Размер шрифта:
A A A
Цвет сайта:
Ц Ц Ц
Показывать изображения
Голосовой помощник
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Размер шрифта:
A A A
Цвет сайта:
Ц Ц Ц
Показывать изображения
Голосовой помощник
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
13 қаңтар 2024
Обновлено: 3 шілде 2024

Мүлік кепілдігімен берілетін кредит

Кепiлдi кредит беру – бұл қарыз алушы кредит төлеудi қамтамасыз ету ретiнде жылжымайтын мүлiктi немесе басқа мүлiктi кепiлге беруге мiндеттенетiн кредит беру түрлерiнiң бiрi. Кепiлдi кредит берудiң мақсаттары әртүрлi болуы мүмкiн: жылжымайтын мүлiк, автомобиль сатып алу, үй жөндеу немесе салу, бизнес үшiн жабдықтар сатып алу және т.б.

Егер ұзақ мерзімге ірі сома талап етілсе, мүлік кепілдігімен берілетін кредит тиімді, пайыздық мөлшерлеме мен  қамтамасыз етілмеген кредит бойынша төлем төмен болады. Кірісті растау арқылы да, кірісті растаусыз да кредит алу мүмкіндіктері бар.

Кепілді кредит берудің ерекшеліктері

Кепiлдi кредит беру шарттары банкке және кредиттiң мақсатына қарай түрленуi мүмкiн. Әдетте тұтынушылық кредиттермен салыстырғанда неғұрлым төмен пайыздық мөлшерлемеге қарамастан, қарыз алушылар кепіл түрінде қамтамасыз етуді ұсынуға міндетті. Мүлiктiң құнын бағалау немесе кредиттiк өтiнiмдi өңдеу үшiн қосымша комиссиялар алынуы мүмкiн.

#залоговыйкредит под залог недвижимости

Кепілді кредит берудің басты ерекшеліктерінің бірі - кредит төленбеген жағдайда банктің кепілге салынған мүлікті сатуға құқығы бар. Сондықтан кепілді кредит алмас бұрын өзіңіздің қаржылық мүмкіндіктеріңіз бен тәуекелдеріңізді мұқият бағалау қажет.

Кепілді кредит берудің ең кең таралған түрлері:

  • мүліктік кепіл: жылжымайтын мүлікті немесе басқа мүлікті кепілге беру;
  • бизнес үшін кепілді кредит беру: қаржыландыру үшін кепілге кәсіпорындарды  пайдалану;
  • депозитті кепілге қоятын кепілді кредит: банктегі қолданыстағы депозитті кредит алу үшін қамтамасыз ету ретінде пайдалану;

Қарыз алушының құқықтары

Кепілді кредит беру кезіндегі қарыз алушының құқықтарының да өз ерекшеліктері бар. Мысалы, қарыз алушының өзінің кредиттік шотының жай-күйі туралы ақпарат алуға, сондай-ақ кредитті айыппұл санкцияларынсыз мерзімінен бұрын өтеуге құқығы бар.

Алайда, кредит шартының талаптары бұзылған жағдайда банк мiндеттемелердiң орындалуын талап етуге және берешектi өндiрiп алу жөнiнде шаралар қолдануға құқылы.

Қарыз алушыларға арналған ұсынымдар

Артық төлеу мөлшерін талдау: пайыздық мөлшерлемелерді ғана емес, сондай-ақ кредиттің бүкіл мерзімі үшін артық төлемнің жалпы сомасын бағалаңыз.
Шарттарды мұқият зерделеу: қосымша комиссиялар мен төлемдерді қоса алғанда, кредит шартының барлық аспектілерін мұқият зерделеңіз.
Кепілдің өтімділігін бағалау: қаржылық қиындықтар туындаған жағдайда кепілді оңай сатуға болатындығына көз жеткізіңіз.
Баламаларды қарау: кепілді кредиттің шарттарын кредиттеудің басқа түрлерімен салыстыру.
Қаржылық тәртіпті сақтау: кредиттік тарихты жақсарту және кепілдікті жоғалтуды алдын алу үшін төлемдерді кешіктіруден аулақ болыңыз.
Кепiлдi кредит беру дұрыс пайдаланылған жағдайда қаржылық мақсаттарға қол жеткiзу үшiн пайдалы құрал болуы мүмкiн. Алайда кредиттік процесті табысты аяқтау үшін шарт талаптарын мұқият талдау және жауапкершілікпен орындау талап етіледі.

