Размер шрифта:
A A A
Цвет сайта:
Ц Ц Ц
Показывать изображения
Голосовой помощник
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Размер шрифта:
A A A
Цвет сайта:
Ц Ц Ц
Показывать изображения
Голосовой помощник
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
25 маусым 2024
Обновлено: 2 шілде 2024

Қаржылық сауаттылық: ол неге маңызды және оны қалай арттыру керек

Статистикаға сай Қазақстан халқының басым бөлігінде айтарлықтай ақша жинағы жоқ және бюджетін жоспарламайды. Сонымен қатар көбінесе мұның себебі – тұрақты жұмыстың болмауы немесе аз жалақы емес, халықтың қаржылық сауаттылығының төмен деңгейі. Бұл мақалада бұл ұғымды толығырақ зерттеп, қаржылық сауаттылықтың не үшін қажет екенін және оны арттыруға бола ма – соны анықтаймыз. Сондай-ақ балаларға қаржылық сауаттылықты қалай үйретуге болатынын қарастырамыз, өйткені балаға ақша мәселелерін кішкентай күнінен бастап үйрету маңызды.

Қаржылық сауаттылық: бұл не?

Адамға жинақталған капиталын сақтауға және оны дұрыс пайдалануға көмектесетін білім жиынтығын қаржылық сауаттылық деп атайды. Егер жай сөзбен айтсақ, қаржылық сауаттылық адамға қолайлы өмір сүруге және жалақысы аз болса да, қажетті нәрсенің бәрін сатып ала алатындай ақшасын дұрыс басқаруға мүмкіндік береді.

Детская карта bcc junior

Путь к финансовой независимости вашего ребёнка

Қаржылық сауатты адам деп кімді атауға болады? Ол – мынадай адам:

  • бюджетін жоспарлайтын, өз кірісі мен шығысы туралы нақты білетін;
  • ақшасын ақылға салынған шешімдер негізінде саналы түрде жұмсайтын, аяқастынан зат сатып алудан бас тартатын;
  • қауіпсіздік көпшігі бар, яғни қолында форс-мажор (мысалы, жұмысынан айырылу немесе жақын туысының ауыр дерті) жағдайында үйреншікті жайлылық деңгейі сақталатын сомасы бар;
  • қаржылық мақсаттары бар және осыны (демалыс, жаңа тұрғын үй сатып алу, ипотека ресімдеу және т.б.) ескере отырып, ақша жинайтын;
  • тұтынушы және салық төлеуші ретінде өз құқықтарын білетін;
  • алаяқтық схемалары туралы білетін, дербес деректер мен жинаған ақшасын қорғау әдістерін білетін.

Қаржылық сауаттылықтың «жоғары деңгейі» – нарықты зерттеу және оның құралдарын пайдалана алу, мысалы, инвестиция сала білу, аздап кіріс алып отыру.

Қаржылық сауаттылық не үшін қажет?

Қаржылық сауаттылық болашаққа сенімділікпен қарауға мүмкіндік береді. Алайда бұл оның жалғыз міндеті емес, ол:

  • Күнделікті өмірде жайлылықты қамтамасыз етеді.
  • Дағдарысты жағдайларды оңай жеңуге көмектеседі.
  • Басым мақсатты дұрыс анықтауды үйретеді.
  • Саналы өмір сүру салтын қалыптастыруға себепші болады. Мысалы, қаржылық сауаттылық – шығынды оңтайландыру және ақша жинау негізі.
  • Алға қойған мақсатқа жетуге көмектеседі.


Қаржылық сауаттылықтың тек ересектер үшін ғана емес, балалар үшін де жақсы өмір сүрудің маңызды шарты екеніне назар аударыңыз. Бұл дағдылар балаға болашақта ақшамен дұрыс жұмыс істеуге көмектеседі. Қаржысын қалай басқаруды білетін балалар өздеріне сенімділігі артады. Бұл – олардың болашақтағы қаржылық еркіндігінің кепілі.

