Размер шрифта:
A A A
Цвет сайта:
Ц Ц Ц
Показывать изображения
Голосовой помощник
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Размер шрифта:
A A A
Цвет сайта:
Ц Ц Ц
Показывать изображения
Голосовой помощник
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
24 сәуір 2024
Обновлено: 18 маусым 2024

2024 жылы Қазақстанда АЕК және ЕТЖ қанша теңгені құрайды

Ең төменгі есептік көрсеткіштер әлеуметтік төлемді есептеп, салық пен өзге де төлем сомасын, айыппұл мөлшерін белгілеген кезде қолданылады. Бірінші кезекте мамандар АЕК және ЕТЖ сияқты көрсеткіштерді пайдаланады.

Бұл не? 2024 жылы Қазақстанда АЕК және ЕТЖ мөлшері қандай?

АЕК: мағынасын ашу

АЕК – бұл айлық есептік көрсеткіш. Бұл көрсеткіш жәрдемақыдан әкімшілік құқық бұзушылық үшін салынатын айыппұл мөлшерін есептеуге дейін әртүрлі міндеттерді шешкен кезде негізге алынады. Сондай-ақ кейбір салық түрлерін (атап айтқанда, автокөлікке салынатын салық) белгілеген кезде, мемлекеттік баж салығы, лицензиялық алым мөлшерін анықтаған кезде де бұл көрсеткішсіз есептеуге болмайды. АЕК компанияның жарғылық капиталының ең төменгі сомасын көрсету қажет болғанда да ескеріледі.

Онлайн-бухгалтерия

Бизнесіңіздің есебін оңай жүргізіңіз!

Жыл сайын бұл көрсеткіш өзгеріп отырады. 2024 жылы Қазақстанда 1 АЕК қаншаға тең? Айлық есептік көрсеткіш 3 692 теңгеге жетті, бұл сома 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап өзекті. Келесі жылға арналған АЕК мөлшері бюджет туралы заңда белгіленеді.

Айыппұл, салық, жәрдемақы әдетте АЕК мөлшерінде көрсетіледі (мысалы, 5 АЕК). Осылайша стандарт салық шегерімі 14 АЕК-ке тең, ал патент бойынша ең жоғары жылдық айналым 3528 АЕК-тен аспауы тиіс. 2024 жылы Қазақстанда АЕК есептеуді жеңілдету үшін арнайы калькулятор пайдаланылады. Бұл сервисті көптеген арнайы ресурстан табуға болады. Ол қажетті АЕК мөлшерін енгізіп, соманы жылдам әрі онлайн режимінде есептеуге мүмкіндік береді.

ҚР-да ЕТЖ дегеніміз не?

Бұл аббревиатура ең төменгі жалақы дегенді білдіреді. Басқаша айтқанда, жұмыскер еңбек нормаларын орындағаны үшін ЕТЖ белгіленген мөлшерден аз ақша ала алмайды. Бұл адамға айына қажет қызмет пен тауар жиынтығын қамтуға болатын сома деп есептеледі. Осылайша ең төменгі жалақы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен бола алмайды (ҚР-да 2024 жылы бұл көрсеткіш 43 407 теңгеге тең).

Көрсеткіш әлеуметтік төлемді есептеген кезде ескеріледі.

2024 жылы Қазақстанда ең төменгі жалақы (ЕТЖ) 85 000 теңгені құрайды, бұл деректер 1 қаңтардан бастап өзекті. Жыл сайын ЕТЖ көтерілуде (2023 жылы – 70 000 теңге). Мұндай шаралардың мақсаты – азаматтардың табысын арттыру.

Еңбек министрлігі 2025 жылдан бастап ЕТЖ есептеу тәсілін өзгертуді жоспарлап отырғанына назар салған жөн. Ең төменгі жалақы мөлшері медиандық жалақы мен орташа еңбек өнімділігін ескере отырып анықталады деп болжануда.

Бүгінде ең төменгі жалақы ел бойынша орташа жалақыны ескере отырып есептеледі. Сондай-ақ ең төменгі күнкөріс деңгейі, инфляция мен жұмыссыздық деңгейі сияқты факторлар қарастырылады.

2024 жылдан бастап Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялау жүргізіледі: бұл не және кімге қатысты?
Демалыс күндерін қалай дұрыс есептеу керек? Демалыстың қандай түрлері бар және олардың ерекшеліктері қандай?

