Ағымдағы жылдың 23 маусымында Астана қаласында «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың елдегі бірінші Ипотека орталығының ресми ашылу салтанаты өтті. Шараға құрылыс компанияларының өкілдері, серіктестер мен банк клиенттері жиналды. Орталық елорда тұрғындары мен қонақтарына жылжымайтын мүлікті таңдауға және ипотека ресімдеуге ыңғайлы мүмкіндік береді.
Жылжымайтын мүлікті сатып алу процесінің ыңғайлылығы мен жеңілдігі БЦК жаңа Ипотека орталығының ерекшелігі болып табылады. Клиенттер бұдан былай құрылыс салушылардың әртүрлі сату бөлімдеріне барып, қайта банкке келуге уақыт жоғалтпайтын болады. Орталықта Sensata, G-Park, Мой дом MWC, Sat NS, NAK, Биком және BI Group сияқты жетекші құрылыс салушылардың жылжымайтын мүлік объектілері ұсынылған. Мұнда келушілер ипотека бағдарламаларының әртүрлі нұсқалары туралы барлық қажетті ақпаратты алып, баспаналы болу арманын орындай алады. ЦентрКредит Банкі жылжымайтын мүлікті сатып алудың ыңғайлылығын қамтамасыз ете отырып, қаржыландыру бойынша толық кеңес береді.
«Біз жылжымайтын мүлікті сатып алу процесінің ыңғайлылығы мен жеңілдігін қамтамасыз етуге тырысамыз. Ипотека орталығында клиенттер қолжетімді жобалар мен жылжымайтын мүлік объектілері туралы толық ақпарат алып қана қоймай, сонымен қатар салушылар үшін де, түпкілікті тұтынушылар үшін де қаржылық серіктес бола отырып, қаржыландыру бойынша кеңестер ала алады. Біз нарыққа өзекті өнімдер мен қызметтерді ұсынуға тырысамыз», – деді «Банк ЦентрКредит» АҚ Бөлшек бизнесті дамыту жөніндегі вице-президенті Людмила Богушевская.
Сондай-ақ ағымдағы жылдың 24 маусымында Астанада БЦК құрылыс салушылармен бірге жылжымайтын мүлік жәрмеңкесін өткізді, оған 1000-нан астам адам қатысты. Жәрмеңкеге келушілер 14 серіктес құрылыс салушының жылжымайтын мүлік объектілерімен танысып, толық кеңес алды және ипотекаға өтінім берді.
«Банк ЦентрКредит» АҚ 1988 жылы құрылған және заманауи технологияларды пайдалана отырып, ыңғайлы банктік өнімдерге бағытталған әмбебап бизнес үлгісі бар Қазақстандағы алғашқы ірі коммерциялық банктердің бірі болып табылады. Банктің кең филиалдық желісі бар және Қазақстанның барлық өңірлеріндегі 160-тан астам бөлімшеде заңды және жеке тұлғаларға қызмет көрсетеді.
ҚНРДА 03.02.2020 ж. берген №1.2.25/195/34 лицензия