Размер шрифта:
A A A
Цвет сайта:
Ц Ц Ц
Показывать изображения
Голосовой помощник
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Размер шрифта:
A A A
Цвет сайта:
Ц Ц Ц
Показывать изображения
Голосовой помощник
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
4 наурыз 2024
Обновлено: 18 маусым 2024

2024 жылы Қазақстандағы ЖМЗЖ: ерекшеліктері мен қыр-сыры

Жаңа жылда дәстүр бойынша Қазақстанда жаңа заңнамалық нормалар да «іске қосылады». Мәселен, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР-дағы компаниялар өздерінің мамандары үшін ЖМЗЖ (толық жазылуы: жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары) төлеуге міндетті. Бұл ретте жұмыс берушілер жарналарды 1975 жылғы 1 қаңтардан кейін туған қызметкерлер үшін ғана төлейтінін ескерген жөн.

МӘСҚ, ӘМСҚ қорларына ЖМЗЖ кім үшін төленбейді

1975 жылғы 1 қаңтарға дейін туған жұмыскерлермен қатар 2024 жылдан бастап ҚР-да ЖМЗЖ төленбейтін тұлғалардың тағы бес санатын бөліп көрсетуге болады. Олардың қатарында:

Онлайн-бухгалтерия

Бизнесіңіздің есебін оңай жүргізіңіз!

  • Зейнеткерлер (63 жастан асқан ерлер, 61 жастан асқан әйелдер)
  • Егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, I және II топтардағы мүгедектер.
  • Әскери қызметшілер (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа).
  • Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы алатын тұлғалар.
  • Лауазымда болу мерзімінің аяқталуына байланысты қызметінен кеткен және өмір бойы төлеммен қамтылатын ҚР КС судьялары.


2024 жылдан бастап жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының (ЖМЗЖ) сомасын қалай есептеуге болады

2024 жылдан бастап ЖМЗЖ есептеуде екі мәселе маңызды – өзекті мөлшерлеме және жұмыскер табысының мөлшері.

2024 жылғы 1 қаңтардағы жай-күйі бойынша мөлшерлеме 1,5%-ға жетеді. Келесі жылдары ол 1%-ға артып, 2028 жылғы 1 қаңтарға қарай 5%-ды құрайтын болады. Мөлшерлеменің біртіндеп ұлғаюы жұмыс берушілерге қаржылық жүктемені азайту, оларға жаңа шындыққа бейімделуге уақыт беру қажеттілігіне байланысты.

Мөлшерлеме қызметкердің ай сайынғы табысына қолданылады. Бұл ретте табыс деп жалақы ғана емес, сонымен қатар ақшалай түрдегі еңбекақының барлық түрі (сыйлықақы және т.б.) түсініледі. ЖМЗЖ аударылатын ай сайынғы табыс ең төменгі жалақыдан кем және ең төменгі жалақының 50 еселенген мөлшерінен артық болмауы тиіс.

Жарналар жұмыс берушінің есебінен төленіп, БЖЗҚ-да әрбір жұмыскер үшін ашылған шартты зейнетақы шотына ай сайын аударылып отырады. Операциялар «Азаматтарға арналған үкімет» арқылы жүргізіледі, бұл ретте жұмыс беруші төлем жасаған кезде, ЖМЗЖ төлейтін мамандардың тізімін қоса беруі тиіс.


2024 жыл үшін ЖМЗЖ қашан төлеу керек

Зейнетақы жарналарын (ЖМЗЖ) аудару мерзімі жұмыс беруші компанияның түріне байланысты. Жұмыс берушілердің көпшілігі аударымдарды жұмыскер ақша қаражатын алған айдан кейінгі айдың 25-ші күніне дейін жасайды. Бұл мерзімдер, мысалы, ЖК, фермер шаруашылықтары, сақтандыру компаниялары үшін өзекті.

Бірақ ерекшеліктер де бар. Мәселен, мемлекеттік кәсіпорындар есеп айырысуды төлем айынан кейінгі айдың 15-ші күніне дейін жүргізеді. «Салық туралы» Кодексте патенттік режим бойынша жұмыс істейтін ЖК үшін де ерекше мерзім қарастырылған.