Жылдар бойынша АЕК пен ЕТЖ салыстыру

Аталып өткендей, екі ең төменгі есептік көрсеткіш те жыл сайын өзгеріп отырады. Жылдар бойынша (2000 жылдан 2024 жылға дейін) АЕК пен ЕТЖ төменде келтірілген кестеде зерделеуге болады:

Жыл
АЕК
ЕТЖ
20243 692 теңге85 000 теңге
20233 450 теңге70 000 теңге
20223 063 теңге (1 қаңтардан бастап), 3 180 теңге (1 сәуірден бастап)
60 000 теңге
20212 917 теңге42 500 теңге
20202 651 теңге (1 қаңтардан бастап), 2 778 теңге (1 сәуірден бастап)
42 500 теңге
20192 525 теңге42 500 теңге
20182 405 теңге28 284 теңге
20172 269 теңге24 459 теңге
20162 121 теңге22 859 теңге
20151 982 теңге21 364 теңге
20141 852 теңге19 966 теңге
20131 731 теңге18 660 теңге
20121 618 теңге17 439 теңге
20111 512 теңге15 999 теңге
20101 413 теңге14 952 теңге
20091 273 теңге (1 қаңтардан бастап), 1 296 теңге (1 шілдеден бастап)
13 470 теңге (1 қаңтардан бастап), 13 717 теңге (1 шілдеден бастап)
20081 168 теңге 10 515 теңге (1 қаңтардан бастап), 12 025 теңге (1 шілдеден бастап)
20071 092 теңге9 752 теңге
20061 030 теңге9 200 теңге
2005971 теңге7 000 теңге (1 қаңтардан бастап), 9 200 теңге (1 шілдеден бастап)
2004919 теңге6 600 теңге
2003872 теңге5 000 теңге
2002823 теңге4 181 теңге
2001775 теңге3 484 теңге
2000725 теңге2 680 теңге

Келтірілген деректер Қазақстанда АЕК пен ЕТЖ көрсеткіштері қазір (2024 жыл) қанша екенін және бұрын қанша құрағанын салыстыруға мүмкіндік береді.

1 АЕК, 5 АЕК және одан әрі қанша теңгеге тең екенін есептеу ыңғайлы болу үшін кестені пайдалануға болады:

Бизнеске арналған шотты онлайн ашу 

Бірнеше батырма арқылы қолжетімді мүмкіндіктерді пайдаланыңыз 

АЕК мөлшері
2024 жылғы сомасы
13 692 теңге
518 460 теңге
1036 920 теңге
1555 380 теңге
2073 840 теңге
30110 760 теңге
50184 600 теңге
100369 200 теңге
200738 400 теңге

Сондай-ақ АЕК-ке байланысты ең көп таралған көрсеткіштердің сомасымен танысуға болады:

Атауы
АЕК мөлшері
2024 жылғы теңгемен сомасы
Стандарт салық шегерімінің мөлшері
14 АЕК51 688 теңге
Жыл ішіндегі патент бойынша ең жоғары айналым
3 528 АЕК13 025 376 теңге
Оңайлатылған декларация бойынша жарты жылдағы ең жоғары айналым
24 038 АЕК88 748 296 теңге
Бекітілген шегерім бойынша бір жылдағы ең жоғары айналым
144 184 АЕК532 327 328 теңге
ҚҚС бойынша есепке қою үшін бір жылдағы ең төменгі айналым
20 000 АЕК73 840 000 теңге

Көрсеткіштер жыл сайын едәуір өзгеріп отыратын жағдайда, АЕК пен ЕТЖ бірыңғай мәнін неліктен белгілемеске деген сұрақ туындайды. Мәселе ақшаның инфляцияға ұшырауында. Егер заңнамалық актілерде бекітілген мәндер көрсетілсе, онда заңдарды ұдайы өзгерту қажет болады. Мұндай машақатқа жол бермес үшін сома жыл сайын белгіленетін АЕК пен ЕТЖ көрсеткіштеріне байланыстырылады.

Автор
Наталья Брославская
Вам может понравиться
2024 жылдан бастап Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялау жүргізіледі: бұл не және кімге қатысты?

