Размер шрифта:
A A A
Цвет сайта:
Ц Ц Ц
Показывать изображения
Голосовой помощник
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Размер шрифта:
A A A
Цвет сайта:
Ц Ц Ц
Показывать изображения
Голосовой помощник
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
3 мамыр 2024
Обновлено: 18 маусым 2024

910-нысан бойынша декларация дегеніміз не және оны қалай тапсыруға болады?

Оңайлатылған жүйе бойынша жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер мен серіктестіктер 2024 жылы бақылаушы органдарға 910-нысанды тапсыруы тиіс. Бұл декларация табыс, төленген салық (оның ішінде ЖТС және әлеуметтік салық, олар бірге табыстың 3%-ын құрайды), өзі және қызметкерлер үшін жасалған аударымдар туралы деректерді қамтиды. Нысан осы параметрлер бойынша жартыжылдықтың әрбір айы үшін есеп беруге мүмкіндік береді.

2024 жылы салық есептілігінің 910-нысанын кім тапсыруы тиіс?

Декларацияны бір мезгілде келесі критерийлерге сәйкес келетін ЖК және ЖШС тапсырады:

  • Жұмыскерлердің саны 30 адамнан аспайды.
  • Жарты жылдағы табыс – 24 038 АЕК-тен кем, яғни 2024 жылы қолма-қол есеп айырысқан кезде, 88 748 296 теңгеден кем және 70 048 АЕК-тен кем, бұл ҮИЖ жүйесі арқылы қолма-қол ақшасыз төлем жасаған кезде, 258 617 216 теңгеге тең.
  • Компанияның бөлімшелері жоқ.
  • Басқа заңды тұлғалардың қатысу үлесі – 25%-ға дейін.

Бизнеске арналған шотты онлайн ашу 

Бірнеше батырма арқылы қолжетімді мүмкіндіктерді пайдаланыңыз 

Егер ЖК немесе ЖШС көрсетілген тармақтардың ең болмағанда біреуіне сәйкес келмесе, олар оңайлатылған режим бойынша жұмыс істей алмайтынына (тек жалпы белгіленген салық режимі), демек 910-декларацияны толтырмайтынына назар аударыңыз.

Сондай-ақ 910-нысан бойынша есеп беру кейбір салаларда (мысалы, отын саудасы, жер қойнауын пайдалану, консультациялық қызмет көрсету, ойын бизнесі) жұмыс істейтін компаниялар үшін жарамсыз екенін есте ұстаған жөн. Өйткені елдің Салық кодексіне сәйкес, олар оңайлатылған салық режимін қолдануға құқылы емес.

910-нысанды тапсыру мерзімі

Декларация жылына екі рет, яғни әрбір жарты жыл үшін тапсырылады. Осылайша 2024 жылғы 1-жартыжылдық үшін 910-нысанды 1 шілде мен 15 тамыз аралығында (салық 2024 жылғы 25 тамызға дейін төленеді), ал 2-жартыжылдық үшін – 2025 жылғы 1 қаңтардан 15 ақпанға дейін тапсыру қажет (салық 25 ақпанға дейін төленеді).

Егер белгіленген мерзім сақталмаса, кәсіпкерге айыппұл санкциялары салынады. Егер бизнесмен мерзімді бірінші рет бұзса, оған тек ескерту жасалады. Бірақ бір жыл ішінде бірнеше рет мерзім бұзылса, айыппұл қарастырылған. Айыппұл мөлшері бизнестің ауқымы мен қызмет саласына байланысты. Мысалы, жеке тұлғаларға 15 АЕК, ал КЕҰ, адвокаттар мен нотариустарға 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

Декларацияны қалай тапсыруға болады?

