Баспасөз релизі
Алматы қ., 2020 жылғы 25 қараша
«ҮЛЕСТЕ БОЛ!» –
ЦКБ үлестік қатысумен ипотека беретін алғашқы банк атанды
ЦентрКредит Банкі 2020 жылғы 02 қарашада ЕДБ арасында алғашқы болып «Баспана Хит» өнімі аясында Қазақстан тұрақтылық қорымен келісімге қол қойды. Өнімнің жаңа талаптары бойынша енді салынып жатқан тұрғын үй кешендерінен тұрғын үй сатып алу үшін қарыз алуға болады. Аталған бағдарлама бойынша ипотекалық қарыз бүгінгі күннің ең тиімді талаптарымен – жылдық 10,75% мөлшерлемесімен (жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі бойынша 11,3%), 15 жылға дейінгі кредиттеу мерзімімен, 20%-дан басталатын бастапқы жарнамен ұсынылады.
«Ипотека нарығын дамытудың белгілі бір кезеңдері кейбір құрылыс салушылардың өз міндеттерін адал орындамауына байланысты үлестік қатысумен тұрғын үй сатып алу теріс мәнге ие болғаны құпия емес, – дейді ЦентрКредит Банкінің Басқарма Төрағасы Ғалым Хұсаинов. – Ендігі кезде салынып жатқан үйден тұрғын үй сатып алу тәуекелсіз инвестицияға айналады, өйткені Банк қаржылық жағдайы тұрақты әрі аккредитациядан өткен құрылыс компанияларымен ғана жұмыс жасайды.
Осы бағдарлама аясында ЦентрКредит Банкі қарызды ресімдеген кезде, банктік комиссия алмайтыны да маңызды нәрсе. Сонымен қатар үлестік қатысумен сатып алынатын жылжымайтын мүлікті бағалау да талап етілмейді, яғни клиент тұрғын үйді бағалау қызметтеріне шығынданбайды.
«Үлестік қатысумен берілетін ипотека – өнімнің артықшылықты талаптары мен тұрғын үйді құрылыс кезеңінде төмендетілген бағамен сатып алу мүмкіндігінің басын біріктіретін ипотекалық кредит беруді дамытудағы жаңа сарын. Клиенттердің қажеттіліктерін түсіне әрі ескере отырып, олардың қалауын орындауға дайынбыз», – деп қосты Ғалым Хұсаинов.
Аталған бағдарлама бойынша тұрғын үйдің ең жоғары құны Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары үшін 35 млн теңгені, Ақтау, Атырау және Шымкент қалалары үшін 25 млн теңгені, Қарағанды қаласы үшін 20 млн теңгені, сондай-ақ басқа қалалар үшін 15 млн теңгені құрайды.
Қазіргі кезде Банк салынып жатқан тұрғын үй кешендерінен тұрғын үй сатып алу үшін клиенттерге арналған ұсыныстарды арттыру мақсатында Серіктестер тізімін кеңейту үшін Республикамыздың құрылыс салушыларымен белсенді іс-шаралар жүргізіп отыр.
«Ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығынан бастап біз жаңа салынып жатқан тұрғын үйлерге сұраныстың артқанын байқап отырмыз. Осылайша, болжам бойынша коронавирус індетіне қарамастан, астанамызда және Алматыда бастапқы нарықтағы сатылымның сәйкесінше 20% және 8%-ға өсуі күтіліп отыр. Ипотека бағдарламалары өсімнің негізгі драйверлері болып табылады, – дейді BI Group компаниясының қаржылық технологияларды дамыту жөніндегі басшысы Нұрлан Оңғарбаев, – Біз әр клиентіміздің өзінің қалауындағы пәтерді және қолжетімді ипотеканы бізден тапқанын қалаймыз. Үлестік қатысумен ұсынылатын бағдарлама қолданысқа енгенге дейін әлеуетті тұрғын үй сатып алушылар үшін жоғары сыйақы мөлшерлемесіне байланысты бірқатар кедергілер болды немесе тұрақты кепілді ұсыну бойынша талаптар қойылды. Сонымен қатар ағымдағы бағдарламалар тек дайын жылжымайтын мүлікпен ғана шектелді, осыған орай объект құрылысы аяқталған кезеңде таңдауға ұсынылатын тұрғын үйлердің санының шектеулі болатыны анық болды, оған қоса олардың бір шаршы метрге шаққандағы құны да айтарлықтай қымбатқа түсті».
Өнімдер желісі мәселелері бойынша келесі телефон нөмірлеріне хабарласыңыздар:
505 – жеке тұлғалар үшін (ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін)
Игорь Бушмелев – «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың PR бөлімінің бастығы
Igor.Bushmelev@bcc.kz