Жаңа 2024 жыл ҚР-дағы бизнес иелеріне кезекті өзгерістер әкелді: мысалы, 1 қаңтардан бастап ЖК мен заңды тұлғалар кірістерін жалпыға бірдей декларациялаудан өтуі тиіс. Бұл, қызмет саласына қарамастан, кәсіпкерлерге қолданылатын бизнес активтерінің өзіндік санағы. Мысалы, кондитерлер мен шағын дүкен иелері де, ірі кәсіпорындардың басшылары да 250-нысан бойынша декларация тапсыруы тиіс.

2023 жылы ҚР-да оңайлатылған режим бойынша жұмыс істейтін ЖК

Жеке кәсіпкер үшін бизнесті жүргізудің ең түсінікті, жеңіл әрі ыңғайлы тәсілдерінің бірі – бұл салық салудың оңайлатылған жүйесі (ССОЖ) бойынша ЖК. Егер қарапайым тілмен айтатын болсақ, бұл жағдайда бизнес оңайлатылған режим бойынша жұмыс істейді. Бұл режим әкімшілік процедуралардың санын азайтып, есептік құжаттаманы дайындауды жеңілдетеді. Ең бастысы, бизнес жүргізуді кәсіпкер өз бетінше – бухгалтерді тартпай-ақ атқара алады. Оңайлатылған режимнің ерекшеліктерін егжей-тегжейлі қарастырайық.

Оңайлатылған декларация қандай ЖК үшін қолжетімді?

Кәсіпкерлер, егер олардың бизнесі бір мезгілде келесі параметрлерге сәйкес келген жағдайда, оңайлатылған жүйені пайдалана алады:

  1. Қызметкерлердің саны

Жұмыскерлердің жалпы саны 30 адамнан аспауы тиіс (бұл санға бизнесменнің өзі де кіреді).

  1. Бөлімшелердің болуы

Компанияның басқа елді мекендерде орналасқан филиалдары жоқ.

  1. Жарты жылдағы кіріс

Оңайлатылған режим бойынша жұмыс істеуді жоспарлап отырған жеке кәсіпкердің бизнес айналымының нақты мөлшері кәсіпкердің үш компонентті интеграцияланған жүйені (ҮИЖ) қолдануымен анықталады. Ол POS-терминалмен және онлайн-кассамен, сондай-ақ тауарлардың есебін жүргізуге мүмкіндік беретін ERP жүйесімен жұмыс істеуді көздейді.

Егер бизнесмен 2023 жылы бизнесті оңайлатылған режим бойынша жүргізу үшін ҮИЖ қолданбаса, ЖК-ның жартыжылдық айналымы 24 038 АЕК-тен кем болуы тиіс. Осылайша жарты жылдағы ең жоғары кіріс 82 931 100 теңгеден аспауы тиіс (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап айлық есептік көрсеткіш 3 450 теңгеге жетті).

Егер кәсіпкер ҮИЖ қолданатын болса, онда жартыжылдық айналым 94 086 АЕК-тен (24 038 АЕК + 70 048 АЕК) төмен болуы тиіс. Ақшалай баламада – 324 596 700 теңге.

  1. Нарық сегменті

2023 жылы оңайлатылған режимдегі ЖК кез келген қызметпен айналыса алады. Алайда ҮИЖ мүмкін болмайтын бірқатар ерекшеліктер де бар, оларға мынадай салалар жатады:

  • Акцизделетін тауарларға байланысты қызмет (оларды дайындау, сақтау немесе көтерме саудада өткізу)
  • Мұнай өнімдерін (мысалы, дизель отынын немесе бензинді) сату
  • Лотерея билеттерінің ұтыс ойынын өткізу
  • Жер қойнауын пайдалану (лицензия бойынша жүзеге асырылатын қызметті есепке алмағанда)
  • Шыны ыдыспен жұмыс (оны жинау немесе қабылдау)
  • Металдармен байланысты қызмет (дайындау, сақтау, қайта өңдеу, сату)
  • Маркетингтік немесе консультациялық қызметтер көрсету
  • Аудит, бухгалтерлік есеп
  • Сақтандыру қызметтері
  • Әділет және құқық саласындағы жұмыс
  • Сауда алаңдарын жалға беру, оларды субжалға беру
  • Қаржы лизингі
  • Қонақ үй қызметтері (егер бір қонақ үйде екі және одан да көп салық төлеуші жұмыс істейтін болса)
  • Агенттік шарттар негізінде көрсетілетін қызметтер

Салық салудың оңайлатылған жүйесі бойынша жұмыс істеу үшін бір мезгілде аталған барлық параметрлерге жауап беру керек екеніне тағы да сіздің назарыңызды аударамыз. Егер бизнесмен критерийлердің ең болмаса біріне сәйкес келмесе, ол салық салудың жалпы режиміне көшеді.