Вам может понравиться
2023 жылы Қазақстанда қандай бизнес ашуға болады?

Қазақстан – бизнес жүргізу үшін перспективалы бағыт.

Біріншіден, елімізде кәсіпкерлер үшін қолайлы жағдайлар жасалған. Мысалы, өз қызметін жалдамалы жұмыскерлерсіз, оңайлатылған жүйе бойынша жүзеге асыратын жеке кәсіпкер жылына екі рет табыстың 3%-ын, табыс салығын және әлеуметтік салықты төлейді, сондай-ақ ай сайын өз пайдасына зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, медициналық сақтандыру төлемдері сияқты міндетті төлемдерді жүзеге асырады. Жалпы белгіленген режимде бизнес үшін пайдаға салынатын салық 10%-ды құрайды. Сонымен қатар жеке тұлғалар өзін-өзі жұмыспен қамтығандар ретінде тіркеле алады, бұл мүмкіндікті репетиторлар, бала күтушілер, фотографтар, фермерлер және т.б. пайдаланады. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін жеке тұлғаның тұрғылықты жеріне қарай 0,5 немесе 1 АЕК-ке тең бірыңғай жиынтық төлем көзделген (республикалық маңызы бар қалалардың тұрғындары үшін – 1 АЕК, қалған елді мекендер үшін – 0,5 АЕК).
Екіншіден, Қазақстан ТМД мен Еуразиялық экономикалық одақтың құрамына кіреді, бұл елді Ресей мен Беларусь бизнесмендерінің кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыру үшін тартымды орынға айналдырады. Артықшылықтардың арасында келесіні атап өтуге болады:

  • виза ресімдемей-ақ, елде тұру және жұмыс істеу мүмкіндігі;
  • тіл жағынан кедергінің болмауы;
  • жұмсақ салық режимі (мысалы, Қазақстанда ҚҚС 12% құраса, Ресейде – 20%, Беларусь елінде – 25% құрайды).


Үшіншіден, елімізде цифрландыру белсенді қарқын алып келе жатыр, бұл кәсіпкерлердің көптеген бизнес-процедураларды орындауын жеңілдетеді. Мысалы, заңды тұлғаны тіркеу үшін бүгін офистен шығудың қажеті жоқ, онлайн тіркелу үшін интернетке қосылған компьютердің болуы жеткілікті.
Сізге 2023 жылы инвестицияның ең аз мөлшерімен бизнес ашуға болатын қызықты бизнес-идеялар мен сұранысқа ие бағыттардың топтамасын ұсынамыз.