Мемлекеттік кірістер комитетіне нысанды бірнеше тәсілмен тапсыруға болады, бұл кәсіпкерге неғұрлым қолайлы нұсқаны таңдауға мүмкіндік береді:

  • Жеке өзі қағаз түрінде. Бұл жағдайда бизнесмен тіркелген жері бойынша салық органына жүгінуі тиіс.
  • СЕӨС АЖ жүйесі арқылы. Бұл қажетті нысанды жүктеп, оны толтырған соң, онлайн форматта жіберуге немесе басып шығарып, салық органына тапсыруға мүмкіндік беретін салық есептілігін өңдеу жүйесі.
  • Kgd.gov.kz мемлекеттік кірістер порталы арқылы. Бұл жағдайда 910-нысанды Салық төлеушінің кабинетінде толтырып, тапсыру қажет.
  • Автоматтандырылған сервистер (moyuchet.kz, mybuh.kz және т.б.) арқылы.
СЖТМ деген не
2024 жылы Қазақстандағы ЖМЗЖ: ерекшеліктері мен қыр-сыры

Әрине, 2024 жылы есеп берудің ең қарапайым әрі ыңғайлы жолы – бұл 910-нысанды онлайн режимінде толтыру. Біріншіден, сізге арнайы бухгалтерлік білім қажет емес. Декларацияның барлық бағанына қол қойылған, түсініктемелері мен сілтемелері бар, оларға тек тиісті мәндерді енгізу қажет. Екіншіден, ұсынылған декларациялар әрқашан өзекті, олар жедел жаңартылып, оларға барлық қажетті өзгеріс енгізіліп отырады. Үшіншіден, 2024 жылы 910-нысан бойынша салық есептеу онлайн режимінде автоматты түрде жүзеге асырылады, ол үшін кіріктірілген калькулятор қарастырылған. Мұндай автоматтандырылған тәсіл қате жіберу ықтималдығын  жояды.

Бұған қоса, сіз онлайн режимінде түрлі стандарт емес жағдайларды шеше аласыз. Мысалы, егер кәсіпкердің есептілік кезеңі үшін табысы болмаса, онда оның бәрібір 910-нысанды тапсыруына тура келеді, тек бұл нөлдік есеп беру болады. Табыстың болмауы сізді міндетті медициналық сақтандыру төлемдерінен босатпайтынын ескеріңіз.

Мысалы, Салық төлеушінің кабинетінде 910-нысан бойынша декларацияны кері қайтарып алуға болады. Егер кәсіпкер нысанда қате тапса (құжатта түзету енгізу қарастырылмаған) немесе тарату есебін тапсырып, содан кейін қызметін қайта бастау жөнінде шешім қабылдаса, мұндай шараға жүгінеді.

Онлайн-бухгалтерия

Бизнесіңіздің есебін оңай жүргізіңіз!

910-нысанды толтыру тәртібі мен ережесі

Декларациямен жұмыс жүргізу тәртібі оның құрылымымен регламенттелген. Мәселен, кәсіпкер әлеуметтік аударымдар, ЖТС, қорлар және т.б. бірнеше бөлімдерді толтыруы тиіс.

Ал толтыру ережесінде бірнеше ерекшелік бар, бірнеше мысалды қарастырайық:

  • Қолма-қол ақшасыз тәсілмен алынған табыс (910.00.001 А жолы) екі топқа бөлінеді. Бірінші топ – ҮИЖ пайдалана отырып аударылған ақша. Екіншісі – сайтта төлем жасау арқылы алынған ақша. Бұл сомалар әр түрлі жолдарда (тиісінше I және II) көрсетіледі.
  • 910.00.003 жолына жалдамалы жұмыскерлердің орташа тізімдік санын жазу қажет. Есептеу мынадай түрде жүргізіледі: әр айдағы жұмыскерлер саны қосылады, содан кейін нәтижесі 6-ға бөлінеді. Зейнеткер жұмыскерлердің орташа тізімдік саны да дәл осылай есептеледі (910.00.003 А жолы).
  • 910.00.006 жолын жұмыскерлері ең төменгі АЕК мөлшерінің кемінде 23 еселенген (ЖК үшін) және кемінде 29 еселенген (ЖШС үшін) көлемінде жалақы алатын кәсіпкерлер толтырады. Мұндай жағдайларда салық сомасына түзету жасалады (түзету пайызы 1,5%-ды құрайды).


910-нысан бойынша есептілікті толтыру тәртібі күрделі болып көрінеді. Алайда мәселені шешу оңай: декларацияны бір рет қана түсініп алу керек. Бұл салық құжаттарында қате жіберуден қорықпай тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Процедура заполнения отчетности по форме 910 кажется сложной. Однако проблему легко решить: нужно лишь один раз разобраться с декларацией. Это позволит эффективно работать без страха допустить ошибку в налоговых документах.