Оңайлатылған режим бойынша ЖК қандай салықтарды төлейді?

ип на упрощенке 2023

2023 жылы ҚР-да оңайлатылған режим бойынша жеке кәсіпкердің қандай салықтар төлейтінін түсіну үшін оның жалдамалы жұмыскерлері бар-жоғын білу керек. Бизнесмен жалғыз жұмыс істейтін немесе қызметкерлерді жалдайтын екі жағдайды да егжей-тегжейлі қарастырайық.

2023 жылы қызметкерлерді тартпай-ақ жұмыс істейтін ЖК үшін оңайлатылған режим бойынша салынатын салықтар

Қосымша мамандар жалдамайтын бизнесмен бюджетке салық төлемдерін және өзі үшін міндетті жарналарды жүзеге асырады.

Бюджетке төленетін төлемдерге жеке табыс салығы (ЖТС) және әлеуметтік салық жатады. Әр салыққа пайданың 1,5%-ы тиесілі. Жиыны – кірістің 3%-ы. Бюджетке төлем жылына екі рет, яғни жарты жылда бір рет: ағымдағы жылдың 25 тамызына дейін және келесі жылдың 25 ақпанына дейін орындалады.

ЖК ашу

Кәсіпкер өз пайдасына келесіні төлейді:

  • Міндетті зейнетақы жарнасы (МЗЖ) – ай сайынғы табыстың 10%-ы.
  • Әлеуметтік жарналар – жалақының 3,5%-ы.
  • Медициналық сақтандыру төлемдері (МӘМСЖ) – 1,4 ЕТЖ-ның 5%-ы (бұл 2023 жылы 4 900 теңгені құрайды).

2023 жылы оңайлатылған режим бойынша жалақы мөлшерін кәсіпкер өзі белгілей алатынын ескеріңіз, заңнама тек соманың шегін регламенттейді. Осылайша міндетті зейнетақы жарналарын енгізген кезде, бұл айына 1-ден 50 ЕТЖ-ға дейін (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ЕТЖ – 70 000 теңге), ал әлеуметтік аударымдар кезінде – айына 1-ден 7 ЕТЖ-ға дейін.

Аударылған төлемдер ай сайын жасалады. Жарналарды есепті айдан кейінгі айдың 25-не дейін жасау қажет.

Бұдан басқа бірнеше ерекшелікті есте сақтау маңызды:

  • Егер кәсіпкер бала күтіміне байланысты демалыста болса, бірақ ресми түрде өз жұмысын тоқтатпаса және пайда табуды жалғастырса, онда МЗЖ және әлеуметтік жарналарды төлеу қажет (кемінде бір ЕТЖ-дан).
  • Егер кәсіпкер қызметін тоқтатпаса, бірақ ол пайда алмаса, оған бәрібір есеп беруге тура келеді.
  • Тіпті сіз қызметіңізді тоқтатып, салық есептілігін ұсынбасаңыз да, ай сайын МӘМСЖ төлеуіңіз қажет (1,4 ЕТЖ-ның 5%-ы).

2023 жылы оңайлатылған режим бойынша жалдамалы қызметкерлермен жұмыс істейтін ЖК үшін салықтар

Егер бизнесмен мамандарды жалдаса, онда ол да жоғарыда көрсетілген төлемдерді (өз пайдасына және бюджетке) жасайды. Сонымен қатар ол өзінің әрбір маманы үшін қаражат аударуы қажет:

  • 10% – ЖТС
  • 10% – МЗЖ
  • 3,5% – әлеуметтік аударымдар
  • 3% – МӘМС (міндетті медициналық сақтандыру)
  • 2% – МӘМСЖ (медициналық сақтандыруға арналған жарналар)

Пайыздар жалдамалы мамандардың жалақы сомасынан есептеледі. Сондай-ақ қызметкердің мәртебесін (зейнеткер, мүгедек, шетелдік және т.б.) ескеру қажет.

