Аккредитив – Сатып алушы мен Сатушы арасындағы есеп айырысудың мүмкін болатын тәсiлдерiнiң бiрi. Іс жүзінде бұл Сатып алушының Банкі тарапынан, егер Сатушы тауарды тиеу немесе қызмет көрсету фактісін құжатпен растаса, Сатушыға Сатып алушының есебінен келісілген валютамен белгілі бір соманы төлеу міндеттемесі.
Бұл банктік құралды тауар немесе қызметті сататын немесе сатып алатын кез келген компанияның пайдалануының маңызы бар. Екінші тарап резиденттігінің маңызы жоқ – бұл қазақстандағы басқа ұйым да, шетелдік әріптес те болуы мүмкін. Әсіресе, бұл өнім сыртқы саудаға тартылған компанияларға ұсынылады, өйткені экспорттық-импорттық операциялар көбінесе саяси, құқықтық, көліктік, қаржылық тәуекелмен ұштасады.
Бизнеске арналған шотты онлайн ашу
Бірнеше батырма арқылы қолжетімді мүмкіндіктерді пайдаланыңыз
Сатып алушы үшін:
1. Тауарды жеткізбеу/қызметті орындамау тәуекелі
Ақы төлеу тауарды тиеу немесе қызмет көрсету фактісін растайтын құжаттарды алғаннан кейін ғана жүргізіледі – бұл аккредитивте жазылған негізгі талап.
2. Сапасыз, саны жеткіліксіз тауарды жеткізу тәуекелі
Төлем талабын нақтылауға болады. Сатып алушы құжаттардың тiзiмiнде қосымша талаптарын көрсете алады, мысалы, тәуелсiз органдар шығарған сақтандыру, шыққан жері немесе сапасы бойынша сертификаттың түпнұсқаларын сұрата алады – жеткiзiлетiн тауардың сапасы, сақталуы, қажеттi саны осылайша қамтамасыз етiледi.
3. Тауарды кеш тиеу/қызметті кеш орындау тәуекелі
Сатып алушы Сатушыны тауарды тиеп жөнелтудің немесе қызмет көрсетудің нақты күнін көрсете отырып, өз міндеттемелерін орындауды жеделдетуге ынталандыра алады. Банкке осы уақыт аясының сақталуын бақылау жөніндегі міндет жүктеледі.
4.Заңнамадағы айырмашылықтар
Аккредитивтер халықаралық банктер үшін бірыңғай ережелермен реттеледі. Осылайша, аккредитивтермен жұмыс істейтін кезде серіктес-елдердің заңнамаларындағы айырмашылықтарға байланысты проблемалар туындамайды.
1. Төлемеу қаупі
Аккредитив кезінде Сатушы Сатып алушы банктің оған қызметті немесе жөнелтілген тауарды төлеу міндеттемесімен қамтамасыз етіледі. Сатушыда қандай да бір себептермен Сатып алушы төлем жасауға қабілетсіз болып қалса да, жұмыс үшін ақша алатындығына қосымша сенімділік пайда болады, өйткені Сатып алушының Банкі кез-келген жағдайда Сатушы ұсынған құжаттар бойынша төлем жасауға міндетті.
2. Толық немесе уақытылы төлемеу тәуекелі
Сатушы ұсынған құжаттарды тексеруге 5 жұмыс күнінен артық уақыт кетуі мүмкін емес - мұндай нақты уақыт шегі уақытылы төлемеу тәуекелін іс жүзінде нөлге дейін азайтады. Сондай-ақ Сатып алушының Банкі Сатушы құжаттарда көрсеткен соманы (құжаттар дұрыс болған жағдайда) төлеуге міндетті, сондықтан толық төлемеу қаупі де жойылады.
3. Сатып алушы еліндегі саяси / экономикалық тәуекелдер
Аккредитивтерді Сатып алушы банктің міндеттемесінен басқа, бірінші дәрежелі халықаралық банк растай алады, осылайша Cатып алушы банктің міндеттемесінен басқа төлеуге қатысты қосымша міндеттеме алады. Бұл Сатып алушының Банкі сыртқы себептерге байланысты Сатушының қызметіне немесе тауарына төлей алмаған жағдайда қажет.
4. Импорттаушы және экспорттаушы елдердің заңдарындағы айырмашылықтар
Аккредитивтердi реттейтiн ережелер халықаралық банктер үшiн бiрдей. Мәміле жасайтын барлық тараптар әртүрлі елдердің заңдылықтарындағы алшақтықтың салдарынан кез келген шығыннан сақтандырылған.
1. Алдымен Сатып алушы мен Сатушы арасында келісімшарт жасалады.
2. Әрі қарай Сатып алушының өтініші бойынша банк аккредитив шығарады.
3. Аккредитивті алатын кезде Сатушы тауарды жөнелтуді немесе қызмет көрсетуді бастайды.
