Размер шрифта:
A A A
Цвет сайта:
Ц Ц Ц
Показывать изображения
Голосовой помощник
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Размер шрифта:
A A A
Цвет сайта:
Ц Ц Ц
Показывать изображения
Голосовой помощник
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
14 мамыр 2024
Обновлено: 18 маусым 2024

ҚР-да ЖШС-ны қайта тіркеу

Қазақстанда ЖШС-ны тіркеген кезде кәсіпкерлер заңды мекенжайын, құрылтайшылардың құрамын және т.б. маңызды деректерді көрсетеді. Бірақ қандай да бір деректер өзгерген жағдайда, не істеу керек? Мұндай жағдайда ЖШС-ны қайта тіркеу процедурасы қарастырылған.

Қазақстанда ЖШС-ны қайта тіркеу қашан талап етіледі?

Кәсіпкерлер осы заң процедурасынан келесі жағдайларда өтуі тиіс:

  • Бизнесмен өз ұйымының атауын өзгерту туралы шешім қабылдаған жағдайда. Бұл филиалдарға немесе өкілдіктерге де қатысты.
  • Жарғылық капиталды азайту қажет болған жағдайда.
  • Серіктестікке қатысушылардың құрамы өзгерген жағдайда. Мысалы, бизнес сатылды немесе мұраға берілді. Нәтижесінде ЖШС құрылтайшысы ауысты, демек серіктестікті қайта тіркеу қажет болады.

Бизнеске арналған шотты онлайн ашу 

Бірнеше батырма арқылы қолжетімді мүмкіндіктерді пайдаланыңыз 

Ал заңды мекенжайдың өзгеруіне байланысты Қазақстанда ЖШС қайта тіркелмейді. Бірақ бұл кәсіпкерге ештеңе істеудің қажеті жоқ дегенді білдірмейді. Ол заңды мекенжайдың ауысқаны туралы уәкілетті органға хабарлауға міндетті – бұған толық бір ай уақыт бар. Егер құзыретті органды хабардар етпесе, кәсіпкерге айыппұл салынады.

Ал құрылтай құжаттарына өзгерістер енгізіп, қайта тіркеуден өтпеуге бола ма? Егер кәсіпкер осындай шешім қабылдаса, ол барлық өзгерістер жарамсыз деп танылатынын есте сақтауы керек.

Сондай-ақ кейбір жайттарға назар аударыңыз:

  • Егер сіз компанияның атауын өзгертсеңіз, онда жаңа мөр мен бланкілерге тапсырыс беріп, құжаттарға, лицензияға ақпарат енгізіп, жаңа маңдайша орнатуыңыз қажет. Бұған қоса, өзгерістер туралы банкті ғана емес, контрагенттерді – серіктестерді, жеткізушілерді және т.б. да хабардар етуіңізге тура келеді.
  • Егер сіз жарғылық капиталды азайтсаңыз, ол туралы кредиторларға хабарлау қажет. Хабарландыру тек жазбаша түрде ғана орындалады.
  • Егер сіз серіктестікке қатысушылардың құрамын өзгертіп, атап айтқанда жаңа қатысушыны енгізген болсаңыз, онда осы қатысушының салық бойынша берешегі жоқ екендігі туралы анықтама алу қажет.
Қазақстанда ЖШС үшін ағымдағы шотты қалай ашуға болады
2023 жылы Қазақстанда ЖШС-ны қалай ашуға болады

ҚР-да ЖШС-ны қалай қайта тіркеуге болады?

Процедурадан онлайн әрі офлайн режимінде өтуге болады. Бірінші нұсқа күш пен уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. Екінші тәсіл кеңеске мұқтаж адамдар үшін қолайлы, ХҚКО мамандары барлық сұрағыңызға жауап беріп, құжаттарды ресімдеуге көмектеседі.

1. ЖШС-ны Егов порталы арқылы қалай қайта тіркеуге болады?

Егер сіз Қазақстанда ЖШС-ны онлайн түрде қайта тіркегіңіз келсе, оны Egov.kz (Егов) электрондық үкімет порталы арқылы жасауға болады. «Бизнеске», содан кейін «Сервистер» бөліміне өтіп, онда тиісті қызметті таңдауыңыз керек. Қайта тіркеу туралы өтінішке ЭЦҚ көмегімен қол қойылады.

Егер процедура сәтті өтсе, Еговтың жеке кабинетінен ЖШС-ны қайта тіркеу туралы анықтама ала аласыз. Егер қандай да бір себептермен қайта тіркеу жүзеге асырылмаса, сіз жазбаша түрде себебі көрсетілген бас тарту хабарламасын аласыз.