ЖМЗЖ енгізу – Қазақстандағы зейнетақы реформасы бойынша іске асырылып жатқан шаралардың бірі. Жарналардың мақсаты – азаматтарға лайықты зейнетақыны қамтамасыз ету, зейнетақы төлемдерінің еңбек өтіліне сәйкестігі және зейнеткерлікке шыққан жұмыскерлердің өмір сүру деңгейін арттыру.

Наталья Брославская
Автор
Вам может понравиться
ЖК қызметінің басталуы туралы Талон
СЖТМ деген не

Заңнамаға сәйкес, кредит ресімдеудің алдында банк кредит берудің барлық шарттары туралы қарыз алушыны хабардар етуге міндетті. Әдетте кредит алушылар кредит сомасы, номиналды мөлшерлеме, ай сайынғы төлем мөлшері, мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігі сияқты параметрлерге көңіл бөледі. Алайда СЖТМ (сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі) сияқты көрсеткіштің де маңыздылығы кем емес. Себебі сыйақы мөлшерлемесі неғұрлым төмен болса, қарыз алушы үшін кредит беру шарттары соғұрлым тиімді.

Банк кредитінде СЖТМ-ның не екенін анықтап, бұл ұғымды қарапайым сөзбен түсіндіруге тырысайық.


СЖТМ деген не

СЖТМ немесе сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі – бұл кредитті пайдалана отырып, сіз бір жыл ішінде артық төлейтін жалпы сома. Ол кредит берген банктің қарызы бойынша сыйақыны ғана емес, сондай-ақ қарызға қызмет көрсетуге байланысты өзге де комиссиялар мен алымдарды да қамтиды. Мұнда сақтандыру да, кредит қаражаты есептелетін банк картасын дайындау мен оған қызмет көрсету құны және шотқа қызмет көрсету тарифтері де есепке алынады. Кредит шартына қол қою алдында мөлшерлемені нақтылау маңызды.

Айтпақшы, банктің кредит берген кезде СЖТМ-ны көрсету міндеті ҚР Азаматтық кодексімен реттелген. Бұл кредит беру процесін анағұрлым ашық етуге мүмкіндік беріп, кредит алушыға барынша тиімді кредит бағдарламасын таңдауға көмектеседі.

Есеп айырысу шотын ашу

СЖТМ мөлшері:

2011 жылдан бастап 2021 жылға дейін 10 жыл бойы мөлшерлеме біркелкі болып, 56% деңгейінде тұрды. Алайда 2011 жылдан бастап кредит түрін, оны қамтамасыз ету тәсілін, кредиттеу мерзімін ескере отырып, мөлшерлеме сараланды:

  • >56% – қамтамасыз етілмеген (яғни кепілді қамтымайтын) кредиттік бағдарламалар үшін. Егер қарыз кепілмен берілсе, онда кредит алушы 40% мөлшерлемемен алуды көздей алады.
  • >25% – ипотекалық кредит бойынша сыйақы.
  • >56% – микрокредиттер үшін ең жоғары көрсеткіш (кредит берудің мұндай түрі шағын сомадағы қарызды білдіреді). Бұл кепілмен берілетін кредиттерге де, кепілсіз берілетін кредиттерге де қатысты. Бұл ретте кепілді микрокредитті 45 күннен кем мерзімге ресімдейтін кредит алушылар 20% мөлшерлемемен алуды көздей алады (сомасы – 50 АЕК-ке дейін).

Осылайша мөлшерлемелер 20%-дан 56%-ға дейін өзгереді. Бірақ жоғарғы шек – 56%. Басқаша айтқанда, 56%-дан артық СЖТМ болуы мүмкін емес.

Кредитті өтеу тәсілдері

Кредиттік шарттарды өтеуге арналған төлемдердің екі түрі бар – аннуитеттік және сараланған. Осы ұғымдарды егжей-тегжейлі қарастырып көрейік.

Кредит екі компоненттен тұрады: негізгі борыш (сіз банктен тікелей қарызға алған сома) және пайыздар (яғни кредиттік қаражатты пайдалану үшін есептелетін банктің сыйақысы). Ал осы негізгі борыш пен пайыздарды қалай төлейтініңіз төлемдерді аннуитеттік немесе сараланған деп бөлудің негізіне айналды.

