Тауар (тұрмыстық техника мен электроникадан бастап киім мен аяқкиімге дейін) сатып алған кезде, әртүрлі төлем әдістері, соның ішінде бөліп төлеу мен кредит ұсынылады. Екі әдістің мәні қарапайым: сіз қажетті соманы банктен қарызға аласыз да, белгілі бір мерзім аралығында оны бөлшектеп төлейсіз. Олай болса, кредит пен бөліп төлеудің айырмашылығы неде?
Қарапайым сөзбен айтсақ, бөліп төлеу мен кредиттің негізгі айырмашылығы – артық төлемнің жоқтығы.
Бөліп төлеу – бөлшектеп төлеу. Бүкіл сома теңдей төлемдерге бөлінеді. Кредиттеген кездегі жағдай да осыған ұқсас, бірақ бірдей емес. Сома бұл жерде де теңдей бөлінеді, бірақ әр төлемге пайыз есептеледі. Борышкер негізгі борышты да, банк пайызын да төлеуі керек.
Кредиттік өнімдердің көбінде (мысалы кредиттік карталар) минималды пайыз есептелетін жеңілдік мерзімі қарастырылады. Банкпен осы уақыт ішінде есеп айырыссаңыз, артық төлем сомасы аз болады. Кредиттердің көпшілігін мерзімінен бұрын төлеуге болады.
Кредиттік #картакартамен қаржыны басқарыңыз
7 000 000 ₸ дейін лимит, ақшамен қайтарылатын кэшбэк, bcc smart арқылы бөліп төлеу, тегін шығару және қызмет көрсету
Мерзім – кредит пен бөліп төлеудің тағы бір айырмашылығы. Бөліп төлеу шағын мерзімге – әдетте 2 айдан 12 айға дейін (сирек жағдайда 24 айға) ресімделеді. Тұтынушылық кредит ұзағырақ мерзімге, әдетте 5 жылға дейін беріледі. Мерзімі артқандықтан, ай сайынғы төлем кредит берген кезде азырақ болады және отбасы бюджетіне жүктеме көп болмайды. Көп жағдайда бұл шешуші фактор болады.
Бөліп төлеу нақты тауарды сатып алу үшін ресімделеді. Тұтынушылық кредиттік бағдарламалар көбінесе мақсатты емес. Клиент қарыз қаражатын неге жұмсайтынын көрсетуі міндетті емес. Ол жиһаз сатып алуға, жөндеу жұмыстарына, саяхатқа немесе оқуға ала алады.
Бөліп төлеу барлық дерлік сатып алушыға қолжетімді. Кредит алу шарттары күрделірек: банк ықтимал борышкердің төлем жасау қабілетін, кредит тарихын, табыс деңгейін тексеруі маңызды. Алайда бұл жағдайда да клиент барынша аз құжат тапсыруы керек болады: әдетте тұтынушылық кредит табыс анықтамасынсыз, кепілсіз және кепілгерсіз беріледі.
Қарыз бен бөліп төлеудің тағы қандай айырмашылығы бар? Бөліп төлеу мүмкіндігін дүкен де, банк та бере алады. Кредиттеуді тек банк мекемелері ресімдейді. Алайда банк кредитін дүкенде ресімдеуге де болады: маман онлайн өтінім толтырып, клиентпен бірге шешімді күтеді. Банк мақұлдаған жағдайда, ақшаны сатушының шотына аударады, ал клиент ай сайын қарызды өтейді
Клиент бөліп төлеуді ресімдеген кезде ақша алмайды. Қаражат сатушының шотына аударылады, ал клиентке шарт пен төлем кестесі беріледі. Кредитті әртүрлі жолмен: банктегі өз шотына, картаға, тіпті қолма-қол ақшамен алуға болады .
#IronCard – жоғары мәртебе
Жайлылық пен эксклюзивті бағалаушыларға арналған карта
Бөліп төлеуді немесе кредитті ресімдеудің оңайырақ жолы – кредиттік картаға немесе бөліп төлеу картасына тапсырыс беру. Әдетте мұны онлайн – банктің мобильді қолданбасы арқылы, банк офисіне бармай-ақ жасауға болады.
2 функциялы өнімдер де бар – мысалы ЦентрКредит Банкінің #картакарта өнімі. Бұл Қазақстандағы ең үлкен лимиті бар кредиттік карта: оны 7 миллион теңгеге дейін арттыруға болады. Карта арқылы бүкіл әлемде есеп айырысуға, азық-түліктен бастап тұрмыстық техникаға дейін кез келген сауда жасауға, тіпті автокөлік сатып алуға болады. Оның артықшылықтарының арасында – тегін қызмет көрсету, сүйікті санаттарға 10%-ға дейін және серіктестерде 30%-ға дейін кешбэк, жеңілдік мерзімі – сатып алғаннан кейін келесі айдың 25-іне дейін, яғни 55 күнге дейін. Картаны bcc.kz қолданбасы арқылы бөліп төлеу режиміне ауыстыруға болады. Пайдаланушыға пайызсыз және комиссиясыз 3, 6 немесе 12 айға бөліп төлеу қолжетімді. #картакарта bcc.kz қолданбасында ресімделеді. Өтінімді сайтта толтыруға болады.
ЦентрКредит Банкінің клиенттері бөліп төлеу мүмкіндігін алу үшін bcc smart сервисін пайдалана алады. Сатып алушы QR-кодты сканерлеп, банктің мақұлдауын алады. bcc smart арқылы 20 мың теңгеден бастап 3 миллион теңгеге дейінгі сомаға тауар сатып алуға болады. Бөліп төлеу мерзімі 2 жылға жетеді.
Бөліп төлеу мен кредит – клиенттің толық сомасы болмаған кезде сатып алудың ыңғайлы құралдары. Бөліп төлеуде артық төлем қарастырылмаған, бірақ мерзімдері де аз және ай сайынғы төлем мөлшері жоғары. Кредит ірі сомаға тауар сатып алуда оңтайлы: кредиттеу мерзімі ұзағырақ болғандықтан, ай сайынғы төлемі аздау. Стандарт бағдарламалармен қатар кредиттік картаны, бөліп төлеу картасын, сонымен қатар QR-код бойынша бөліп төлеу мүмкіндігін алу сервисін пайдалануға болады. Олар сатып алуды ресімдеу процесін жылдамдатып, оны ыңғайлырақ әрі тиімдірек етеді.