Есіңізге сала кетейік, оңайлатылған салық жүйесі бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлер жұмыскерлер үшін әлеуметтік салықтан босатылады. Бірінші қаралған жағдайдағыдай, мамандар үшін төлемдер әр ай сайын (есепті айдан кейінгі айдың 25-іне дейін) жасалады.

Бұдан басқа бизнесмен жұмыс беруші ретінде өз қызметкерлеріне еңбекке жарамсыздық парақтарын, демалыс ақысын немесе егер қызметкер еңбек демалысын пайдаланбаса, өтемақы төлеуі тиіс.

Оңайлатылған режим бойынша ЖК үшін ҚҚС төлеу

Бизнесменге ҚҚС төлеу қажеттілігі оның жылдық табысымен анықталады. Осылайша егер тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сату бойынша салық салынатын айналым жылына келесі мөлшерден асып кетсе, бизнесмен 2023 жылы оңайлатылған салық режимі кезінде ҚҚС бойынша тіркеу есебіне тұруы қажет:

  • 20 000 АЕК – ҮИЖ қолданбайтын ЖК үшін. 2023 жылы бұл 69 000 000 теңгеге баламалы;
  • 144 184 АЕК (20 000 АЕК + 124 184 АЕК) – ҮИЖ қолданған кезде. Бұл 497 434 800 теңгені құрайды

Айналым асып кеткен кезде, кәсіпкер асып кету туындаған ай аяқталған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде салықтық өтінішті (электрондық немесе қағаз нысанында) дербес беруге міндетті.

Егер кәсіпкер ҚҚС бойынша есепке тұрса, оған төлеушінің куәлігі беріледі. Осы сәттен бастап ол тоқсан сайын ҚҚС бойынша декларация беріп, 12% мөлшерлеме бойынша салық төлеуі қажет.

Қазақстанда оңайлатылған режим бойынша ЖК-ні қалай жүргізу керек?

налоги ип 2023 рк по упрощенке

Мұны кез келген ыңғайлы тәсілмен: дербес, аутсорсингтегі бухгалтердің немесе штаттық бухгалтердің көмегімен жасауға болады. Әр нұсқаның өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Мысалы, штатқа бухгалтерді жалдау әрдайым экономикалық тұрғыдан орынды бола бермейді (әсіресе егер біз шағын бизнес туралы айтатын болсақ). Сондықтан шағын бизнес аутсорсингте бухгалтерия жүргізу қызметін жиі пайдаланады.

Өз кезегінде бухгалтерияны дербес жүргізу барлық аспектілерді мұқият зерделеуді білдіреді, көптеген ерекшелікті ескеру қажет. Мысалы, кәсіпкер қандай тәсілмен табыс таба алатынын және оған қандай құжаттарды дайындауға тура келетінін қарастырайық:

  1. Қолма-қол ақша. Қолма-қол ақшамен жұмыс істеу үшін онлайн-касса қажет, әрбір сауда жасаған кезде, клиентке чек беру қажет
  2. Банк картасы бойынша төлем. Бұл жағдайда да онлайн-касса қажет.
  3. Қосымша арқылы жүргізілетін операциялар (мысалы, Homebank немесе Kaspi сервисі арқылы). Бұл жерде де онлайн-кассасыз болмайды.
  4. Банктегі ЖК шотына аудару. Егер сізбен тауар үшін есеп айырысатын болса, онда төлем жасауға арналған шотты, жүкқұжатты және электрондық шот-фактураны (ЭШФ) дайындау талап етіледі. Ал егер клиенттер сіздің қызметтеріңізге осылайша ақы төлесе, онда шот жазып беріп, орындалған жұмыстардың қағаз немесе электрондық актісін (ОЖЭА) жасау және ЭШФ дайындау қажет.

2023 жылы оңайлатылған режимдегі ЖК ЭШФ жазып беруге міндетті ме? 2021 жылғы 1 сәуірден бастап, егер заңды тұлғалармен немесе ЖК-мен жасалатын бір шарт бойынша сома (оңайлатылған режимді, патентті қолданатындардан басқа) 1 000 АЕК-тен, яғни 3 450 000 теңгеден асса, бұл құжатты жазып беру қажет.