Автор
Наталья Брославская
Вам может понравиться
2024 жылы Қазақстанда АЕК және ЕТЖ қанша теңгені құрайды

Ең төменгі есептік көрсеткіштер әлеуметтік төлемді есептеп, салық пен өзге де төлем сомасын, айыппұл мөлшерін белгілеген кезде қолданылады. Бірінші кезекте мамандар АЕК және ЕТЖ сияқты көрсеткіштерді пайдаланады.

СЖТМ деген не

Заңнамаға сәйкес, кредит ресімдеудің алдында банк кредит берудің барлық шарттары туралы қарыз алушыны хабардар етуге міндетті. Әдетте кредит алушылар кредит сомасы, номиналды мөлшерлеме, ай сайынғы төлем мөлшері, мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігі сияқты параметрлерге көңіл бөледі. Алайда СЖТМ (сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі) сияқты көрсеткіштің де маңыздылығы кем емес. Себебі сыйақы мөлшерлемесі неғұрлым төмен болса, қарыз алушы үшін кредит беру шарттары соғұрлым тиімді.

Банк кредитінде СЖТМ-ның не екенін анықтап, бұл ұғымды қарапайым сөзбен түсіндіруге тырысайық.


СЖТМ деген не

СЖТМ немесе сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі – бұл кредитті пайдалана отырып, сіз бір жыл ішінде артық төлейтін жалпы сома. Ол кредит берген банктің қарызы бойынша сыйақыны ғана емес, сондай-ақ қарызға қызмет көрсетуге байланысты өзге де комиссиялар мен алымдарды да қамтиды. Мұнда сақтандыру да, кредит қаражаты есептелетін банк картасын дайындау мен оған қызмет көрсету құны және шотқа қызмет көрсету тарифтері де есепке алынады. Кредит шартына қол қою алдында мөлшерлемені нақтылау маңызды.

Айтпақшы, банктің кредит берген кезде СЖТМ-ны көрсету міндеті ҚР Азаматтық кодексімен реттелген. Бұл кредит беру процесін анағұрлым ашық етуге мүмкіндік беріп, кредит алушыға барынша тиімді кредит бағдарламасын таңдауға көмектеседі.

Есеп айырысу шотын ашу

СЖТМ мөлшері:

2011 жылдан бастап 2021 жылға дейін 10 жыл бойы мөлшерлеме біркелкі болып, 56% деңгейінде тұрды. Алайда 2011 жылдан бастап кредит түрін, оны қамтамасыз ету тәсілін, кредиттеу мерзімін ескере отырып, мөлшерлеме сараланды:

  • >56% – қамтамасыз етілмеген (яғни кепілді қамтымайтын) кредиттік бағдарламалар үшін. Егер қарыз кепілмен берілсе, онда кредит алушы 40% мөлшерлемемен алуды көздей алады.
  • >25% – ипотекалық кредит бойынша сыйақы.
  • >56% – микрокредиттер үшін ең жоғары көрсеткіш (кредит берудің мұндай түрі шағын сомадағы қарызды білдіреді). Бұл кепілмен берілетін кредиттерге де, кепілсіз берілетін кредиттерге де қатысты. Бұл ретте кепілді микрокредитті 45 күннен кем мерзімге ресімдейтін кредит алушылар 20% мөлшерлемемен алуды көздей алады (сомасы – 50 АЕК-ке дейін).

Осылайша мөлшерлемелер 20%-дан 56%-ға дейін өзгереді. Бірақ жоғарғы шек – 56%. Басқаша айтқанда, 56%-дан артық СЖТМ болуы мүмкін емес.

Кредитті өтеу тәсілдері

Кредиттік шарттарды өтеуге арналған төлемдердің екі түрі бар – аннуитеттік және сараланған. Осы ұғымдарды егжей-тегжейлі қарастырып көрейік.

Кредит екі компоненттен тұрады: негізгі борыш (сіз банктен тікелей қарызға алған сома) және пайыздар (яғни кредиттік қаражатты пайдалану үшін есептелетін банктің сыйақысы). Ал осы негізгі борыш пен пайыздарды қалай төлейтініңіз төлемдерді аннуитеттік немесе сараланған деп бөлудің негізіне айналды.