ЖК онлайн тіркелу

Қоғамдық тамақтану: өзімен бірге әкетуге кофе

Статистика бойынша, әлемдегі әрбір үшінші адам күніне кем дегенде бір рет өзімен бірге әкетуге кофе алады. Қазақстандықтар да тыс қалмайды: олар елімізде жылына 10 млн кг астам сергітетін сусын тұтынады. Сонымен қатар, өзімен бірге әкетуге кофе толыққанды мәдени кодқа айналды, ол адамның өмір салтын, оның мәртебесін көрсетеді.
Сондықтан да өзімен бірге әкетуге кофе 2023 жылғы ең өзекті бизнес болып табылады. Бұл бағыттың 2023 жылғы топ бизнес-идеялардың арасында көш бастап тұруы ғажап емес. Алайда, шағын кофехана шын мәнінде табыс әкелуі үшін орынды дұрыс таңдау қажет, кофехананың офис ғимаратында немесе оның жанында орналасқаны оңтайлы. Өзекті мәліметтерге сүйенсек, әрбір офис жұмыскері күніне кем дегенде екі шыны кофе ішеді. Бұдан пайда табуға болатыны айқын.
Шығындарға келетін болсақ, бұл бизнесте шығыстардың екі негізгі бабы бар – жайды жалға алу және кофемашина сатып алу. Ең кішкентай жайды жалға алуға болады, себебі «өзімен бірге әкетуге кофе» форматында келушілерге арналған үстелдер қарастырылмаған. Кәсіби кофемашинаның құны 2 млн теңгеге жетуі мүмкін, алайда 2023 жылы инвестицияның ең аз мөлшерімен бизнес-идеяны бастау үшін 300 мың теңгелік бюджеттік нұсқаға тоқталуға болады.
Уақыт өте келе шағын бизнес идеясы одан да үлкен іске айналуы мүмкін. Мысалы, бизнесті кеңейтіп, клиенттерге бәліш, тәтті нан, вафли сияқты десерттерді ұсынуға болады. Ол үшін сенімді жеткізушіні тауып, оларды сақтау және келушілерге көрсету үшін тоңазытқыш жабдықтарын сатып алу қажет. Шағын бизнесті толыққанды кофеханаға дейін дамыту келесі қадам болуы мүмкін.

Білім беру: онлайн форматтағы репетитор

Бұл 2023 жылы инвестициясыз бизнес-идеялар іздейтін жандар үшін оңтайлы шешім болып табылады. Сабақтар онлайн форматта өткізілетіндіктен, кәсіпкерге жайды жалға алып, оқушыға арналған жұмыс орнын жабдықтаудың қажеті жоқ. Тұтастай алғанда шығындар тек интернет үшін төлемді және өзекті оқу құралдарын сатып алуды қамтиды
Не оқыту керек? Бұл жерде шет тілдері саласында білімі бар оқытушылардың басымдыққа ие екені сөзсіз. Оның үстіне сіз оқушыларды да, студенттерді де, тіпті ауқатты ересек адамдарды да оқыта аласыз. Айтпақшы, шет тілдерін оқыту маусымдық бизнес емес, ол жыл бойы, соның ішінде жаз мезгілінде, мектептерде демалыс кезінде өтуі мүмкін.
2023 жылдың тағы бір сұранысқа ие бизнес-идеясы – оқушыларды қорытынды немесе қабылдау емтихандарында (қазақ және ағылшын тілдері, Қазақстан тарихы, алгебра және т.б.) тапсыратын пәндер бойынша онлайн-оқыту. Сұраныс рейтингінде химия, физика, биология, геометрия сияқты дәстүрлі күрделі пәндер де артта қалмайды.
Айта кетерлігі, уақыт өте келе кәсіпкер өзінің онлайн-сабақтарын толыққанды онлайн-мектепке дейін кеңейте алады. «Үйде бизнес жүргізуге арналған идеялар» рейтингінің ең үздік тобына сенімді түрде енетін және ең аз шығын кететін осы өте перспективалы әрі жылдам өтелетін бизнес-бағытты назарға алуды ұсынамыз.

Құрылыс қызметтері: пәтерлерді жөндеу

Тек 2022 жылы Қазақстанда 12 млн м2 астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл пәтерлер мен үйлердің бір бөлігі жайластыруға мұқтаж. Сонымен қатар қайталама нарықтағы пәтерлерде де жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Коммуникацияларды жүргізуді және қабырғаларды сылауды қауіпсіз әрі сапалы түрде орындау екінің бірінің қолынан келе бермейтіндіктен, көбінесе осы жұмыстар үшін мамандар жалданады.
Бұл 2023 жылы ең қарапайым әрі пайдалы бизнес болып табылады. Қарапайым, өйткені офисті жалдаудың қажеті жоқ және бұл саладағы мамандардың дағдылары (қажетті құрал-жабдықтар да) бұрыннан бар. Пайдалы, себебі Қазақстанда пәтерге аса күрделі емес дизайн бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізудің өзі 10 млн теңгеге жуық болады. Бұл сома материалдар мен жұмыс құнынан құралады.
Дизайн саласында білімі бар мамандар да басымдыққа ие болады, бұл бағыт қазір өте көп сұранысқа ие. Бұл білім идеядан бастап іске асыруға дейінгі толық циклді қызметтерді көрсетуге мүмкіндік береді.
Айтпақшы, құрылыс және жөндеу қызметін «жергілікті» түрде көрсетуге болады. Өз-өзіңізге жұмыс істеудің кең таралған идеяларының бірі – сөрені шегелеуден есіктерді орнатып, ваннаға плиткаларды төсеуге дейінгі үй мәселелерін шешуге қабілетті мамандарға арналған «бір сағатқа күйеу» қызметі.


