Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Режим доступности
Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Мәзір
Войти в BCC.KZ
Войти в BCC Business
Қаржылық сауаттылық
25 қараша 2024
Жаңартылды: 11 сәуір 2025

Қазақстанда зейнетақы жинағын қалай алуға болады

ҚР Әлеуметтік кодексінің 207-бабы 1-тармағына сәйкес, ерлер 63 жасқа, ал әйелдер 61 жасқа толғанда зейнетке шығады. Зейнеткерлердің көбі әрі қарай жұмыс істемейді: оларға зейнетақы төлемі төленуге тиіс. Бұрын төлемақыны зейнеткерлік жасқа жеткенде ғана алуға болатын. Бірақ 2023 жылы БЖЗҚ-дан – зейнетақы қорынан зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу қарастырылған заң қабылданды. Алайда мұның өзіндік ерекшеліктері бар. Біріншіден, МЗЖ – міндетті зейнетақы жарналары аударымдарының есебінен алынған қаражатты ғана алуға болады. Екіншіден, оны нақты мақсаттарға жұмсау жоспарланған жағдайда алуға болады.

Қазақстанда зейнетақы жинағын қалай алуға болады? БЖЗҚ зейнетақы қорынан қанша ақша және қандай мақсаттарға алуға болады?

Кредиттік #картакартамен қаржыны басқарыңыз

7 000 000 ₸ дейін лимит, ақшамен қайтарылатын кэшбэк, bcc smart арқылы бөліп төлеу, тегін шығару және қызмет көрсету

Қазақстанда зейнетақы аударымдары неден тұрады 

Заңнамаға сәйкес, яғни ресми түрде жұмысқа орналастырылған қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 2 бөліктен тұрады:

1. Мемлекеттік зейнетақы.

Оған төлемақының екі тобы кіреді. Бұл – негізгі төлемақы және жасына байланысты зейнетақы:

  1. Негізгі төлемақы. Ең төменгі күнкөріс деңгейіне (46 228 теңге) байланысты: 2025 жылы бұл оның 65-105 %-ын құрайды.
  2. Жасына байланысты зейнетақы. Кез келген үш жылдағы жұмысы үшін орташа айлық кірістің 60 %-ына тең. Алайда ерекшелігі бар: 55 АЕК-тен (216 260 теңге) аспайтын кіріс есептеледі.

2. БЖЗҚ-дағы жинақ.

Аударымдардың үш түрінде болады: МЗЖ, ЖМЗЖ және МКЗЖ.

  1. МЗЖ. Ай сайын төленеді. Бұл аударымдарды жұмыс беруші өзінің әрбір қызметкері үшін аударады. МЗЖ 10 %-ды құрайды және жұмыскердің жалақысынан ұсталады.
  2. ЖМЗЖ. Бұл төлемақыны жаңа төлемақы деуге болады: ол тек 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап төлене бастады. ЖМЗЖ жұмыскердің жалақысынан емес, жұмыс берушінің кірісінен ұсталады. 2025 жылы мөлшерлеме 2,5 %-ға тең, алайда ол біртіндеп арта береді деп жоспарланып отыр. Мөлшерлеме өзінің ең жоғарғы 5 % шегіне 2028 жылы жетеді.
  3. МКЗЖ. Кәсіптік зейнетақы жарналарын жұмыс беруші өз кірісінен төлейді. Мұндай төлемақы қызметі зиянды еңбек жағдайларымен байланысты қызметкерлер үшін ғана төленуге тиіс. Мөлшерлеме – 5 %.

Аударылған жарналар зейнетақы қорына ай сайын түсіп отырады. Жұмыскер зейнеткерлік жасқа жетіп, зейнетке шыққанда оған белгілі бір сомадағы зейнетақы жинағы тиесілі болады. Оны бірден емес, бүкіл өмір сүрген уақытында ай сайын төлеп отырады.

Зейнетақы жинағын не үшін алуға болады 

Зейнетақы жинағын тек белгілі бір мақсатқа ғана пайдалануға болады. Зейнетақы жинағын не үшін және қайда жұмсауға болады? Ақша тек екі мақсатқа – медициналық көмек алуға немесе тұрғын үй мәселелерін шешуге пайдаланылады:

1. Емделу.