Ересек адам үшін қаржылық сауаттылықты өзі үйреніп қана қоймай, сонымен бірге бұған баласын да тартуы маңызды. Мысалы, bcc junior жобасы аясында ЦентрКредит Банкі 6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға арналған тегін онлайн сабақтар топтамасын дайындады. Сабақтар пайдаланушылардың жасына қарай блоктарға бөлінген және ақша тарихы мен банк картасының түрлерінен бастап қаржылық қауіпсіздік пен инвестицияға дейінгі кең ауқымды тақырыптарды қамтиды. Оқудан кейін бала тест тапсырып, Сауатты Junior, Бюджет шебері, Банк тәлімгері немесе Қаржы сиқыршысы мәртебелерінің бірін ала алады. Оқығанын растайтын құжат – сертификат.

Қаржылық сауаттылықты қалай үйрену керек?

«Неден бастау керек?» – қаржылық сауаттылықты үйренген кезде қойылатын қисынды сұрақ. Ramsey Solutions компаниясы үш аспектіге назар аударуға кеңес береді.


1. Ай сайынғы бюджетті жүргізу.

Сіз қандай бюджетіңіз бар екенін дұрыс бағалап, қанша қаражат жұмсап жүргеніңізді түсінесіз. Қағазға тізім жасап, Excel-де кесте құруға немесе шығыс пен кірісті есептеуге арналған қосымшаларды пайдалануға болады.

Премиум карта дегеніміз не?
Мобильді аударымдар

Біріншіден, барлық кірісті (жалақы, инвестиция, ақшалай сыйлықтар) ескеріңіз. Екіншіден, шығыстарыңызды толық жазып отырыңыз. Оларды санаттар бойынша жазу өте ыңғайлы: тамақ, коммуналдық қызметтер, байланыс, автомобильге қызмет көрсету, киім, дәрі-дәрмек және т.б. Шығыстардың көпшілігі – ай сайын қайталанып жұмсалатын нақты сома. Алайда форс-мажор жағдайына деп аз мөлшердегі ақшаны қор түрінде сақтап отырған дұрыс. Ол үшін ЦентрКредит Банкінде ересектер үшін де, балалар үшін де депозиттер бар. Қосымшада әрбір ақша салған, мысалы, жалақы түскен кезде, қаражаттың автоматты түрде есептен шығарылуын, белгілі бір күні шоттан ақша алуды, сондай-ақ нақты соманың, мысалы, 50 немесе 500 теңгенің күннің соңында депозитке аударылып отыруын баптап қоюға болады. Бұл автоматты режимде әрі ыңғайлы қарқынмен ақшаны кейінге қалдыруға көмектеседі.

Қаржылық сауаттылықты ескере отырып, ақшаны қалай бөлу керек? Тәсілі көп. Ең қарапайым тәсіл – міндетті шығындар сомасын есептеу, оны кірістерден шегеру, қалған ақшаны өз қалауыңыз бойынша басқаруға болады (кейінге қалдыру, ойын-сауыққа жұмсау және т.б.). Алты құмыра әдісін қолдануға болады, оған сай кірістің 55 %-ы ағымдағы шығыстарға жұмсалады, ал қалған қаражат басқа бес «құмыраның» арасында бөлінеді (инвестиция, жинақтау, білім беру, ойын-сауық, сыйлық). 20 – 50 – 30 әдісі бойынша ағымдағы шығыстарға – кірістің 50 %–ы, тағы 20 %-ы – жинақтауға, ал қалған 30 %-ы күнделікті шығындарға (сапар, кофеханада кофе ішу, автокөлікке жанармай құю, сұлулық салоны және т.б.) жұмсалады. Қаржы кеңесшісі Ричард Дженкинс 60 – 10 – 10 – 10 – 10 әдісін ұсынады, мұнда ағымдағы шығыстарға кірістің 60 %-ы жұмсалады.

Бірақ егер ақша тіпті ағымдағы қажеттіліктерге де жетпесе ше? Жағдайды екі тәсілмен түзетуге болады: ағымдағы шығындарды азайту немесе қосымша кіріс көздерін іздеу.