Жалға беру: құрылыс құралдарын жалға беру

Ең жиі кездесетін жағдай, бір күні сіз кәсіби бұрғыға немесе бұрандалы шегені бұрағышқа ақша жұмсадыңыз делік. Осы жабдықтың көмегімен сіз қойылған міндеттерді тиімді шештіңіз, бірақ ол енді жайдан-жай «тұрып қалды», бұл үлкен жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін жиі болатын жағдай. Ал оны жалға беруге болады емес пе? Бұл – 2023 жылы ең аз салымды қажет ететін тағы бір сұранысқа ие бизнес-идея. Статистика бойынша, адам барлық уақыт ішінде бұрғыны кемінде 13 минут пайдаланады. Әлеуетті клиенттерге өзіңізде бар құралды жүздеген мың теңгеге сатпай, оны сізден тиісті ақыға жалға алуды ұсынып көріңіз. Бұл ең аз салымды қажет етеді, мәселен шеберлердің қызметтерін және жабдықтарды жалға алуды ұсынатын сайттарда жарнамалық хабарландыруларды орналастыруға ғана қаражат кетуі мүмкін.
Бұған қоса бұл идеяның сізге қатысты қуатты экологиялық әлеуеті де бар, егер адамдар өздеріне қажетсіз техниканы сатып алмаса, онда олардың «қоқыс ізі» де азая түседі.

«Жасыл бизнес»: сатудан қайта өңдеуге дейін

Ресурстарды ұтымды пайдалану тақырыбын жалғастырайық. Өз өмірін экологиялық тұрғыдан қалай жақсартуға болатыны туралы ойлайтындар көбейіп келеді. «Экологиялық» сөзі бар тауарлар мен қызметтерге сұраныс та осыдан. Осы сегменттегі ең танымал бизнес-идеялар қандай? Өз бақшаңыздағы көкөністерді сатуға, пакеттердің орнын алмастыратын шоперлерді тігуге, экологиялық жинау бойынша қызметтер көрсетуге (экологиялық құралдар ғана қолданылады), органикалық косметика жасауға, ағаш ойыншықтар жасауға және т.б. болады. Шағын бизнеске қатысты жаңа бизнес-идеялар да бар, мысалы, экологиялық тураларды ұйымдастыруға немесе вегандық сабынды пісіруге болады.
Органикалық қалдықтарды жинау және қайта өңдеу бизнес үшін қызықты идея болуы мүмкін, бұл – қарашірікке мұқтаж фермерлер үшін тамаша шешім. Қалаларда тұратын адамдар тонналаған органикалық заттарды (тамақ қалдықтарын, көкөністер мен жемістердің қабығын және т.б.) лақтырады, бұл қоқыс қаптары полигондарда жылдар бойы жатады. Органикалық заттар құрамына метан кіретін қоқыс газын бөледі. Метанның жиналуы полигондарда жарылыстар мен өрттерге әкеледі, ал олардың парниктік әсері көмірқышқыл газына қарағанда 24 есе жоғары.
Бизнес-идеяның мәні қарапайым: фермер клиенттен органикалық заттарды өз көлік құралымен аз ғана ақыға алып кетеді. Клиент экологияға өз үлесін қосып, көптеген мәселелерден құтылады (органикалық қалдықтар жағымсыз иістенеді және егер оларды дер кезінде шығармаса, шіркейлерді тартады). Фермер органикалық қалдықтарды шығарудан түсетін аз ғана пайдадан басқа, болашақ қарашірік үшін «негізге» ие болады, оны да саяжай иелері мен бау-бақшашыларға сатуға болады.
Бұл идеяны «300 мыңдық бизнес» санатына жатқызуға болады, себебі ол тек автокөлікке кететін отын шығындарын көздейді.

