Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Режим доступности
Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Мәзір
Войти в BCC.KZ
Войти в BCC Business
bcc journal
20 қаңтар 2025
Жаңартылды: 21 наурыз 2025

Жұмыстан босатылған кезде, пайдаланылмаған демалыс үшін төленетін өтемақы: қашан төленеді және оны қалай есептеу керек

Жұмыскер жыл сайын ақы төленетін еңбек демалысына шығуға құқылы. Демалыс жұмыскердің күш жинауына, кәсіби күйзеліске түсуіне жол бермеу үшін қажет. Егер маман жұмысын жалғастырғысы келсе, ешқандай проблема туындамайды.

Ал егер қызметкер жұмыстан кеткісі келсе, бірақ өзінің демалыс күндерін әлі пайдаланбаған болса, не болады? Мұндай жағдайда өтемақы төленеді. Ол қандай шарттармен төленеді? Жұмыстан босатылған кезде, пайдаланылмаған демалыс үшін төленетін өтемақыны қалай есептеуге болады?

Бизнеске арналған шотты онлайн ашу 

Бірнеше батырма арқылы қолжетімді мүмкіндіктерді пайдаланыңыз 

Жұмыстан босатылған кезде, демалысты қалай есептеу керек: маңызды мәлімет

Егер қызметкер жұмыс орнын ауыстыруға бел буса, жұмыс берушінің екі нұсқасы бар:

  1. 1. Маман демалысқа шығады - оны содан кейін ғана жұмыстан шығаруға болады. Бұл нұсқа маманның еңбек шарты аяқталып, күндер бойынша демалыс оған «сәйкес келмеген» жағдайда қаралады.
  2. 2. Қызметкер демалысқа шықпайды, бірақ жұмыс беруші оны төлем жасау арқылы өтейді.

Бұл екі нұсқа да жұмыстан босатылған кезде ғана өзекті. Мысалы, маман кейін өтемақы алу үшін әдейі демалысқа шықпаса, бұл енді мүмкін болмайды. ҚР Заңы қатарынан 2 жылдан астам еңбек демалысын бермеуге тыйым салады.

Жұмыстан босатылған кезде, еңбек демалысы қалай есептеледі

Есеп айырысу қызметкердің орташа жалақысына сүйене отырып жүргізіледі. Алдымен бір күнгі орташа жалақы анықталады. Ол үшін 12 айдағы барлық аударым осы уақыт аралығындағы жұмыс күндері (немесе сағат) санына бөлінеді. Осы дерек негізінде орташа жалақы есептеледі: бір күнгі орташа жалақы жұмыс күндері санына көбейтіледі.

Жұмыстан босатылған кезде, өтемақыны есептеу үшін онлайн жұмыс істейтін калькуляторды пайдалану ыңғайлы. Жүйе жұмысқа қабылданған және жұмыстан босатылған күнді, маманға тағайындалған демалыстың ұзақтығын ескереді, еңбек өтілінен шығарылатын уақыт аралықтарын таңдауға мүмкіндік береді.

Жұмыстан босатылған кездегі демалыс күндерінің калькуляторы кадрлар жөніндегі маман мен бухгалтердің міндеттерін едәуір жеңілдетеді, қателесу ықтималдығын азайтады, жұмыс процесін жеделдетеді.

Пайдаланылмаған демалысқа жұмыстан босатылғаннан кейінгі бірінші жұмыс күнінен басталатын күндер ғана қосылатынын ескерген жөн. Осы уақытқа түсетін жұмыс күндері ғана есепке алынады.

Ақысыз демалыс және жұмыстан босатылған жағдайда төленетін өтемақы: бұл ескеріле ме?

Бір жыл ішінде маман демалысқа шықты, ал оған төлем жасалмады («өз есебінен») делік. Содан кейін ол жұмыс орнын ауыстыруға шешім қабылдады. Өтемақыны есептеген кезде, осы пайдаланылған күндер қосыла ма?

Заң бойынша еңбек өтіліне мынадай кезеңдер есептеледі:

  1. Маман жұмыс істейді.
  2. Қызметкер жұмыс істемейді, бірақ оның жұмыс орны да, жалақысы да сақталады.
  3. Қызметкер науқастануына байланысты демалыста (оның ішінде декреттік демалыста).
  4. Маман жұмысқа қайта қабылданады (мысалы, заңсыз жұмыстан босатылғаннан кейін).

«Өз есебiнен» күндері аталған талаптардың ешқайсысына сай келмейді (қызметкердің орны сақталады, бiрақ ол ақы алмайды). Қазақстан заңнамасына сәйкес бұл кезең еңбек өтіліне енгізілмейді. Ол жұмыстан босатылған кезде пайдаланылмаған демалыс үшiн төленетін өтемақыны калькулятор арқылы анықтаған кезде ескерiлмейдi.