2. Қауіпсіздік көпшігін қалыптастыру 

Бұл – форс-мажор жағдайында көмек болатын резервтік қор (мысалы, қымбат қарап-тексеруден өту керек немесе сынған тоңазытқыштың орнына жаңасын сатып алу керек). Бұл ақшамен кіріс алуды уақытша тоқтатсаңыз да (мысалы, жаңа жұмыс іздеп жүрсеңіз), әдеттегі өмір салтын сақтайсыз.

Қаржы кеңесшілері оңтайлы қауіпсіздік көпшігін бұрынғы жайлылық деңгейімен 12 ай өмір сүруге жететін сома деп санайды. Алдымен 3 айға жететін сома жинауға тырысыңыз.

Қауіпсіздік көпшігін қалай жинауға болады? Мұның да көптеген нұсқасы бар. Мысалы, Дэвид Бах өзінің «Латте факторы» кітабында ұсынғандай, бірден өзіңізге төлеуге болады, мысалы, әрбір ақша түсімінен 10 % аударып отыруға болады. Сіз жинақ сандықшасын пайдаланып, оған қалған ақшаны салып отыруға (немесе картадағы қалдықты жеке шотқа аударып отыруға) болады. Күтпеген жерде жұмсағыңыз келетін соманы (мысалы, бір күнде кофеханадан үшінші кофе) әр жолы кейінге қалдырып отыра аласыз. Жинақ сандықшасы әдісі балаларға да қолайлы: қарапайым және барынша түсінікті.

Депозитке ақша салуды немесе өмірді жинақтаушы сақтандыруды пайдаланыңыз. Депозит жинақ ақшаны сақтауға және оны ұдайы пайыз есептелуі есебінен көбейтуге мүмкіндік береді.

3. Болашаққа инвестиция

Бұл санатқа болашақта әл-ауқатыңыздың жақсы болуына ықпал ететін барлық нәрсе кіреді. Егер қымбат зат сатып алсаңыз, уақыт өте келе ол жай ғана ескіріп қалады. Бірақ бұл ақшаны жаңа кәсіби жетістіктерге жетуіңізге көмектесетін оқу курсына немесе жұмысты жеңілдету үшін жақсы компьютер сатып алуға жұмсауға болады. Сондай-ақ уақыт өте келе бағамның құбылуына байланысты көптеген құнды заттар қымбаттауы мүмкін, бұл болашақта кіріс алуға мүмкіндік береді. Коллекциялық заттар да тиімді салым болады, өйткені олардың бағасы әрдайым қымбаттап отырады.

Балалардың қаржылық сауаттылығын арттыруға арналған лайфхактар

Балалар ата-анасының көрсеткен үлгісіне қарап үйренеді. Қаржылық сауаттылық саласы да бұдан тыс қалмайды. Егер ата-анасы ақшаға жауапкершілікпен қараса, оны сауатты бөле білсе, онда бала да дәл осы «бағдарламаны» меңгереді. Алайда тақырыпты нығайтуға, ақша әлеміне жылдам бейімделуге көмектесетін бірнеше лайфхак та бар:

1. Қалтапұлды басқаруға көмектесіңіз.

Сарапшылардың пікірінше, 6 жастан асқан баланың өзі басқара алатындай өз ақшасы болуы керек. Баланың «резервін» аптасына бір рет толықтырып отырған дұрыс, сонда бала ақша жинау идеясының мәнін түсіне алады.

#картакарта


  • Кредитная карта с лимитом до 7 млн тенге
  • Кредитный лимит без %
  • До 55 дней

Балаңызға қалаған затын алуға ақшаны қаншалықты тез жинай алатынын есептеуге көмектесіңіз. Мысалы, қалтапұлдың 10 %-ын кейінге қалдыруға, бұл жағдайда арманындағы нәрсеге (мысалы, белгілі бір ойыншыққа) жинауға болады, қанша уақытта жинап алуға болатынын түсіндіру керек.