Сату: балаларға арналған тауарлар дүкені

Әйелдерге қандай бизнес ашуға болады? Оның бір нұсқасы – офлайн- немесе онлайн-форматтағы балаларға арналған тауарлар дүкені. Бұл тауаша әйел кәсіпкерлерді қызықтырады, себебі олар басқа аналардың қажеттіліктерін жақсы түсінеді, өз тәжірибелерімен бөлісе алады және сәбидің өмірін не жайлы ететінін біледі.
Не сатуға болады? Бұл киім-кешек, авторлық ойыншықтар, аксессуарлар, ерте дамуға арналған жиынтықтар (мысалы, жабысқақ қойындылары бар альбомдар, бүктемелі кітапшалар және т.б.) болуы мүмкін.
Бұл бизнес 2023 жылы өте пайдалы болуы мүмкін, оған бірнеше себеп бар. Біріншіден, тек жылдың алғашқы үш айында Қазақстанда 93,5 мың бала дүниеге келді. Екіншіден, балалар тез өседі, демек оларға өмір сүру мен ойын-сауық үшін жаңа тауарлар – киім-кешек, аяқ киім, ойыншықтар, жиһаз және т.б. қажет. Демек, осы санаттағы өнімдерге сұраныс тұрақты. Сонымен қатар мұндай бизнес жарты жыл ішінде тез өтеледі.
Егер ақша үнемдегіңіз келсе, өз интернет-дүкеніңізді ашуды қарастырып көріңіз. Бірақ егер сату үшін сауда алаңын жалға алудың қажеті болмаса да, сізге курьерлік қызметтерге, тапсырыстарды ресімдеу және ел бойынша сәлемдемелерді жөнелту жөніндегі маманға, ал егер сіз көлемді тауарларды сататын болсаңыз, қоймалық жайға да ақша бөлу керектігін ескеріңіз. Бастапқы кезде тапсырыстарды ресімдеу және жіберу бойынша міндеттерді өз бетіңізше орындап, тауарларды үйіңізде сақтай аласыз, бірақ ерте ме, кеш пе, бизнес кеңейген кезде, сізге бос қолдар мен сақтауға арналған қойма қажет болады.

Курьерлік қызмет: су жеткізу

Салқындатқыштарға арналған бөтелкелердегі суды офистер, мектептер, балабақшалар мен ауруханалар ғана белсенді пайдаланып қоймай, оған сонымен қатар пәтерлерде пайдалану үшін жеке тұлғалар да жиі тапсырыс береді. Алайда көппәтерлі үйдің белгілі бір қабатына 19 литрге дейін су сыйдыратын шөлмекті жеткізу әркімнің қолынан келе бермейді. Сондықтан су жеткізу 2023 жылы қызмет көрсету саласындағы өзекті бизнес-идея болуы мүмкін. Оның үстіне, бұл бизнесті кемінде 200 мың теңгеге ашуға болады, жеке автокөлік болған жағдайда, тек отын шығындарын жабу қажет болады. Айтпақшы, уақыт өте келе жүргізушілер мен жүк тиеушілерді жалдап, машиналар санын көбейту арқылы істі оңай кеңейтуге болады.

