Размер шрифта:
A A A
Цвет сайта:
Ц Ц Ц
Показывать изображения
Голосовой помощник
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Размер шрифта:
A A A
Цвет сайта:
Ц Ц Ц
Показывать изображения
Голосовой помощник
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Новости 2024-01-08 02:15:00

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап валюталық заңнамадағы өзгерістер

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап валюталық заңнамадағы өзгерістерге назар аударыңыз:

№78 Экспорттық-импорттық валюталық бақылаудың жаңа қағидасы (№ 42 Қағиданың орнына) күшіне енеді.

№ 40 Валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидасына және № 64 Валюталық операцияларға мониторинг жүргізу қағидасына өзгерістер енгізілді.

Өзгерген мәселелер (негізгі өзгерістер):


Баламасы $50 000-нан астам соманы құрайтын немесе егер Шартта ҚР шекарасы арқылы тауарларды өткізу көзделмесе немесе электрондық ақшамен операциялар жүргізу көзделсе, мәміле сомасын көрсетпей-ақ барлық белсенді валюталық шарттар үшін есептік нөмір (ЕН) алу қажет.


Мұндай шарттар бойынша ЕН-ді 2024 жылғы 1 сәуірден кешіктірмей, бірақ валюталық шарт бойынша міндеттемелерді орындау басталғанға дейін алу қажет.


ЕН алғанға дейін мұндай шарт аясында төлемдер және (немесе) аударымдар жүргізілмейді.


Егер ЕН берілген шарт аясында төлемдер және (немесе) аударымдар бірнеше банк арқылы жүргізілсе, онда төлем және (немесе) ақша аударымы жүргізілгенге дейін бірақ 2024 жылғы 1 сәуірден кешіктірмей есептік тіркеу банкіне шарт бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы мәліметтерді ұсыну қажет.


Егер банктің ақпараттық жүйесінде тауарларға арналған декларациялар, тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштер, электрондық шот-фактуралар туралы мәліметтер болмаса, енді банкке мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйесінде осы деректердің бар екендігін растайтын анықтаманы ұсынудың қажеті жоқ.


Репатриациялау мерзімін бұзу бойынша есептілікті ұсыну мерзімдері:


1. Егер репатриациялау мерзімі аяқталса, ал бейрезиденттің валюталық шарт бойынша орындамаған міндеттемелері сомасының баламасы $50 000-нан асатын болса, 15-күнге дейін қоса есептегенде банктік бақылаудың жеке карточкасы (ББЖК) Ұлттық Банкке жіберіледі, ол жерден бір жұмыс күні ішінде мемлекеттік кірістер органдарына жіберіледі.


2. Егер репатриациялау мерзімі 2023 жылғы қарашада аяқталса және бейрезиденттің экспорттаушы/импорттаушы алдында орындалмаған міндеттемелері сомасының баламасы $50 000-нан асатын болса, онда ББЖК 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 15 қаңтарға дейін қоса есептелетін кезеңде ұсынылуы тиіс.


Қызмет көрсететін банк жаңа банкке ауысқан кезде:

1) экспорт/импорт бойынша валюталық шартты валюталық бақылауға қабылдау туралы өтініш;

2) валюталық шарттың ЕН берілгені туралы белгісі бар түпнұсқасы/көшірмесі.

ЕН тіркегеннен кейін жаңа банк клиентке бұрын қызмет көрсеткен банкке шарт бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы ақпарат алуға сұрату жібереді, оны алғанға дейін жаңа банк төлемдер/аударымдар жүргізбейді. Алдыңғы банк жаңа банктен сұратуды алғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде клиенттің ЕН-ді алу туралы өтінішінсіз және ақпарат беруге келісімінсіз ЕН-ді есептік тіркеуден шығарады.

Экспорт немесе импорт бойынша валюталық шарт бойынша ЕН алу тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершіліктің болуына назар аударуды өтінеміз.