2. Тілектер тізімін бірге жасаңыз 

Ересектер сияқты балалар бәрін бірден қалайды, бірақ бұл мүмкін емес. Балаңызбен бірге басым мақсаттарды белгілеп, оларды есіне салып отырыңыз. Бұл міндетті тілектер тізімі шешеді. Бала армандағанының бәрін қағазға түсірсін. Ересек адам оған ең қалаған нәрсесінен бастап кейін қалдыруға болатын нәрсесіне дейін жазып шығуға көмектеседі. Тізімді көрінетін жерге, мысалы, жұмыс үстелінің үстіне іліп қоюға болады.

3. «Қаржылық» ойындарға қатысыңыз

Бүлдіршіндер үшін дүкен немесе мейрамхана ойындары қолайлы. Үлкенірек балаларға тақырыптық үстел ойындарын, мысалы, «Монополия», «Ақша» немесе «Ақша ағыны» ойындарын ұсынуға болады.

4. Үйретуге смартфонды пайдаланыңыз 

Смартфонды меңгерген балалар кіріс пен шығысты жазып отыру үшін қосымшаларды қолдана алады. Бұл теорияға немесе қағаздағы кесте түріндегі тәжірибеге қарағанда қызықтырақ. Бала отбасы сатып алатын барлық затты санаттарға бөлсін. Бұл оған ақшаның қандай қажеттіліктерге жұмсалатынын, мұның қандай сома екенін түсінуге көмектеседі, ол ересектердің басым мақсаттарын ұғынады.

Қаржылық сауаттылық пен қаржы мәдениеті мәселелері қозғалатын ҚР-дағы танымал мультсериалдарға да назар аударыңыз. Мысалы, шығын және жалпы ақша мәселелеріне арналған тақырыптық сериялар «Фиксики» мультфильмінде бар. Мультсериалдар ақпаратты бала үшін барынша түсінікті ойын түрінде ұсынады.

5. Балалардың барлық қалайтынын талқылаңыз: қаржылық сауаттылықты үйреткен кездегі қисынды мәселен. Компания. 

Балаларды әдеті – көрген нәрселерін қалау. Бірақ мұндай заттардың көпшілігін күтпеген жерден сатып аламыз. Олардың алдын алудың бір тәсілі – кідіріс. Сатып алуды бір күнге кідіртуге келісіңіз: егер ол керек болмай қалса (ал мұның солай болуы әбден мүмкін), ақша сақталады. Айтпақшы, осы себепті баланыңжинаған ақшасын өзіңізбен бірге дүкенге апармауыңыз керек: егер ақша өзіңізде болмаса, онда бірдеңе сатып алу да мүмкін емес. Бұл баланы ақша жұмсауда неғұрлым ұстамды болуға үйретеді.

Балаға қаржылық сауаттылықты үйретудің тағы бір маңызды аспектісі – ата-аналармен үнемі диалог жүргізу. Балалардың сұрақтарына жауап беріңіз, отбасындағы қазіргі жағдай туралы айытыңыз, сатып алатын заттарды талқылаңыз, заттарды бірге таңдаңыз, қарыз және кредит сияқты күрделі тақырыптардан бас тартпаңыз. Бұларды білу барлығы әлемнің біртұтас бейнесін қалыптастыру үшін маңызды, ал бала мұны негізінен ата-анасынан ала алады.

Мақаланың басында жазылғандай, Қазақстан халқының айтарлықтай ақша жинағы жоқ. Бұл қаржылық сауаттылықты арттыру қажеттігін анық көрсетеді. Бұл білім қолайлы өмір сүруге, қажетті және маңызды нәрселерге жету үшін ақшаны бөле білуге, қарыз алудан аулақ болуға және қауіпсіздік көпшігін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Балалар үшін қаржылық сауаттылық – сыни ойлауды дамыту  тәсілдерінің бірі, сондай-ақ болашаққа салынатын үлкен инвестиция.