Туризм: ерекше бағыттар

Соңғы жылдары Қазақстан бойынша авторлық саяхат сияқты туризм форматы сұранысқа ие болып келеді. Мұндай саяхаттарда қызықты жерлер, гидтің толық сүйемелдеуі, стандартты емес бағыттар қарастырылған. Мысалы, Тянь-Шань тауларындағы трекинг, Алтын-Емел ұлттық паркіндегі сафари, Маңғыстау түбегіне экспедициялар жиі кездеседі. Қысқа тур форматтары да сұранысқа ие, мысалы, демалыс күндеріндегі турлар.
Тағы бір қызықты бағыт – психологиялық туризм және ретриттер. Бұл – саяхаттауды ұнататын психологтар үшін жаңа бизнес-идеялар. Психологиялық туризмнің мақсаты – жағдайды ауыстыру, күнделікті дағдыдан алшақтау, демалу. Бұл бағыт өз қызметкерлерінің менталды денсаулығына қамқорлық жасайтын және мамандардың шаршауына жол бермеуге тырысатын компаниялардың сұранысына ие. Мұндай турларда адамдар бағыт бойынша жүріп, табиғи сұлулықтан ләззат алып қана қоймайды, сонымен бірге тыныштық табуға және алаңдаушылық деңгейін төмендетуге көмектесетін консультацияларға немесе топтық терапияларға барады. Басқа да сұранысқа ие белсенділіктердің арасында мастер-кластар, йога, медитация және т.б. бар.
Бұл 2023 жылы тиімді бизнес болып келеді, бірақ ол айтарлықтай капиталды инвестициялауды қажет етеді: тоқтау және іс-шаралар өткізу үшін орындарды таңдау, объектілерді жалға алу, топты тамақпен, қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету және басқа да материалдық емес және материалдық шығындар қажет.


Спорт: онлайн-фитнес

Үй бизнесі үшін тамаша идея – жаттығуларды онлайн режимінде өткізу. 2020 жылға дейін мұндай формат сәтті болмаған еді, алайда ковид уақытында басымдықтар өзгеріп, қызметтің көптеген салалары онлайн режиміне көшті.
Интернеттегі бұл бизнес-идея өте қарапайым, жаттықтырушы клиентпен ыңғайлы қосымшада бейнебайланыс арқылы хабарласып, клиенттің қажетті жаттығулар кешенін қалай орындайтынын бақылайды, соның ішінде техниканы қадағалап, жүктемені түзетеді. Онлайн-жаттығулар алдында кеңес беріледі, онда клиент қандай мақсатқа қол жеткізгісі келетінін айтады, ал жаттықтырушы бағдарламаны жасап, қандай жабдықтарды сатып алу қажет екені жөнінде ұсынымдар береді. Шығындар тұрақты интернет ақысын және уақыт бойынша шектелмеген бейнебайланыс үшін бағдарламалық қамсыздандырудың тарифтік жоспарын төлеуді ғана қамтуы мүмкін.


Клининг: тазалау және химиялық тазалау

Бүгінгі таңда шағын бизнестің ең тиімді нұсқаларының бірі – клининг. Бұл саланың мамандары түрлі қызмет түрлерін көрсете алады: бұл ұдайы, тазалықты сақтаушы немесе күрделі жинау, жөндеу жұмыстарынан кейін жүргізілетін клининг және басқалар. Клинер клиентке өзінің жабдықтарымен, шығыс материалдарымен және тазалау құралдарымен келеді, бұл үшін ақша жұмсауға тура келеді.

Тағы бір пайдалы қызмет – жиһаз бен кілемдерді химиялық тазалау. Ол маманның барлық жұмысты клиенттің үйінде жасауын көздейді, бұл тапсырыс берушінің уақытын айтарлықтай үнемдейді. Алайда, бұл үшін кәсіби құрал-жабдықтар мен тазартқыш заттар және мұның бәрін тасымалдауға ыңғайлы жеке автокөлік қажет болады.


Сонымен 2023 жылы Қазақстанда қандай істі ашқан тиімді? Мүмкіндіктер мен перспективалық бағыттар өте көп. Ісін жаңа бастаушылар үшін бизнес-идеялар үй жануарларын серуендету мен мерекелерді безендіруден бастап, торттарды дайындауға және иттерге киім тігуге дейін кез келген нәрсе болуы мүмкін. Оның үстіне «үйден шықпай-ақ» жүргізілетін бизнес үшін көптеген идеяларды, мысалы декреттік демалыстағы қыздар немесе еркін кесте бойынша жұмыс істеуді жөн санайтын мамандар үшін өте қолайлы бағыттарды таңдауға болады.

