ЦентрКредит Банкі өздерін банк қызметкері деп таныстыратын белгісіз тұлғалардың (көп жағдайда дауыстық боттардың) қоңырау шалуы туралы ескертеді. Олар кредит бойынша мерзімі өткен берешек туралы, сондай-ақ осы берешектің коллекторлық агенттікке берілгені туралы хабарлайды. Алаяқтар тіпті қолданыстағы кредиті жоқ қазақстандықтарға да қоңырау шалуда.
Бірнеше күннен кейін басқа телефон нөмірінен екінші қоңырау шалып, өздерін банктік кредит табысталған коллекторлық агенттік қызметкері ретінде таныстырады. Бұл кезеңде алаяқтар бірнеше тәсілмен алдап, ақша иемденуге немесе дербес деректерді алуға тырысады.
Жеке деректеріңізді: банк картасының толық нөмірін, PIN-кодты, қолданыс мерзімін, мобильді қолданбадағы жеке кабинетіңізге кіруге арналған логин мен парольді, операцияны растау үшін SMS-хабарламамен келген кодты және т.б. ешқашан ешкімге айтпаңыз.
Егер сізге күдікті қоңырау шалынса, тұтқаны қойып, ресми ақпарат алу үшін 505 (ұялы телефоннан тегін) нөмірі бойынша ЦентрКредит Банкіне хабарласыңыз. Бұл – алаяқтықтың алдын алудың ең сенімді тәсілі.