Автор
Асель Жумабаева
Вам может понравиться
Мобильді аударымдар

Жыл басталғалы бері қазақстандықтардың арасында мобильді аударымдар өзекті тақырыпқа айналғаны рас. Мұның себебі 1 қаңтардан бастап салық органының қызметкерлері салықтан жалтарып жүрген кәсіпкерлерді анықтау мақсатында ақша аударымдарын тексере бастауы. Бұдан сескенген кейбір шағын кәсіп өкілдері мобильді аударымдардан бас тартып, бірыңғай қолма-қол ақшамен сауда жасауға көшкен-ді. Бұл өз кезегінде қолма-қол ақша айналымының артуына әкелуде. Сонымен, қандай жағдайда кәсіпкер салық органы өкілдерінің назарына ілінуі мүмкін? Оның арты неге апарып соғады? Материалымыздан оқи аласыздар.

Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамту

Көптеген адамдар қызмет көрсетеді немесе кейін сататын тауарлар шығарады, бірақ заңсыз жұмыс істейді. Олардың қызметін заңдастырудың бір жолы – өзін-өзі жұмыспен қамтуды ресімдеу. Мұндай формат фриланста жұмыс істейтін жеке тұлғалар үшін өзекті.

Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтуды қалай ресімдеуге болады? Қанша салық төлеу қажет? Қандай ерекшеліктерді есте сақтаған жөн?

Өзін-өзі жұмыспен қамту кім үшін қолайлы?

Өзін-өзі жұмыспен қамтуды ресімдеу үшін жеке тұлға бір мезгілде бірнеше параметрге сәйкес келуі тиіс:

  • Ресми жұмысы болмау (жұмыс берушімен шарт негізінде).
  • ЖК ретінде тіркелмеу.
  • Жұмыссыздық бойынша еңбек биржасына есепке тұрмау.
  • Жалдамалы қызметкерлерді жұмысқа қабылдамау.

Жоғарыда атап өтілгендей, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар өз өндірісінің өнімдерін сатуы немесе қызмет көрсетуі мүмкін, алайда барлық салада емес.

Өзін-өзі жұмыспен қамту ауыл шаруашылығы өнімдерін өз бетіңізше өндіріп, сатқан жағдайда қолайлы болады. Бұл көкөніс немесе жеміс-жидек, жұмыртқа, сүт өнімдері немесе бал болуы мүмкін. Бірақ өз қолыңызбен жасалған басқа тауарларды сатуға тыйым салынады. Мысалы, сіз қолдан әшекейлер жасайсыз: оларды заңды түрде сату үшін ЖК ашу қажет.

как оформить самозанятость в казахстане

Сондай-ақ өзін-өзі жұмыспен қамту репетиторлық немесе киім тігу саласында қызмет көрсететін мамандар үшін өзекті болып табылады. Бұдан басқа өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам ретінде сіз күтуші болып жұмыс істей аласыз, түсіру немесе тиеу жұмыстарын орындай аласыз, техниканы немесе тұрғын үйді жөндей аласыз, жиһаз жинай аласыз.

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін қолжетімді қызмет тізіміне тұрғын үй алаңын жалға беру де кіреді.

Маңызды жайт: өзін-өзі жұмыспен қамтыған азамат тек жеке тұлғаларға тауар сатып, тұрғын үйді жалға бере алады және қызмет көрсете алады.

Сіз кез келген сәтте мәртебеңізді тексеріп, шын мәнінде өзін-өзі жұмыспен қамтыған ретінде тіркелгеніңізге көз жеткізе аласыз. Ол үшін Egov.kz электрондық үкімет сайтына кіру қажет, барлық ақпарат жеке кабинетте қолжетімді. Айтпақшы, базада жұмыссыз ретінде тіркелмегенді тексеру үшін өзін-өзі жұмыспен қамтыған ретінде жұмысты бастауды жоспарлап отырғандарға да кіру қажет.

Өзін-өзі жұмыспен қамтудың күтпеген кедергілері

Басқа да ерекшеліктері бар:

  1. Өз өндірісінің тауарларын сатуға және қызмет көрсетуге болады. Бірақ оны коммерциялық аумақта жасауға болмайды.

Мысалы, өсірілген алманы, қызанақты немесе картопты базарға немесе дүкенге апаруға болмайды, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар оларды тек үйде сата алады. Сіз сатып алушылармен бейтарап аумақта, яғни бір көшеде кездесу туралы келісе аласыз, бірақ сату нүктесін белгілеуге болмайды.