Онлайн-бухгалтерия

Бизнесіңіздің есебін оңай жүргізіңіз!

2. Серіктестікті офлайн қалай қайта тіркеуге болады?

Егер сіз жеке өтініш беруді таңдасаңыз, онда ХҚКО-ға баруыңыз қажет. ЖШС-ны қайта тіркеу үшін өзіңізбен бірге келесі құжаттарды алуыңыз қажет:

  • Қайта тіркеу туралы шешім (шешімнен үзінді көшірмені де ұсынуға болады). Құжатта заңды тұлғаның мөрі болуы тиіс.
  • Өзгертілген ақпараты бар құрылтай құжаттары (үш дана).
  • «Ескі» құрылтай құжаттарының түпнұсқасы.

Сол жерде өтініш жазыңыз, құжаттарға баждың төленгенін растайтын түбіртекті тіркеуді ұмытпаңыз.

Процедура қанша тұрады?

Серіктестікті қайта тіркеу үшін баж салығын төлеу керек. 2024 жылы бұл 6,5 АЕК-ті құрайды, бұл 23 998 теңгеге тең.

Процедура қанша уақыт алады?

Процедура барынша жылдам жүзеге асырылады – әдетте, кәсіпкер өтініш берген сәттен бастап бір жұмыс күнінен аспайтын уақыт кетеді.

Қайта тіркеу ең аз уақытты алады және ерекше дайындықты қажет етпейді, сондықтан бұл процедураны елемеуге болмайды. Бұл процедурадан өту бизнесті заңнаманың барлық талабын сақтай отырып, жүргізуге мүмкіндік береді.

Автор
Наталья Брославская
Эксперт
Айжан Нургалиева
Вам может понравиться
2024 жылы Қазақстанда АЕК және ЕТЖ қанша теңгені құрайды

Ең төменгі есептік көрсеткіштер әлеуметтік төлемді есептеп, салық пен өзге де төлем сомасын, айыппұл мөлшерін белгілеген кезде қолданылады. Бірінші кезекте мамандар АЕК және ЕТЖ сияқты көрсеткіштерді пайдаланады.

2024 жылдан бастап Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялау жүргізіледі: бұл не және кімге қатысты?

Жаңа 2024 жыл ҚР-дағы бизнес иелеріне кезекті өзгерістер әкелді: мысалы, 1 қаңтардан бастап ЖК мен заңды тұлғалар кірістерін жалпыға бірдей декларациялаудан өтуі тиіс. Бұл, қызмет саласына қарамастан, кәсіпкерлерге қолданылатын бизнес активтерінің өзіндік санағы. Мысалы, кондитерлер мен шағын дүкен иелері де, ірі кәсіпорындардың басшылары да 250-нысан бойынша декларация тапсыруы тиіс.

Қазақстанда ЖШС үшін ағымдағы шотты қалай ашуға болады

Заңды кәсіпкерлік қызметті жүргізу үшін заңды тұлғаға, оның ішінде ЖШС-ға банктік ағымдағы шот қажет. Ол көптеген қызметке қол жеткізуге мүмкіндік береді: сіз жеткізушілермен есеп айырыса аласыз, қызметкерлердің жалақысын есептей аласыз, өз шоттарыңыздың арасында ақша аударып, салық аудара аласыз және басқа да аударымдар жасай аласыз.

2024 жылы ҚР-да жұмыс істемейтін ЖШС-ні қалай жабуға болады?

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС) ретінде компанияның қызметін тоқтату үшін тарату процедурасынан өту керек, ол шамамен төрт айға созылады және мұқият дайындықты қажет етеді.

Айтпақшы, Қазақстанда ЖШС жабу туралы шешімді әрдайы серіктестіктің құрылтайшылары қабылдай бермейді. Кейбір жағдайларда бұл сот шешімі бойынша мәжбүрлі түрде болады. Мысалы, 2023 жылы ҚР-да ЖШС-нің мәжбүрлеп жабылуының жалпы себебі – банкроттық. Басқа себептерге тіркеу рәсімін бұзу жатады (иесі серіктестікті салық органында тіркемеген немесе БСН нөмірін уақытында ала алмаған).

2024 жылы Қазақстанда ЖШС-ні қалай жабуға болады және оны онлайн режимде жасауға бола ма? Жабу үшін қандай құжаттар қажет? Сіз қандай қателіктер туралы білуіңіз керек?
Қадамдық нұсқауды қарастырамыз.