Қорытындылай кетейік, өз бизнесіңізді табысты бастау үшін не істеу қажет? Біріншіден, өз құзыретіңізді ескеріп, күш-қуатыңызды, ресурстарыңыз мен мүмкіндіктеріңізді бағалау қажет. Екіншіден, нарықты зерттеп, бизнес-жоспарды егжей-тегжейлі ойластыру қажет. Үшіншіден, қаржылық мәселелерді шешу үшін дұрыс серіктес банкті таңдау қажет, өйткені, ең алдымен, клиенттермен өзара есеп айырысу үшін сізге қолайлы әрі тиімді ағымдағы шот ашу қажет болады. Мұны ЦентрКредит Банкінде, оның ішінде онлайн режимінде жасауға болады. Біз жеке кәсіпкерлермен және заңды тұлғалармен ынтымақтасып, бизнесмендерге түрлі қызмет нысандары мен бағыттары үшін есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету бойынша тиімді шарттарды ұсынамыз. Сонымен қатар, біздің банк кредит беру, инкассациялау, лизинг және тағы басқа бірқатар қосымша қызметтер көрсетеді, ал біздің клиенттеріміздің контрагенттермен өзара есеп айырысуы 30 минуттан аспайды. Интернет-банкингтің ыңғайлы жүйесі және мобильді қосымша кез келген бизнес-міндеттерді үйден немесе офистен шықпай-ақ, қысқа мерзімде шешуге мүмкіндік береді және сіздің бизнесіңізді табысты етуге көмектеседі.

Өз жеңістеріңіз үшін шот ашыңыз!

Автор — Наталья Брославская

Қазақстандағы мемлекеттік сатып алуларға арналған тендерлер: бұл не, оған қалай қатысуға болады және жаңадан келгендер не туралы білуі керек?

Аяқ нық тұру үшін жаңа бизнес көп еңбек етуі керек: корпоративтік сайт құру, маркетингтік стратегия әзірлеу және жарнамаға қаражат жұмсау. Бұл шаралар әлеуетті тапсырыс берушілерге сіздің компанияңыз туралы білуге мүмкіндік береді. Бірақ мұның басқа да жолы бар: ірі мемлекеттік немесе жеке тапсырыс берушіге тауар сату немесе қызмет көрсету. Бұл артық шығынсыз жылдам әрі тиімді ілгерілеуге кепілдік береді. Дәл осы себептен көптеген бизнесмендер Қазақстанда өз ісін тендерге қатысудан бастайды.

Лизинг: бұл не және кредиттен айырмашылығы қандай

Егер кәсіпкерге көлікті немесе арнайы техниканы сатып алу қажет болса, ал оған сомасы жеткіліксіз болса, кредит рәсімдеуге болады. Бірақ соңғы уақытта лизингтің танымалдығы артуда. Қаржыландырудың бұл түрі кредитке ұқсас, алайда айтарлықтай айырмашылықтары да бар.

Поиск по сайту
Біз cookies файлдарын қолданамыз
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Артқа
Cookie файлдарын баптау
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Міндетті cookies файлдары
Әрқашан белсенді
Бұл Cookies файлдары сіз туралы маркетингтік мақсатта пайдаланылуы мүмкін ақпаратты жинамайды және Интернетте қашан болғаныңызды есте сақтамайды. Браузердің параметрлерін өзгертіп, осы Cookies файлдарын ажыратуға болады, бірақ бұл біздің сайтпен әрекеттескенде, веб-сайтыңыздың жұмысына әсер етуі мүмкін.
Қосымша cookies файлдары
Cookie файлдары пайдаланушы тәжірибесін жақсартуға және сізге берілген кез келген ақпараттың сіздің мүддеңіз бен қалауыңызға сәйкес келетініне кепілдік беруге көмектеседі. Cookies файлдары ақпаратты ешкім тікелей сәйкестендірілмейтіндей етіп жинайды