Аннуитеттік төлем өзінің жеңілдігіне байланысты көбірек сұранысқа ие. Барлық сома (негізгі борыш + пайыздар) кредит беру мерзімін ескере отырып, тең бөліктерге бөлінеді. Сіз ай сайын кредитті өтейсіз, бұл ретте енгізілген соманың бір бөлігі негізгі борышты төлеуге, ал бір бөлігі пайыздарды төлеуге жұмсалады. Негізгі борыштың пайыздарға арақатынасы біртіндеп өзгереді: мерзімнің бірінші жартысында салынған ақшаның басым бөлігі пайыздарды, ал екінші жартысында негізгі борышты өтейді. Кредит алушылар борыштық жүктеменің тұрақтылығы үшін төлемнің бұл түрін таңдағанды жөн көреді: сіз банкке қандай соманы төлеу керек екенін нақты білесіз, бұл шығыстарды тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді.

Сараланған төлем мұндай тұрақтылықпен ерекшеленбейді, бірақ төлемдер сомасының ай сайын азаятынын білдіреді. Алайда алғашқы айларда сізде ең жоғары кредиттік жүктеме болады. Мұндай тәсілдің мәні қарапайым: ай сайын сіз негізгі борыштың белгіленген сомасын төлейсіз, ал банкке пайыздарды өтеуге жұмсалатын сома біртіндеп азая береді.

СЖТМ қалай есептеледі

Артық төленетін соманы есептеуге сізге кредиттеу мәселесі бойынша кеңес беретін банк менеджері көмектеседі. Бұл ең оңай әрі барынша тиімді тәсіл, өйткені есептеген кезде, барлық комиссиялар мен өзге де төлемдерді ескеру қажет. Сонымен қатар ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес, есептеу күрделі формула бойынша жүргізіледі. Ол кәсіпқойларға – банк жұмыскерлері мен қаржыгерлерге арналған.

Егер есеп айырысуды өзіңіз жүргізгіңіз келсе, Қазақстан Үкіметінің Gov.kz сайтында онлайн-калькуляторды пайдаланыңыз. Алдымен жүйе қарызды өтеудің аннуитеттік немесе сараланған төлем тәсілін таңдауды ұсынады. Содан кейін кредиттің сомасы мен мерзімі, оның берілген күні, мөлшерлемесі және т.б. туралы ақпаратты көрсету қажет. Соңғы қадам – «Қолдану» батырмасын басу. Қарыз бойынша сыйақы сомасы автоматты режимде есептеледі.

Бұл мақалада біз кредит бойынша сыйақының не екенін түсініп, оның аса маңызды көрсеткіштердің бірі екенін анықтадық. Оны кредиттік бағдарламаны таңдаған кезде мұқият зерделеу қажет, өйткені ол төлем қабілеттілігін дұрыс бағалап, болашақта айыппұлдар мен кредиттік тарихтың нашарлауы сияқты мәселелерді болдырмауға көмектеседі.

Авторы  – Наталья Брославская 


2023 жылы Қазақстанда тасымалдау үшін ТІЖ: бұл не және шығару ережесі қандай?

Тауарларды ел аумағы арқылы өткізу көптеген құжаттамаларды рәсімдеуді көздейді. Тауарлардың кейбір топтарына құжат айналымын жеңілдету үшін 2020 жылы Қазақстанда ТІЖ сияқты құжат енгізілді. Ол сондай-ақ салықтық және кедендік әкімшілендіру рәсімдерін жеңілдетуге мүмкіндік береді.

ЖТС деген не?
Поиск по сайту
Біз cookies файлдарын қолданамыз
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Артқа
Cookie файлдарын баптау
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Міндетті cookies файлдары
Әрқашан белсенді
Бұл Cookies файлдары сіз туралы маркетингтік мақсатта пайдаланылуы мүмкін ақпаратты жинамайды және Интернетте қашан болғаныңызды есте сақтамайды. Браузердің параметрлерін өзгертіп, осы Cookies файлдарын ажыратуға болады, бірақ бұл біздің сайтпен әрекеттескенде, веб-сайтыңыздың жұмысына әсер етуі мүмкін.
Қосымша cookies файлдары
Cookie файлдары пайдаланушы тәжірибесін жақсартуға және сізге берілген кез келген ақпараттың сіздің мүддеңіз бен қалауыңызға сәйкес келетініне кепілдік беруге көмектеседі. Cookies файлдары ақпаратты ешкім тікелей сәйкестендірілмейтіндей етіп жинайды