Төлемақы медициналық көмектің барлық түрін қамтымайды. Зейнетақы жинағын қандай емге пайдалануға болады? Егде жастағы адамдар көбінесе тіс дәрігері мен көз дәрігеріне қаралады. Кейбір жағдайларда қалпына келтіретін пластикалық хирургия қажет болады. Қатерлі ауруды емдеуге де қолданылады, мысалы, сәулемен емдеу (радиойодтерапия, радионуклидтік терапия). Адам ақшаны сирек кездесетін ауруды емдеуге жұмсай алады.

2. Тұрғын үй жағдайларын жақсарту.

Төлемақы жылжымайтын мүлік, яғни дайын тұрғын үй немесе үй салу үшін жер сатып алу мәселесін шешуі мүмкін. Бұл төлемақы ипотека ресімдеуді ұйғарсаңыз да көмектеседі: ипотеканы (толық немесе ішінара) төлеп тастауға, алғашқы жарнасын төлеуге болады. Төлемақы тұрғын үйді кейіннен сатып алу құқығымен оны жалға алатындар үшін де маңызды. Атап айтқанда, жалдау ақысын толық немесе ішінара төлей аласыз. Тағы бір мүмкіндік – «Отбасы банкіне» салым салу.

Егер жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарласаңыз, зейнетақы жинағын қалай пайдалану керек? Бұл жағдайда кредит алуды қарастырған дұрыс. Зейнетақы төлемі мұндай мақсаттарға жұмсалмайды.

Ақшасын алатын адам оны өз мәселелерін шешуге ғана емес, жұбайының, жақын туыстарының қажеттіліктерін өтеуге де жұмсай алатынына назар аударыңыз. Жақын туыстарына ата-анасы мен балалары (асырап алынғандарды қоса алғанда), немерелер, әжелер, аталар, әпкелер, сіңлілер, ағалар, інілер жатады.

Қазақстандағы салықтар
Кредиттік картаны максималды пайдамен пайдалану жолы: 5 лайфхак

Алуға болатын зейнетақы жинағының сомасын қалай білуге болады 

Зейнетақы жинағын толық (яғни бүкіл соманы) және ішінара алуға болады.
Толық соманы барлық азамат ала алмайды. Мұндай артықшылыққа мына адамдар ие: 

1. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төленуге тиіс азаматтарМысалы, бұлар – құқық қорғау органдарының мамандары немесе әскери қызметшілер.
2. Сақтандыру компаниясында зейнетақы аннуитеті шартын ресімдеген азаматтар

Бұл шартта зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу көзделген. Ақшаны қашан алуға болады? Ерлер бұл тәсілді 55 жасқа, ал әйелдер 52 жасқа толғанда қолдана алады. Сақтандыру шартын ресімдеу үшін азаматтың зейнетақы қорындағы шотында нақты бір сома болуы керек: 55 жастағы ер адамдар үшін – 8,5 млн теңге және 52 жастағы әйелдер үшін – 11 млн теңге.

Шартты 45 жастан бастап жасасуға болады. Алайда төлемақыны шартта белгіленген жастан кейін ғана аласыз.

Аталған екі санатқа жатпайтын адамдар жинағын тек ішінара ала алады. Сома ең төменгі жеткіліктілік шегіне байланысты. Ол ел Үкіметінің әдістемесі бойынша белгіленген жұмыскердің жасына байланысты. Ең төменгі жеткіліктілік шегі туралы деректерді зейнетақы қорының ресми сайтынан нақтылап алуға болады. Зейнеткерлік жасқа әлі келмесеңіз де, төлемақыны алуға болады: жеке шотта қажетті соманың жинақталуы маңызды.

45 жастағы ер адам ақшасын ішінара алғысы келеді делік. Бұл жағдайда шек 6 950 000 теңгеге тең. Бірақ оның шотында көбірек ақша, айталық, 8 000 000 теңге сақтаулы дейік. Азамат айырманы, яғни 1 050 000 теңгені ала алады. Бұл ақша жалпы ережелер бойынша – не тұрғын үй жағдайын жақсартуға, не медициналық көмек алуға жұмсалады.

Егер азамат зейнеткерлік жасқа жетсе, есептеген кезде орташа айлық кірісті алмастыру коэффициенті де ескеріледі. Ол былайша анықталады: зейнетақы төлемінің бүкіл сомасы жұмыскердің зейнетке шығар алдындағы орташа жалақысының мөлшеріне бөлінеді. Егер нәтижесінде 40 немесе одан көп коэффициент шықса, МЗЖ аударған кезде алынған жинақты алуға болады.

