті мәнге барынша жақындаған компанияларды қадағалайды.

Егер кәсіпкер есепке тұрмаса, не істеу керек? Мұндай жағдайда ол салық қызметінен хабарлама алады. Құжатты алғаннан кейін бизнесмен 30 күн ішінде есепке тұруы керек. Олай болмаған жағдайда, банктік шот бұғатталады.

2024 жылдан бастап Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялау жүргізіледі: бұл не және кімге қатысты?
ҚР-да ЖШС-ны қайта тіркеу

Қалай есепке тұру керек 

Бұл процедура барынша оңай. Одан офлайн және онлайн өтуге болады:

  1. Офлайн. Кәсіпкер аумақтық мемлекеттік кіріс органында (МКО) өтініш толтырады.
  2. Онлайн. Egov.kz электрондық үкімет сайтында электрондық өтінімді ресімдеу қажет.

Нәтижесінде бизнесмен ҚҚС бойынша есепке тұру туралы куәлік алады.

ҚҚС-ны төлеу мерзімі 

Тоқсан сайын 300.00 нысанындағы декларация тапсырылады. Оны салық мекемесіне есепті айдан кейінгі айдың 15-іне дейін ұсыну керек. Ал есепті айдан кейінгі айдың 25-іне дейін салық бойынша есеп айырысу қажет.

Салық төлеу тәсілдері 

Онлайн есеп айырысу бәрінен де ыңғайлы, бұл тез әрі қауіпсіз, барынша аз уақыт кетеді. Сонымен қатар әрбір төлеуші өзіне қолайлы тәсілді таңдай алады: 

1. Электрондық үкімет порталы. 

2. Салық төлеушінің кабинеті. 

3. Бизнеске қызмет көрсетілетін банктің қолданбасы немесе интернет-банкі. 

4. e-Salyq Azamat электрондық салық әмиянының қолданбасы.

Салық сомасын азайтуға бола ма 

Салық төлеушілердің кейбір санаттары үшін айтарлықтай жеңілдік қарастырылған: жеңілдік 70 %-ға дейін. Бұл мүмкіндік азық-түлік өндіретін, жеміс пен көкөніс, жануар жүні мен терісін және т.б. қайта өңдейтін компаниялар үшін маңызды.
Алайда жеңілдік алу үшін бизнес екі параметрге сәйкес келуі тиіс:

1. Компания елдің резиденті болуы керек.
2. Жеңілдікті салық салынуға тиіс өнім түрлері бойынша бөлек есепке алу жүргізілуге тиіс.

ЖК-ны 0 теңгеге онлайн тіркеу

Бизнесті жеңіл бастаңыз

Қазақстан Үкіметі отандық бизнесті ынталандыруға тырысып, компанияларға салықтық жүктемені азайту үшін белсенді түрде жұмыс істейді. Мұны посткеңестік кеңістіктегі ең төменгі ҚҚС мөлшерлемесі растайды. Мысалы, РФ-да ҚҚС – 20 %-ға дейін, Беларусь пен Арменияда да 20 %-ды құрайды, Әзірбайжанда – 18 %, Тәжікстанда – 14 %. Айтпақшы, көрсеткішті әлемдік ауқымда да төмен деп санауға болады. Мысалы, Францияда ҚҚС 20 %-ға, Италияда 22 %-ға, Испанияда 21 %-ға тең.

Держите руку на пульсе с bcc journal
Подпишитесь на нашу рассылку и не пропустите новые статьи и актуальные обзоры.
Сізге ұнауы мүмкін
Валюталар шолу
BCC Invest валюта бағамына арналған 2025 жылғы 25 сәуірге аналитикасы

Мұнай бағасының төмендеуіне қарамастан, теңге бірқалыпты нығаюын жалғастыруда. С

Валюталар шолу
2025 жылғы 25 сәуірге арналған валюта бағамдары

Қазақстан Ұлттық банкі 2025 жылғы 25 сәуірге арналған АҚШ долларына қатысты теңг

Валюталар шолу
BCC Invest валюта бағамына арналған 2025 жылғы 24 сәуірге аналитикасы

Теңге екінші күн қатарынан нығаюын жалғастыруда. Сауда-саттық қорытындысы бойынш

Поиск по сайту
Біз cookies файлдарын қолданамыз
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Артқа
Cookie файлдарын баптау
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Міндетті cookies файлдары
Әрқашан белсенді
Бұл Cookies файлдары сіз туралы маркетингтік мақсатта пайдаланылуы мүмкін ақпаратты жинамайды және Интернетте қашан болғаныңызды есте сақтамайды. Браузердің параметрлерін өзгертіп, осы Cookies файлдарын ажыратуға болады, бірақ бұл біздің сайтпен әрекеттескенде, веб-сайтыңыздың жұмысына әсер етуі мүмкін.
Қосымша cookies файлдары
Cookie файлдары пайдаланушы тәжірибесін жақсартуға және сізге берілген кез келген ақпараттың сіздің мүддеңіз бен қалауыңызға сәйкес келетініне кепілдік беруге көмектеседі. Cookies файлдары ақпаратты ешкім тікелей сәйкестендірілмейтіндей етіп жинайды