Егер сіз үтік немесе ноутбук, киім жөндейтін болсаңыз, онда бұл қызметтерді үйде ғана көрсетуге болады, бұл кезде өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың өз шеберханасы немесе сауда орталықтарында қызмет көрсету нүктесі болуына тыйым салынады.

  1. Жалға алушыларға баспананы жалға беруге болады, ал мүлікті болмайды.

Сіз өзіңіз тұрмайтын пәтерді (мысалы, мұрагерлікпен алынған пәтерді немесе инвестиция болып табылатын жылжымайтын мүлікті) жалдауды ұсына аласыз. Бірақ сіздің тұрмыстық техниканы немесе электр құралдарын жалға беру бойынша қызмет көрсетуге құқығыңыз жоқ.

  1. Жеке практикаға жатпайтын қызметтерді ғана көрсетуге болады.

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам адвокат, медиатор немесе нотариус бола алмайды. Осы салаларда жұмыс істеу үшін ЖК болуға тура келеді.

Сондай-ақ Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамту ел азаматтары болып табылмайтын адамдарға ресімделмейтінін ескеріңіз. Бірақ бір ерекшелік бар: ереже Қазақстанға басқа мемлекеттерден қоныс аударған оралмандарға, этникалық қазақ репатрианттарға қатысты қолданылмайды.

список деятельности для самозанятых в рк

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам ретінде қалай тіркелуге болады?

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға ерекше тіркеу процедурасынан өтіп, салық комитетіне есеп берудің қажеті жоқ. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам ретінде жұмыс істеуді бастау үшін тек БЖТ (бұл бірыңғай жиынтық төлем) төлеген жөн. Бұл төлем айына бір рет төленеді, төленген айдың соңына дейін сіз ресми түрде жұмыс істей аласыз. Бірден бірнеше ай үшін БЖТ төлеуге болады, төлем форматын өзіңіз таңдайсыз.

Өзін-өзі жұмыспен қамтуды тоқтату үшін (мысалы, сіз кіріссіз қалдыңыз) жай ғана БЖТ төлеуді тоқтату қажет, жүйе сізді автоматты түрде есептен шығарады.

Бәрі барынша оңай әрі жылдам.

БЖТ нені қамтиды және төлем қалай жасалады?

Жиынтық төлем төрт төлемді біріктіретіндіктен осындай атауға ие болды:

  1. Соманың 10% жеке табыс салығының шотына жіберіледі
  2. 30% зейнетақы қорына тиесілі
  3. 40% медициналық сақтандыруға жұмсалады
  4. 20% әлеуметтік аударымдар құрайды

Бұл ретте сізге пайыздарды өзіңіз есептемейсіз: жеке тұлға төрт санат арасында автоматты түрде бөлінетін бір соманы аударады.

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған зейнеткерлер ерекшелік болып табылады: олардың барлық аударымы тек бір санатқа – табыс салығына жұмсалады.

БЖТ сомасы мемлекет тарапынан белгіленген:

  • Облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларда тұратын өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 1 АЕК төлейді. 2023 жылы бұл 3 450 теңгені құрайды.
  • Басқа елді мекендердің тұрғындары екі есе аз – 0,5 АЕК, яғни 1 725 теңге төлейді.

БЖТ-ны кез келген ыңғайлы тәсілмен аударуға болады. Операциялар келесі арқылы қолжетімді:

  • Екінші деңгейдегі банктер. Төлем қолма-қол ақшамен немесе касса арқылы карта бойынша жүргізіледі. Бұл кезде банкте шот ашу міндетті емес.
  • Қазпошта және осындай транзакцияны жүргізуге болатын басқа да ұйымдар
  • Банк қосымшалары. Ең ыңғайлы нұсқа – банк қосымшалары. Бұл қосымшаларда өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған төлемдер бөлімі қарастырылған, сондықтан алушының мәліметтерін енгізудің қажеті жоқ. Қосымша арқылы төлеудің тағы бір ыңғайлы опциясы бар: сіз басқа адам үшін БЖТ төлей аласыз, оның ЖСН көрсетсе болғаны.