БЖЗҚ зейнетақы қорынан ақшаны қалай алуға болады 

Зейнетақы жинағын қолма-қол ақшаға айналдырмас бұрын бірнеше қарапайым әрекетті орындау керек. Сонымен қатар барлық операция «Отбасы банкі» платформасы арқылы жүргізіледі. Онлайн өтінімді электрондық цифрлық қолтаңбасы бар пайдаланушылар ғана қолдана алатынын ескеріңіз. Егер мұндай қолтаңбаңыз болмаса, egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы ЭЦҚ алуыңыз қажет.

Қазақстанда зейнетақы жинағын қалай алуға болады?

  1. Қандай аударым сомасын ала алатыныңызды анықтап алыңыз. Бұл ақпаратты БЖЗҚ ресурстарынан – сайттан немесе қолданбадан көруге болады.
  2. «Отбасы банкінде» шот ашу. Бұл сайт немесе мобильді қолданба арқылы онлайн орындалады. Егер алынған қаражатты, мысалы, туысқаныңыз пайдаланғанын қаласаңыз, онда оған да осындай шот қажет.
  3. «Отбасы Банкі» платформасында авторизациядан өту.
  4. Ұсынылған ашық жолдарды толтыру. Төлемақыны кім (сіз немесе туысқаныңыз) алатынын, қандай мақсатқа жұмсалатынын көрсету. Сондай-ақ алғыңыз келетін соманы, табыс салығын төлеу тәсілін нақтылау керек.
  5. «Өтінім жасау» батырмасын басыңыз.
  6. Өтінімге ЭЦҚ арқылы қол қойыңыз.

«Отбасы банкі» зейнетақы қорына сұрату жібереді, бұған әдетте 3 күннен бастап 5 күнге дейін уақыт кетеді. Шотқа қаражат аударуға да осынша уақыт қажет. Жылжымайтын мүлікке қатысты мәміле жасасқан жағдайда қаражатты жұмсауға 20 күніңіз бар, ал егер жинақты емделуге жұмсасаңыз, онда мерзім 45 күнге дейін ұзартылады.

#IronCard – жоғары мәртебе

Жайлылық пен эксклюзивті бағалаушыларға арналған карта

Есіңізде болсын, порталға қаражаттың мақсатына сай пайдаланылғанына растама болатын құжаттарды жүктеу қажет. Егер белгіленген мерзімді сақтап үлгермесеңіз, төлемақы БЖЗҚ-ға қайтарылады. Оны қайта алу үшін бүкіл процедурадан басынан бастап өтуге тура келеді.

Бүгінде қазақстандықтардың зейнетақы төлемін толық және ішінара мерзімінен бұрын алуға мүмкіндігі бар. Алайда өзіндік шектеулері бар: қаражатты тек емделуге және жылжымайтын мүлік сатып алуға жұмсауға болады.

Держите руку на пульсе с bcc journal
Подпишитесь на нашу рассылку и не пропустите новые статьи и актуальные обзоры.
Сізге ұнауы мүмкін
Валюталар шолу
BCC Invest валюта бағамына арналған 2025 жылғы 25 сәуірге аналитикасы

Мұнай бағасының төмендеуіне қарамастан, теңге бірқалыпты нығаюын жалғастыруда. С

Валюталар шолу
2025 жылғы 25 сәуірге арналған валюта бағамдары

Қазақстан Ұлттық банкі 2025 жылғы 25 сәуірге арналған АҚШ долларына қатысты теңг

Валюталар шолу
BCC Invest валюта бағамына арналған 2025 жылғы 24 сәуірге аналитикасы

Теңге екінші күн қатарынан нығаюын жалғастыруда. Сауда-саттық қорытындысы бойынш

Поиск по сайту
Біз cookies файлдарын қолданамыз
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Артқа
Cookie файлдарын баптау
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Міндетті cookies файлдары
Әрқашан белсенді
Бұл Cookies файлдары сіз туралы маркетингтік мақсатта пайдаланылуы мүмкін ақпаратты жинамайды және Интернетте қашан болғаныңызды есте сақтамайды. Браузердің параметрлерін өзгертіп, осы Cookies файлдарын ажыратуға болады, бірақ бұл біздің сайтпен әрекеттескенде, веб-сайтыңыздың жұмысына әсер етуі мүмкін.
Қосымша cookies файлдары
Cookie файлдары пайдаланушы тәжірибесін жақсартуға және сізге берілген кез келген ақпараттың сіздің мүддеңіз бен қалауыңызға сәйкес келетініне кепілдік беруге көмектеседі. Cookies файлдары ақпаратты ешкім тікелей сәйкестендірілмейтіндей етіп жинайды