ЖК үшін шот ашу

Бірақ мұнымен шектелмейді. Келесі кәсіпкерлерге ЭШФ дайындау қажет:

  • ҚҚС төлеушілер болып табылатын кәсіпкерлер.
  • Басқа елдерден әкелінген тауарларды сататын (импорт) кәсіпкерлер.
  • ҚҚС төлемейтін, бірақ ЭШФ жүйесінің «Виртуалды қойма» (ВҚ) модулінде тіркелген тауарларды сататын кәсіпкерлер.
  • Халықаралық жүк тасымалдау саласында қызметтер көрсететін (ҚҚС төлейтініне қарамастан) кәсіпкерлер

Аталған санаттағы бизнесмендер шартқа сәйкес сома 1 000 АЕК-ке жетпеген жағдайда, ЭШФ дайындауы қажет екенін ескеріңіз..

Оңайлатылған жүйе бойынша кәсіпкерлер қандай есептілікті дайындайды?

Оңайлатылған жүйе бойынша жұмыс істейтін ЖК 910.00 нысанын жарты жылда бір рет толтыруы тиіс:

  • І жартыжылдықтың қорытындысы бойынша құжат 1 шілдеден 15 тамызға дейін ұсынылады. Сондай-ақ 25 тамызға дейін табыс салығы – 3% төленеді
  • II жартыжылдық үшін 1 қаңтардан бастап есеп беріледі. Есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанына дейін үлгеру қажет. Бұдан басқа 25 ақпанға дейін 3%-дық салықты төлеу қажет.

Нысан онлайн режимінде беріледі, бұл уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.

Жеке кәсіпкерлер үшін жеңілдіктер бар ма?

Қазақстанның Салық кодексінде оңайлатылған жүйе бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлер үшін жеңілдіктер жазылған. Бірақ бұл жеңілдіктер тек мамандарды жалдайтын бизнесмендерге ғана қатысты.

ЖК әрбір қызметкер үшін төлейтін салықты 1,5%-ға төмендетуі мүмкін. Бұл маманның жалақысы 25 АЕК (яғни 86 250 теңге) немесе осы көрсеткіштен асқан жағдайда ғана мүмкін болады.

Жеңілдікті 910.00 нысанын толтырған кезде қолдануға болады. Төлем жасауға арналған соманы есептеу автоматты режимде орындалатын болады.

Кәсіпкер тек жеңілдіктерге ғана сене алмайтынына назар аударыңыз. Ол өз міндеттемелерін, оның ішінде салықты уақтылы төлеу жөніндегі міндеттемелерін есте ұстауы қажет. Әртүрлі бұзушылықтар ескерту (бірінші рет) арқылы жазаланады. Екінші және одан кейінгі бұзушылықтар анықталған кезде, кәсіпкерге айыппұл салынады. Оның үстіне аз сома емес – 15-тен 50 АЕК-ке дейін.

Оңайлатылған салық жүйесі кәсіпкерлерді қарапайымдылығымен және айқындылығымен тартады, бұл барлық есепті өз бетінше жүргізуге және бөгде мамандардың қымбат тұратын қызметтеріне жүгінбеуге мүмкіндік береді. Алайда оңайлатылған жүйеде де барлық ерекшеліктерді біліп, заңнама нормаларын түсіну маңызды. Бұл өз бизнесіңізді ашық әрі тиімді жүргізуге, жеңілдіктерді пайдалануға және ескерту мен айыппұлдарға жол бермеуге мүмкіндік береді.

Авторы - Наталья Брославская  

СЖТМ деген не

Заңнамаға сәйкес, кредит ресімдеудің алдында банк кредит берудің барлық шарттары туралы қарыз алушыны хабардар етуге міндетті. Әдетте кредит алушылар кредит сомасы, номиналды мөлшерлеме, ай сайынғы төлем мөлшері, мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігі сияқты параметрлерге көңіл бөледі. Алайда СЖТМ (сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі) сияқты көрсеткіштің де маңыздылығы кем емес. Себебі сыйақы мөлшерлемесі неғұрлым төмен болса, қарыз алушы үшін кредит беру шарттары соғұрлым тиімді.

Банк кредитінде СЖТМ-ның не екенін анықтап, бұл ұғымды қарапайым сөзбен түсіндіруге тырысайық.


