ЦентрКредит Банкінің рейтингтері – «B/Тұрақты/B» және «kzBBB-»
S & P Global Ratings рейтингілік агенттігі біздің Банктің кредиттік рейтингтерін «B/B» деңгейінде және оның ұлттық шәкіл бойынша рейтингін «kzBBB-» деңгейінде растады.
Құбылмалы жағдайдың жоғарылауына қарамастан, ЦКБ рейтингтері бойынша болжамдар критерийлер қайта қаралғаннан кейін өзгеріссіз қалды.
Сарапшылардың пікірінше, ЦентрКредит Банкі алдағы 12-18 айда активтердің неғұрлым тұрақты сапасын көрсетіп, кірістілік көрсеткіштерін бұдан әрі қалпына келтіру жұмысын жалғастыратын болады.
В және одан жоғары рейтингі бар банктер жоғары дербес қаржылық тұрақтылыққа, берік нарықтық позицияларға және жақсы қаржылық көрсеткіштерге ие екенін атап өткіміз келеді.
S & P Global Ratings кредиттік тәуекелді бағалауға байланысты тәуелсіз зерттеулер мен эталондық көрсеткіштерді ұсыну саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі болып табылады. Рейтинг агенттігінің әлемнің 28 елінде бөлімшелері бар, ол бөлімшелерде 1 500-ден астам кредиттік аналитик жұмыс істейді.