Аннуитеттік төлем өзінің жеңілдігіне байланысты көбірек сұранысқа ие. Барлық сома (негізгі борыш + пайыздар) кредит беру мерзімін ескере отырып, тең бөліктерге бөлінеді. Сіз ай сайын кредитті өтейсіз, бұл ретте енгізілген соманың бір бөлігі негізгі борышты төлеуге, ал бір бөлігі пайыздарды төлеуге жұмсалады. Негізгі борыштың пайыздарға арақатынасы біртіндеп өзгереді: мерзімнің бірінші жартысында салынған ақшаның басым бөлігі пайыздарды, ал екінші жартысында негізгі борышты өтейді. Кредит алушылар борыштық жүктеменің тұрақтылығы үшін төлемнің бұл түрін таңдағанды жөн көреді: сіз банкке қандай соманы төлеу керек екенін нақты білесіз, бұл шығыстарды тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді.

Сараланған төлем мұндай тұрақтылықпен ерекшеленбейді, бірақ төлемдер сомасының ай сайын азаятынын білдіреді. Алайда алғашқы айларда сізде ең жоғары кредиттік жүктеме болады. Мұндай тәсілдің мәні қарапайым: ай сайын сіз негізгі борыштың белгіленген сомасын төлейсіз, ал банкке пайыздарды өтеуге жұмсалатын сома біртіндеп азая береді.

СЖТМ қалай есептеледі

Артық төленетін соманы есептеуге сізге кредиттеу мәселесі бойынша кеңес беретін банк менеджері көмектеседі. Бұл ең оңай әрі барынша тиімді тәсіл, өйткені есептеген кезде, барлық комиссиялар мен өзге де төлемдерді ескеру қажет. Сонымен қатар ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес, есептеу күрделі формула бойынша жүргізіледі. Ол кәсіпқойларға – банк жұмыскерлері мен қаржыгерлерге арналған.

Егер есеп айырысуды өзіңіз жүргізгіңіз келсе, Қазақстан Үкіметінің Gov.kz сайтында онлайн-калькуляторды пайдаланыңыз. Алдымен жүйе қарызды өтеудің аннуитеттік немесе сараланған төлем тәсілін таңдауды ұсынады. Содан кейін кредиттің сомасы мен мерзімі, оның берілген күні, мөлшерлемесі және т.б. туралы ақпаратты көрсету қажет. Соңғы қадам – «Қолдану» батырмасын басу. Қарыз бойынша сыйақы сомасы автоматты режимде есептеледі.

Бұл мақалада біз кредит бойынша сыйақының не екенін түсініп, оның аса маңызды көрсеткіштердің бірі екенін анықтадық. Оны кредиттік бағдарламаны таңдаған кезде мұқият зерделеу қажет, өйткені ол төлем қабілеттілігін дұрыс бағалап, болашақта айыппұлдар мен кредиттік тарихтың нашарлауы сияқты мәселелерді болдырмауға көмектеседі.

Авторы  – Наталья Брославская 


ЖТС деген не?
Поиск по сайту
Біз cookies файлдарын қолданамыз
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Артқа
Cookie файлдарын баптау
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Міндетті cookies файлдары
Әрқашан белсенді
Бұл Cookies файлдары сіз туралы маркетингтік мақсатта пайдаланылуы мүмкін ақпаратты жинамайды және Интернетте қашан болғаныңызды есте сақтамайды. Браузердің параметрлерін өзгертіп, осы Cookies файлдарын ажыратуға болады, бірақ бұл біздің сайтпен әрекеттескенде, веб-сайтыңыздың жұмысына әсер етуі мүмкін.
Қосымша cookies файлдары
Cookie файлдары пайдаланушы тәжірибесін жақсартуға және сізге берілген кез келген ақпараттың сіздің мүддеңіз бен қалауыңызға сәйкес келетініне кепілдік беруге көмектеседі. Cookies файлдары ақпаратты ешкім тікелей сәйкестендірілмейтіндей етіп жинайды