СЖТМ деген не

СЖТМ немесе сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі – бұл кредитті пайдалана отырып, сіз бір жыл ішінде артық төлейтін жалпы сома. Ол кредит берген банктің қарызы бойынша сыйақыны ғана емес, сондай-ақ қарызға қызмет көрсетуге байланысты өзге де комиссиялар мен алымдарды да қамтиды. Мұнда сақтандыру да, кредит қаражаты есептелетін банк картасын дайындау мен оған қызмет көрсету құны және шотқа қызмет көрсету тарифтері де есепке алынады. Кредит шартына қол қою алдында мөлшерлемені нақтылау маңызды.

Айтпақшы, банктің кредит берген кезде СЖТМ-ны көрсету міндеті ҚР Азаматтық кодексімен реттелген. Бұл кредит беру процесін анағұрлым ашық етуге мүмкіндік беріп, кредит алушыға барынша тиімді кредит бағдарламасын таңдауға көмектеседі.

Есеп айырысу шотын ашу

СЖТМ мөлшері:

2011 жылдан бастап 2021 жылға дейін 10 жыл бойы мөлшерлеме біркелкі болып, 56% деңгейінде тұрды. Алайда 2011 жылдан бастап кредит түрін, оны қамтамасыз ету тәсілін, кредиттеу мерзімін ескере отырып, мөлшерлеме сараланды:

  • >56% – қамтамасыз етілмеген (яғни кепілді қамтымайтын) кредиттік бағдарламалар үшін. Егер қарыз кепілмен берілсе, онда кредит алушы 40% мөлшерлемемен алуды көздей алады.
  • >25% – ипотекалық кредит бойынша сыйақы.
  • >56% – микрокредиттер үшін ең жоғары көрсеткіш (кредит берудің мұндай түрі шағын сомадағы қарызды білдіреді). Бұл кепілмен берілетін кредиттерге де, кепілсіз берілетін кредиттерге де қатысты. Бұл ретте кепілді микрокредитті 45 күннен кем мерзімге ресімдейтін кредит алушылар 20% мөлшерлемемен алуды көздей алады (сомасы – 50 АЕК-ке дейін).

Осылайша мөлшерлемелер 20%-дан 56%-ға дейін өзгереді. Бірақ жоғарғы шек – 56%. Басқаша айтқанда, 56%-дан артық СЖТМ болуы мүмкін емес.

Кредитті өтеу тәсілдері

Кредиттік шарттарды өтеуге арналған төлемдердің екі түрі бар – аннуитеттік және сараланған. Осы ұғымдарды егжей-тегжейлі қарастырып көрейік.

Кредит екі компоненттен тұрады: негізгі борыш (сіз банктен тікелей қарызға алған сома) және пайыздар (яғни кредиттік қаражатты пайдалану үшін есептелетін банктің сыйақысы). Ал осы негізгі борыш пен пайыздарды қалай төлейтініңіз төлемдерді аннуитеттік немесе сараланған деп бөлудің негізіне айналды.

Аннуитеттік төлем өзінің жеңілдігіне байланысты көбірек сұранысқа ие. Барлық сома (негізгі борыш + пайыздар) кредит беру мерзімін ескере отырып, тең бөліктерге бөлінеді. Сіз ай сайын кредитті өтейсіз, бұл ретте енгізілген соманың бір бөлігі негізгі борышты төлеуге, ал бір бөлігі пайыздарды төлеуге жұмсалады. Негізгі борыштың пайыздарға арақатынасы біртіндеп өзгереді: мерзімнің бірінші жартысында салынған ақшаның басым бөлігі пайыздарды, ал екінші жартысында негізгі борышты өтейді. Кредит алушылар борыштық жүктеменің тұрақтылығы үшін төлемнің бұл түрін таңдағанды жөн көреді: сіз банкке қандай соманы төлеу керек екенін нақты білесіз, бұл шығыстарды тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді.

Сараланған төлем мұндай тұрақтылықпен ерекшеленбейді, бірақ төлемдер сомасының ай сайын азаятынын білдіреді. Алайда алғашқы айларда сізде ең жоғары кредиттік жүктеме болады. Мұндай тәсілдің мәні қарапайым: ай сайын сіз негізгі борыштың белгіленген сомасын төлейсіз, ал банкке пайыздарды өтеуге жұмсалатын сома біртіндеп азая береді.