Өзін-өзі жұмыспен қамтудың тартымдылығы неде?

Жұмысты заңдастырудың мұндай тәсілінің артықшылықтары көп:

  1. Тегін медициналық көмек алуға болады, себебі сіз жеке кәсіпкерлермен және жалдамалы қызметкерлермен қатар мемлекеттік сақтандыру жүйесіне қатысасыз.
  2. Зейнетақы жинақтары ұлғаяды.
  3. Зейнетақы өтілі артады. Ол зейнеткерлікке шыққан кезде, төлемнің мөлшерін анықтайды. Мысалы, егер жұмысшының 10 жылдық еңбек өтілі болса, онда ол ең төменгі күнкөріс деңгейінен 54% зейнетақы алатын болады. Ал қосымша әр жыл сайын 10 жыл жұмыс істегеннен кейін төлемдер мөлшері 2%-ға артады. Зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейіне жетуі үшін өтілі 33 жыл болуы тиіс.
  4. Әлеуметтік көмек алуға болады. Мысалы, жұмысынан айырылған кезде берілетін жәрдемақы немесе бала асырап алған кезде берілетін көмек, бір жасқа дейінгі бала күтімі жөніндегі жәрдемақы алуға болады.

Кемшіліктері

Жүйенің жеңіләрі түсініктіболуы фрилансерлерді қызықтырады, бірақ оның кемшіліктері де бар. Ең бастысы, кіріске байланысы жоқ. Бір жағынан, бұл, әрине, жақсы: сіз кішігірім төлем жасайсыз, ал қалған ақшаны өз қалауыңызша жұмсайсыз. Бұл кезде сіз медициналық қызметтерді пайдалана аласыз және зейнетақы өтіліңізді «ұлғайтасыз». Бірақ өзін-өзі жұмыспен қамтығандар салық төлемейтіндіктен, зейнетақы негізгі, ал әлеуметтік төлемақы – ең төменгі болады. Бұл, әрине, бәріне бірдей жарамайды.

Сондай-ақ өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға әдетте банктер үлкен кредит беруден бас тартатынын ескеру қажет, демек кредит берудің ең сұранысқа ие нұсқасы болып табылатын ипотекамен қиындықтар туындауы мүмкін.

Сарапшылардың пікірінше, өзін-өзі жұмыспен қамту фрилансты мысалы, университетте оқыған кезде қосымша жұмыс істеу мүмкіндігі ретінде қарастыратын мамандар үшін оңтайлы шешім болып табылады. Ауылшаруашылық өнімдерін өсірумен айналысатын және өзге тәсілмен жұмыс өтілін «жинай алмайтын» ауыл тұрғындарына да осындай жүйе лайықты болады.

Бір мезгілде ЖК және өзін-өзі жұмыспен қамтыған болу мүмкін бе?

Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтуды жеке кәсіпкерлікпен немесе жалдамалы жұмыспен ұштастыруға болмайды. ЖК және жалдау жеке тұлғаны өзін-өзі жұмыспен қамтыған ретінде ресімдеу шарттарына қайшы келеді.

ЦентрКредит банкінде ЖК ашу

Өзін-өзі жұмыспен қамту – бұл табыс табудың және бұл ретте өзін заңсыз кәсіпкерлік үшін жауапкершілікке тарту қаупінен арылтудың тәсілі. Жүйенің артықшылықтары арасында барынша жеңіләрі түсінікті болуын, күрделі әкімшілік процедураларды жүргізу және есептілікті дайындау қажеттілігінің жоқтығын атап өтуге болады. Өзін-өзі жұмыспен қамту медициналық қызметтерді тегін пайдалануға және еңбек өтілін «жинауға» мүмкіндік береді, алайда бұл бәріне бірдей қолайлы емес. Сондықтан қызметті бастамас бұрын ерекшеліктермен танысу маңызды.

Авторы – Наталья Брославская


Премиум карта дегеніміз не?

Стандарт банктік картаға қарағанда, премиум санатындағы дебеттік карталар эксклюзивті мүмкіндіктерге жол ашады.