2023 жылы Қазақстанда ЖШС-ны қалай ашуға болады

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік немесе қысқаша ЖШС – Қазақстан Республикасының аумағында заңды түрде бизнес жүргізуге мүмкіндік беретін кәсіпкерлік қызметтің түрі. ЖШС әртүрлі ауқымдағы бизнес үшін қолайлы – штаты 15 адамға дейінгі шағын компаниядан бастап 250 адамға дейін жұмыс істейтін ірі ұйымға дейін.

Алматыда немесе Қазақстанның басқа қалаларында ЖШС-ны сәтті ашу үшін оның көптеген қыр-сырын білу керек және біз бұл жөнінде осы мақалада айтып береміз.

Қазақстанда ЖШС-ны қалай тіркеуге болады?

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтайшысы ретінде бір ғана адам емес (ҚР азаматы немесе тұруға ықтиярхаты бар шетелдік немесе тұруға ықтиярхаты жоқ, бірақ бизнес-иммигрант визасы бар шетелдік), сондай-ақ бірыңғай бизнес-идеямен біріктірілген тұлғалар тобы (оның ішінде шетелдік азаматтар) бола алады. Бұл ретте ЖШС-ны тіркеу бірнеше кезеңді қамтитын болады.

Дайындық кезеңі

Ең бірінші қадам – заңды мекенжайды анықтау және болашақ бизнесіңіз үшін атау таңдау. ЖШС заңды мекенжайы құрылтайшының тұрғылықты жері бойынша, сондай-ақ жалға алынған немесе сатып алынған алаңда болуы мүмкін. Сіздің бизнесіңіздің атауы бірегей болуы және бұрыннан тіркелген компанияларды атауын қайталамауы маңызды. Сонымен қатар фирмаңызға атау беріп, тіркеген кезде, атауын қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде көрсету керек екенін ескеру қажет.

Одан кейін сіздің компанияңыздың қандай қызмет түрлерін жүзеге асыратынын түсініп, оларды ЭҚЖЖ бойынша жіктеген жөн.

Тағы бір маңызды қадам – бизнестің қаншалықты ауқымды болатынын анықтау. Сіз кішкентай компания немесе ірі кәсіпорын аша аласыз. Алдағы қызметтің ауқымы жарғылық капиталдың мөлшерін айқындайды. Нөл теңге – бұл тек микробизнеске арналған жарғылық капитал. Орта және ірі бизнеске жататын компаниялардың құрылтайшылары болашақ компанияның шотына кемінде 100 АЕК енгізуі қажет. 2023 жылы ақшалай есептегенде бұл 3 450 000 теңгеге тең.

Салық салудың қандай режимін таңдайтыныңызды да ойластырған жөн.

Құжаттарды дайындау

Бизнесмен (немесе бизнесмендер тобы) осы кезеңде келесі міндеттерді шешеді:

  • Құрылтай шартын дайындайды (компанияның негізін қалаушылар екі және одан да көп болған жағдайда қажет).
  • Серіктестік ашу туралы шешімді ресімдейді.
  • Жарғыны бекітеді. Бұл құжатты стандарт нысандар негізінде немесе жеке тәртіппен әзірлеуге болады, бұл жағдайда заңгердің көмегі қажет болады.
  • Электрондық цифрлық қолтаңбаны алады. Егер құрылтайшылар бірнешеу болса, ЭЦҚ компанияның барлық негізін қалаушыларда болуы қажет.

ЖШС тіркеу

ЖШС-ны ҚР-да екі тәсілмен тіркеуге болады – халыққа қызмет көрсету орталығында (ХҚКО) немесе онлайн. Бірінші жағдайда құрылтайшы дайындалған құжаттар жиынтығымен тіркелген жері бойынша ХҚКО-ға баруы тиіс. Өзімен бірге құрылтай шарты және компанияның мекенжайын растайтын құжат болуы қажет. Осыдан кейін өтініш жазу қажет және егер сіздің бизнесіңіз ірі бизнес болса, мемлекеттік баж салығын төлеу қажет.

Онлайн тіркеген кезде, сізге әлдеқайда аз құжат қажет болады, бұл осындай тәсілдің артықшылықтарының бірі. Өтінім терезесінде сканерленген құжаттарды (жарғы, негізін қалаушылардың қолдарының үлгілері бар құжат және жүйенің сұрау салуы бойынша басқа да құжаттар) бекіту жеткілікті. Қалған барлық құжаттар мемлекеттік органдардың базаларынан автоматты режимде «жүктеледі».