СЖТМ қалай есептеледі

Артық төленетін соманы есептеуге сізге кредиттеу мәселесі бойынша кеңес беретін банк менеджері көмектеседі. Бұл ең оңай әрі барынша тиімді тәсіл, өйткені есептеген кезде, барлық комиссиялар мен өзге де төлемдерді ескеру қажет. Сонымен қатар ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес, есептеу күрделі формула бойынша жүргізіледі. Ол кәсіпқойларға – банк жұмыскерлері мен қаржыгерлерге арналған.

Егер есеп айырысуды өзіңіз жүргізгіңіз келсе, Қазақстан Үкіметінің Gov.kz сайтында онлайн-калькуляторды пайдаланыңыз. Алдымен жүйе қарызды өтеудің аннуитеттік немесе сараланған төлем тәсілін таңдауды ұсынады. Содан кейін кредиттің сомасы мен мерзімі, оның берілген күні, мөлшерлемесі және т.б. туралы ақпаратты көрсету қажет. Соңғы қадам – «Қолдану» батырмасын басу. Қарыз бойынша сыйақы сомасы автоматты режимде есептеледі.

Бұл мақалада біз кредит бойынша сыйақының не екенін түсініп, оның аса маңызды көрсеткіштердің бірі екенін анықтадық. Оны кредиттік бағдарламаны таңдаған кезде мұқият зерделеу қажет, өйткені ол төлем қабілеттілігін дұрыс бағалап, болашақта айыппұлдар мен кредиттік тарихтың нашарлауы сияқты мәселелерді болдырмауға көмектеседі.

Авторы  – Наталья Брославская 


Тігін бизнесі: арманнан мақсатқа. GUITEX компаниясының негізін қалаушы Гүлмира Айтымбетованың тарихы

Наурыз айының ортасында ЦентрКредит Банкі сұхбаттар топтамасын іске қосты, олардың кейіпкерлері – қазақстандық кәсіпкерлер. Бірінші сұхбаттың кейіпкері Гүлмира Айтымбетова болды. Оның тарихы шабыттандырады: кәсіпкер жалдамалы пәтердегі ательеден өз бизнесіне дейін күрделі жолдан өткен, оның клиенттерінің арасында ірі қазақстандық және халықаралық компаниялар бар. Олардың қатарында – The Ritz-Carlton люкс мейманханалар желісі, Шымкент сыра қайнату зауыты, SMALL супермаркеттер желісі, «Қазақстан» қонақүйі.

Бүгінде GUITEX компаниясы – корпоративтік киім тігу бойынша елдегі ең ірі компаниялардың бірі. Оның тұрақты клиенттері болып табылатын 100-ден астам ұйым бар, ал өндіріс көлемі 60 миллион теңгеге жетеді.

Тауар беру пунктін қалай ашуға болады?

Wildberries, Ozon, Lamoda маркетплейстерінде күн сайын мыңдаған қазақстандық тауарға тапсырыс береді. Мысалы, небәрі бір жыл ішінде Ozon компаниясының ҚР-дағы айналымы 10 есе өсті, ал бір белсенді сатып алушыға шаққандағы тапсырыстардың саны жылына 20-ға жақындады. CDEK курьерлік қызметін пайдаланатын адамдардың саны да аз емес. Сондықтан осы компаниялардың тауар беру пунктін (ТБП) ашу – перспективалы бизнес-идея.

Поиск по сайту
Біз cookies файлдарын қолданамыз
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Артқа
Cookie файлдарын баптау
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Міндетті cookies файлдары
Әрқашан белсенді
Бұл Cookies файлдары сіз туралы маркетингтік мақсатта пайдаланылуы мүмкін ақпаратты жинамайды және Интернетте қашан болғаныңызды есте сақтамайды. Браузердің параметрлерін өзгертіп, осы Cookies файлдарын ажыратуға болады, бірақ бұл біздің сайтпен әрекеттескенде, веб-сайтыңыздың жұмысына әсер етуі мүмкін.
Қосымша cookies файлдары
Cookie файлдары пайдаланушы тәжірибесін жақсартуға және сізге берілген кез келген ақпараттың сіздің мүддеңіз бен қалауыңызға сәйкес келетініне кепілдік беруге көмектеседі. Cookies файлдары ақпаратты ешкім тікелей сәйкестендірілмейтіндей етіп жинайды