  • Ұлттық Банк өзінің қаулысымен елден ақша шығару деп танылуы немесе валюталық заңнама талаптарын орындаудан жалтару ретінде қарастырылуы мүмкін валюталық операция түрлері мен критерийлерін бекітті. Осы операциялар бойынша резидент банкке* валюталық бақылау органдарына және құқық қорғау органдарына осы төлем және (немесе) ақша аударымы туралы ақпаратты тапсыруға, сондай-ақ уәкілетті банктің талабы бойынша өзге де құжаттар мен ақпаратты ұсынуға рұқсат береді. Бұдан басқа, банк осы операциялар бойынша Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңға сәйкес әзірленген және қабылданған ішкі бақылау ережелеріне сәйкес осындай операцияға мониторинг жүргізеді және зерттейді.
  • Бұған операцияның келесі түрлері кіреді:
  • егер сауда немесе исламдық қаржыландыру бойынша мәмілелерді, сондай-ақ бейрезиденттердің Қазақстандағы өзінің филиалдарымен жүргізетін операцияларын және елдегі шетелдік ұйымдардың өкілдіктері арасындағы операцияларды есептемегенде, шарттың/қосымша келісімнің талаптарымен банктегі шотқа ақша түсімі көзделмесе, бейрезиденттің – резидентке (банкті есептемегенде) берілетін кез келген қарызы;
  • егер сауда немесе исламдық қаржыландыру бойынша мәмілелерді, сондай-ақ бейрезиденттердің Қазақстандағы өзінің филиалдарымен жүргізетін операцияларын және елдегі шетелдік ұйымдардың өкілдіктері арасындағы операцияларды есептемегенде, шарт талаптарымен қарызды пайдаланғаны үшін сыйақы төлеу көзделмесе, резиденттің бейрезидентке (үлестес емес тұлғаға) беретін қарызы;
  • бейрезиденттің төлем мерзімі резиденттің міндеттемелерін орындаған күннен кейінгі 720 күннен асатын экспорт бойынша операциялар;
  • бейрезиденттің міндеттемелерді орындау мерзімі, оның ішінде авансты/алдын ала төлемді қайтару бойынша мерзімі резиденттің міндеттемелерін орындаған күннен кейінгі 720 күннен асатын импорт бойынша операциялар;
  • резиденттің клиенттердің тапсырмалары бойынша валюталық операцияларды жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы - бейрезидентке $50 мың доллардан астам сомаға ақша аударуы;
  • резиденттің шетелдегі меншікті шотына $50 мыңнан астам сомаға ақша аударуы;
  • резиденттен бейрезидентке $50 мыңнан астам сомаға қайтарымсыз ақша аударуы;
  • бір бейрезидентпен жасалған екі немесе одан да көп валюталық шарт бойынша резиденттің күнтізбелік айдағы бұндай валюталық шарттарға ЕН берілуі тиіс шекті мәннен асатын жалпы сомадағы төлемдері және (немесе) ақша аударымдары.


* рұқсат беру еркін нысанда ресімделеді. Валюталық шарт аясында валюталық операциялар бойынша барлық төлемге және (немесе) ақша аударымдарына қатысты бір рұқсатты ұсынуға жол беріледі

Другие новости
2024-07-03 14:25:16
Теледидар және 1 млн теңгеге жолдама ұтыс ойыны
2024-07-03 14:05:00
6 шілде – Қазақстанда Астана күні: 3 күн демалыс
2024-07-02 11:31:36
«Базалық», «Оңтайлы» және «Корпоративтік» ҚТ бойынша тарифтерге өзгеріс енгізілді
Поиск по сайту
Біз cookies файлдарын қолданамыз
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Артқа
Cookie файлдарын баптау
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Міндетті cookies файлдары
Әрқашан белсенді
Бұл Cookies файлдары сіз туралы маркетингтік мақсатта пайдаланылуы мүмкін ақпаратты жинамайды және Интернетте қашан болғаныңызды есте сақтамайды. Браузердің параметрлерін өзгертіп, осы Cookies файлдарын ажыратуға болады, бірақ бұл біздің сайтпен әрекеттескенде, веб-сайтыңыздың жұмысына әсер етуі мүмкін.
Қосымша cookies файлдары
Cookie файлдары пайдаланушы тәжірибесін жақсартуға және сізге берілген кез келген ақпараттың сіздің мүддеңіз бен қалауыңызға сәйкес келетініне кепілдік беруге көмектеседі. Cookies файлдары ақпаратты ешкім тікелей сәйкестендірілмейтіндей етіп жинайды