4. Сатушы қажет құжаттарды банкке жібереді, ол құжаттардың аккредитив талаптарына сәйкестігін тексереді.
5. Егер сәйкес келетіні жөніндегі растау алынса, онда төлем жасалады.
Онлайн-бухгалтерия
Бизнесіңіздің есебін оңай жүргізіңіз!
Төлем тәсілі бойынша:
1. Құжаттарды ұсыну арқылы төлеммен
Төлем Сатушы аккредитив бойынша барлық қажет құжаттарды көрсеткеннен кейiн бiрден жасалады.
2. Төлемді кейінге қалдыру
Төлем мерзімін кейінге жылжыту аккредитив талаптарында келісіледі. Кейінге жылжытылатын күндердің саны әдетте құжаттарды ұсынған немесе тауарды тиеп түсірген күннен бастап есептеледі.
Қамсыздандыру әдісі бойынша:
1. Өтелген (100% ақшалай өтемнің болуы)
Аккредитив бойынша қамсыздандыру аккредитивте келісілген барлық соманы өтейтін ақша қаражаты болып табылады. Аккредитив шығарылған кезде бұл қаражат Сатып алушының шотынан ішкі өтеу шотына аударылады, одан кейін төлем жасалады.
2. Өтелмеген (кредит желісінің болуы)
Аккредитив банк ашқан кредиттік желі аясында шығарылады. Аккредитив бойынша төлеу банктің кредиттік қаражатының есебінен жүзеге асырылады. Клиенттің банкпен одан әрі өзара есеп айырысуы клиентке берілген қарыздың аясында жүргізіледі.
Кепілдік қамсыздандыру дәрежесі бойынша:
1. Расталған
Сатушы аккредитив шығарған банктен төлем кепілдігімен бірге басқа банктен аккредитив бойынша қосымша төлем кепілдігін алатын аккредитив.
2.Расталмаған
Аккредитив шығарған банк берген Сатушының тек бір төлем кепілдігі бар аккредитив.
1. Аккредитив 1 күнде шығарылады.
2. Құжаттардың ең аз пакеті қамтылған.
3. Тиімді тарифтер.
4. Сенімді серіктестің халықаралық деңгейде беделі бар.
5. Еуропалық және американдық бірінші санаттағы банктерді саудамен қаржыландыру бойынша ЦКБ-де ашылған желілер бар.
6. ЕҚДБ-мен желісі бар (ЦКБ – ЕҚДБ-ның сауданы қаржыландыру бойынша Қазақстандағы жалғыз серіктесі).
7. «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ-пен желісі бар.
Қазақстан Ұлттық банкі 12.03.2025 ж. арналған доллардың теңгеге қатысты бағамын 488,53 теңге, ал ресей рублінің бағамын 5,68 теңге деп белгіледі.
Өткен күнмен салыстырғанда доллар нығайды. 11.03.2025 ж. белгіленген бағаммен салыстырғанда төмендеу 6,31 теңгені құрады (494,84 теңгеден 488,53 теңгеге дейін).
Сонымен қатар, рубль әлсіреді, өсім 0,10 теңгені құрады (5,58 теңгеден 5,68 теңгеге дейін).
Ағымдағы бағаммен валюта бағамдары бетінде және FX-айырбастау валюталарын айырбастауға арналған онлайн платформада танысуға болады.
Теңге 0,55%-ға нығайып, 1 АҚШ доллары үшін 488,10 деңгейіне жетті, сауда көлемі – 270 млн USD.
Рубль, керісінше, 3,17%-ға өсіп, 5,68 теңге деңгейіне көтерілді, сауда көлемі – 4 271 млн.
АҚШ долларының индексі (DXY) 103,45 деңгейіне дейін төмендеуді жалғастыруда.
Теңге бағамына қысым көрсетуі мүмкін факторлардың бірі – Brent маркалы мұнай бағасы, ол бүгінде $68,40 минималды деңгейіне жетіп, қазіргі уақытта $69,95 деңгейінде саудаланып жатыр.
Ағымдағы бағаммен валюта бағамдары бетінде және FX-айырбастау валюталарын айырбастауға арналған онлайн платформада танысуға болады.
Қазақстан Ұлттық Банкі 2025 жылғы 11 наурызға арналған АҚШ долларының теңгеге қатысты бағамын 494,84 тг., ресей рублінің бағамын 5,58 тг. деңгейінде белгіледі.
Өткен күнмен салыстырғанда доллар бағамы нығайды. 2025 жылғы 7 наурыздағы бағаммен салыстырғанда, төмендеу 1,11 тг. құрады (495,95 тг.-ден 494,84 тг.-ге дейін). Сонымен қатар, рубль бағамы әлсіреді, өсім 0,04 тг. болды (5,54 тг.-ден 5,58 тг.-ге дейін).
Ағымдағы бағаммен валюта бағамдары бетінде және FX-айырбастау валюталарын айырбастауға арналған онлайн платформада танысуға болады.