Қазақстандағы салықтар
Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамту

Алынған күн саны дөңгелектене ме?

Пайдаланылмаған демалыс күндерін есептеу нәтижесінде көбінесе бүтін емес (шамамен 20,6 күн) сан алынады. Бірақ демалыс күндері бүтін күнмен беріледі, сондықтан сандарды дөңгелектеу қажет. Ол үшін мынадай қағидалар басшылыққа алынады:

  1. Үтірден кейін – қоса алғанда 1-ден 4-ке дейінгі сан. Онда дөңгелектеу 0-ге дейін жүргізіледі (мысалы, 20,3 күн 20 күнге дейін дөңгелектенеді).
  2. Үтірден кейін – қоса алғанда 5-тен 9-ға дейінгі сан. Дөңгелектеу үлкен жаққа – 1 күнге дейін жүреді (мысалы, 20,6 күн – 21 күнге дейін).

Өтемақыдан салық төлене ме?

Заң бойынша, егер бұл еңбек қатынастарымен байланысты болса, жұмыс беруші қызметкерге беретін барлық қаражатқа салық есептеледі. Демек, алынған өтемақыға да салық салынады. Одан мөлшерлемесі 10% құрайтын ЖТС төленеді. Бірақ бұл өтемақы сомасынан алынатын жалғыз аударым емес. Сондай-ақ келесі төлемдер де төленеді:

  1. Әлеуметтік салық – 9,5% (егер бұл компанияның салық режимінде көзделсе).
  2. Міндетті зейнетақы жарнасы – 10 %.
  3. Әлеуметтік сақтандыру қорына жасалатын аударым – 3,5 %.
  4. Медициналық сақтандыру аударымы – 2 %.

Көріп отырғанымыздай, алынған өтемақы сомасына салық салынады: одан жалақыдан ұсталатын салық түрлері шегеріледі.

#IronCard – жоғары мәртебе

Жайлылық пен эксклюзивті бағалаушыларға арналған карта

Жұмыстан босатылған кезде, демалыс төлемі қашан төленеді

Егер адам жұмыс орнын ауыстырса, онда жұмыстан босатылған кезде пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақыны ол жұмыстан босатылған сәттен бастап 3 күн ішінде алуы тиіс.

Егер маман жұмыстан шығарылса, бірақ оның пайдаланылмаған еңбек демалысы күндері қалса, оған өтемақы төленуі тиіс. Жұмыстан босатылған кезде демалыс үшін төленетін төлемді қалай есептеуге болады? Бұл үшін ыңғайлы онлайн-сервис – калькулятор пайдаланылады. Бірақ төлемнен әдеттегідей салық алынатынын есте сақтау керек.

Держите руку на пульсе с bcc journal
Подпишитесь на нашу рассылку и не пропустите новые статьи и актуальные обзоры.
Сізге ұнауы мүмкін
Валюталар шолу
BCC Invest валюта бағамына арналған 2025 жылғы 25 сәуірге аналитикасы

Мұнай бағасының төмендеуіне қарамастан, теңге бірқалыпты нығаюын жалғастыруда. С

Валюталар шолу
2025 жылғы 25 сәуірге арналған валюта бағамдары

Қазақстан Ұлттық банкі 2025 жылғы 25 сәуірге арналған АҚШ долларына қатысты теңг

Валюталар шолу
BCC Invest валюта бағамына арналған 2025 жылғы 24 сәуірге аналитикасы

Теңге екінші күн қатарынан нығаюын жалғастыруда. Сауда-саттық қорытындысы бойынш

Поиск по сайту
Біз cookies файлдарын қолданамыз
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Артқа
Cookie файлдарын баптау
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Міндетті cookies файлдары
Әрқашан белсенді
Бұл Cookies файлдары сіз туралы маркетингтік мақсатта пайдаланылуы мүмкін ақпаратты жинамайды және Интернетте қашан болғаныңызды есте сақтамайды. Браузердің параметрлерін өзгертіп, осы Cookies файлдарын ажыратуға болады, бірақ бұл біздің сайтпен әрекеттескенде, веб-сайтыңыздың жұмысына әсер етуі мүмкін.
Қосымша cookies файлдары
Cookie файлдары пайдаланушы тәжірибесін жақсартуға және сізге берілген кез келген ақпараттың сіздің мүддеңіз бен қалауыңызға сәйкес келетініне кепілдік беруге көмектеседі. Cookies файлдары ақпаратты ешкім тікелей сәйкестендірілмейтіндей етіп жинайды