Размер шрифта:
A A A
Цвет сайта:
Ц Ц Ц
Показывать изображения
Голосовой помощник
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Размер шрифта:
A A A
Цвет сайта:
Ц Ц Ц
Показывать изображения
Голосовой помощник
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Новости 2023-04-17 00:00:00

«7-20-25» несиесін алуға арналған электронды кезек 19 сәуірінен сағат 10:00 басталады

Банк ЦентрКредит «7-20-25» несиесіне өтінім беру үшін электронды кезекті жариялайды. Кезекке тұрмаған клиенттердің өтінімдерін банк бөлімшелері қабылдамайды.

Өтінім беру процессі Банк ЦентрКредиттің bcc.kz сайтында электронды кезек қызметінің ішінде жүреді. Өтінімдер қабылдау осы жылдың 19 сәуірінен бастап Астана қ. уақыты бойынша сағат 10:00-ден басталады. Электронды өтінім тапсыру үшін клиенттің ЖСН, ұялы телефон нөмірі, үйдің құны және бастапқы жарна сомасын енгізу қажет, несие сомасы автоматты түрде есептеледі. Кейін SMS-хабарландыру арқылы бір реттік жіберілген парольді енгізіп,  өтінімді растау қажет.

Өтінімді жібергеннен кейін клиентке кезек нөмірі SMS-хабарлама арқылы жіберіледі. Барлық өтінімдердің қабылдануы белгілі бір лимит орындалғаннан кейін тоқтатылады. Ал қабылданған өтінімдер үш күн төңірегінде банк бөлімшелеріне келіп, рәсімделу қажет.  Ол үшін қызметкерлер электронды кезекке өткен клиенттерге қоңырау шалып, несие рәсімдеу күні, уақыты және келетін бөлімше нөмірі жайлы алдын ала хабарлайды.

Несие бағдарламасының талаптары бойынша сатып алынатын жылжымайтын мүлікте барлық құрылыс жұмыстары (қасбеттік жұмыстар, абаттандыру, кіреберістерді аяқтау, есіктерді орнату және басқа жұмыстар) аяқталып, қажетті заңды құжаттармен бірге берілуі тиіс екенін ескертеміз. Негізгі несиеге өтінім беру кезінде бұл шарттар орындалмаса, банк кезек нөмірін жоюға құқылы.

Әрбір клиент төлем қабілеттілігін анықтау және ипотекалық несиені мақұлдау туралы шешім қабылдау үшін скорингтік процедурадан өтеді. Негізгі несиені беру кезінде банк өтінімді мақұлдамаған жағдайда кезек нөмірі жойылады. Кезек нөмірі негізгі несиелік өтінімді беру үшін банк бөлімшелеріне шақырылған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде жарамды.

Маңызды! Электронды кезекте клиенттің толтырылған деректері банкке «7-20-25» бағдарламасы бойынша берілген өтінім деректерімен сәйкес келмесе, өтінімнің күші жойылады. 

*лицензия ҚРҚНРДА №1.2.25/195/34 03.02.2020ж. берілген

Другие новости
2024-07-03 14:25:16
Теледидар және 1 млн теңгеге жолдама ұтыс ойыны
2024-07-03 14:05:00
6 шілде – Қазақстанда Астана күні: 3 күн демалыс
2024-07-02 11:31:36
«Базалық», «Оңтайлы» және «Корпоративтік» ҚТ бойынша тарифтерге өзгеріс енгізілді
Поиск по сайту
Біз cookies файлдарын қолданамыз
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Артқа
Cookie файлдарын баптау
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Міндетті cookies файлдары
Әрқашан белсенді
Бұл Cookies файлдары сіз туралы маркетингтік мақсатта пайдаланылуы мүмкін ақпаратты жинамайды және Интернетте қашан болғаныңызды есте сақтамайды. Браузердің параметрлерін өзгертіп, осы Cookies файлдарын ажыратуға болады, бірақ бұл біздің сайтпен әрекеттескенде, веб-сайтыңыздың жұмысына әсер етуі мүмкін.
Қосымша cookies файлдары
Cookie файлдары пайдаланушы тәжірибесін жақсартуға және сізге берілген кез келген ақпараттың сіздің мүддеңіз бен қалауыңызға сәйкес келетініне кепілдік беруге көмектеседі. Cookies файлдары ақпаратты ешкім тікелей сәйкестендірілмейтіндей етіп жинайды