Премиум карта қандай мүмкіндіктер мен қызметтерді ұсынатынын анықтап көрейік.

Тауар беру пунктін қалай ашуға болады?

Wildberries, Ozon, Lamoda маркетплейстерінде күн сайын мыңдаған қазақстандық тауарға тапсырыс береді. Мысалы, небәрі бір жыл ішінде Ozon компаниясының ҚР-дағы айналымы 10 есе өсті, ал бір белсенді сатып алушыға шаққандағы тапсырыстардың саны жылына 20-ға жақындады. CDEK курьерлік қызметін пайдаланатын адамдардың саны да аз емес. Сондықтан осы компаниялардың тауар беру пунктін (ТБП) ашу – перспективалы бизнес-идея.

Стильді әрі тиімді: базалық гардероб дегеніміз не және оны қалай құруға болады?

Британдық модельер әрі әлемдегі ең танымал дизайнерлердің бірі Вивьен Вествуд өзінің стиль құпиясын ашты: «Киімді ақылмен таңдаңыз, сирек сатып алып, ұзақ уақыт киіңіз». Сондай-ақ оның сән сүйер қауым арасында танымал тағы бір сөзі бар: «Аз киім сатып алып, жақсысын таңдаңыз және бір-бірімен үйлестіріңіз». Өкінішке қарай, адамдардың көпшілігі бұл ережені ұстана бермейді: статистикаға сүйенсек, адамдар киім-кешекке бюджеттің 20%-ын жұмсайды. Десе де көбінің нәтижеге көңілі толмайды: ақша қалмағанымен, әлі де киетін ештеңе жоқ. Бұл гардеробыңыз дұрыс құрылмаған дегенді білдіреді.

BRAMF компаниясының негізін қалаушы Үйсіпхан Асқармен сұхбат

Әр бизнестің өз тарихы бар – BRAMF фабрикалық асүй жиһазын шығаратын компанияның тарихы оның негізін қалаушы Үйсіпхан Асқармен сұхбатқа арналған. Кәсіпкердің жолын қарапайым деуге келмейді – бұл ерекше әрі қызықты, тіпті шытырман оқиғалы тарих.


Үйсіпхан Асқар асүй гарнитураларын шығаратын компания құрғанға дейін-ақ табысты кәсіпкер болған: оның 10 жылдан астам уақыт бойы компьютерлік бөлшектерді дайындау және сату бойынша бизнесі болды. Ол тұрақты табыс әкеліп отырды, бірақ уақыт өте келе кәсіпкер істің өз шегіне жеткенін, жай ғана «ескіргенін» түсінді. Содан кейін ойы ортақ кәсіпкерлермен бірге жаңа идея іздей бастады, кәсіпкерлер стандарттан тыс ойлауға шешім қабылдады.

2024 жылы Қазақстандағы мүлік салығы

Жыл сайын Қазақстанда мүлкі бар жеке және заңды тұлғалар (яғни олар салық салу объектісіне ие) мүлік салығын төлейді. Қандай мүлікке салық салынатынын түсініп, салық төлеуден босатылған азаматтарды анықтап көрейік.

Поиск по сайту
Біз cookies файлдарын қолданамыз
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Артқа
Cookie файлдарын баптау
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Міндетті cookies файлдары
Әрқашан белсенді
Бұл Cookies файлдары сіз туралы маркетингтік мақсатта пайдаланылуы мүмкін ақпаратты жинамайды және Интернетте қашан болғаныңызды есте сақтамайды. Браузердің параметрлерін өзгертіп, осы Cookies файлдарын ажыратуға болады, бірақ бұл біздің сайтпен әрекеттескенде, веб-сайтыңыздың жұмысына әсер етуі мүмкін.
Қосымша cookies файлдары
Cookie файлдары пайдаланушы тәжірибесін жақсартуға және сізге берілген кез келген ақпараттың сіздің мүддеңіз бен қалауыңызға сәйкес келетініне кепілдік беруге көмектеседі. Cookies файлдары ақпаратты ешкім тікелей сәйкестендірілмейтіндей етіп жинайды