Онлайн-тіркеуді толығырақ қарастырайық.

Қазақстанда ЖШС-ны онлайн қалай ашуға болады?

Онлайн-форматта тіркеу уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді, сондықтан көптеген бизнесмендер осы тәсілді белсенді түрде пайдаланады. Ол Egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы жүзеге асырылады және бірнеше қарапайым қадамды қамтиды:

Порталда авторизациядан өтіңіз.

1. «Бизнеске» бөліміне өтіп, «Бизнесті тіркеу және дамыту» қойындысын таңдаңыз. Жаңа бетте «Бизнесті тіркеу және жою» тармағын басыңыз.

2. Ашылған қызметтер тізімінде «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, банктік шот ашу және өзінің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындаған кезде жазатайым оқиғалардан жұмыскерді міндетті сақтандыруды ескере отырып олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу» санатын таңдаңыз.

3. Беттің оң жақ жоғарғы бөлігінде орналасқан «Қызметті онлайн сұрау» деген қызғылт сары батырманы басыңыз.

4. Бұдан әрі «Заңды тұлғаны мемлекеттік (есептік) тіркеу...» бөлімін белгілеңіз.

5. Ұсынылған нысанға деректерді енгізіңіз (құрылтайшылар, ұйымның орналасуы, ЭҚЖЖ бойынша жіктеу және т.б. туралы ақпарат). Басшы өзінің қазақстандық ЖСН енгізуі керек екеніне назар аударыңыз.

6. Соңғы кезеңде сіз корпоративтік клиент болатын банкті анықтап, сенімді сақтандырушыны таңдау қажет. Осылайша бір порталда компанияны тіркеп, шот ашып, жауапкершілікті сақтандыруға болады. Үш бөлек ұйымға барудың орнына – тінтуірмен небәрі бір-екі батырманы басасыз, бұл процедураны айтарлықтай жеңілдетеді.

7. Баж салығын төлеңіз (ірі кәсіпорынды тіркеген жағдайда ғана).

8. Нысанға ЭЦҚ көмегімен қол қойыңыз. Егер бизнесті құруға бірнеше құрылтайшы қатысса, нысанға әрбір негізін қалаушының (жеке кабинет арқылы) қол қоюы қажет.

Тіркелу бір күннен аспайды. Процедура аяқталғаннан кейін заңды тұлғаның тіркелгені туралы анықтаманы электронды түрде аласыз. Анықтама тегін беріледі.

ЖШС үшін шот ашу

ЖШС-ны тіркеуді аяқтау және коммерциялық қызметті бастау үшін банктік есеп айырысу шотын ашу, сондай-ақ жұмыс беруші ретінде жауапкершілікті сақтандыру үшін сақтандыру компаниясына жүгіну қажет.

Шот ашу үшін компанияның негізін қалаушылар заңды тұлғаны тіркеу туралы куәлікті, жарғыны (түпнұсқасы мен көшірмесін) ұсына отырып, банкке өтініш беруі, сондай-ақ өзімен бірге азаматтық төлқұжаттары болуы қажет.

Сақтандыру компаниясына жарғымен және штаттық кестемен жүгіну керек. Сол жерде, сақтандырушылар офисінде өтініш жазу қажет.

Шетелдік азаматқа Қазақстанда ЖШС-ны тіркеу үшін не қажет?

Шетелдік азамат ҚР-да осындай тіркеу процедурасынан өту арқылы ЖШС аша алады. Алайда компанияның негізін қалаушылар қосымша құжаттарды ұсынуға дайын болуы тиіс. Құжаттама нотариуста куәландырылып, қазақ және орыс тілдеріне аударылатынын ескеріңіз.

Сондай-ақ қосымша өз төлқұжатының көшірмесін дайындап, халыққа қызмет көрсету орталығында немесе Egov.kz порталында онлайн режимінде қазақстандық ЖСН алу қажет. Екінші жағдайда сізге ЭЦҚ бар ҚР азаматына сенімхат қажет болады. Егер серіктестікті Достастыққа (ТМД) кірмейтін елдің азаматы ашса, оған виза қажет болады. Бұл жерде сөз С5 санатындағы бизнес-иммигрант визасы туралы болып отыр, ол 24 айға дейін беріледі.

Бұдан басқа егер шетелдік ЕАЭО мүшесі болып табылмайтын елдің азаматы болса және ол серіктестікті өз бетінше басқаруды жоспарласа, оған уақытша тұруға рұқсат (УТР) қажет болады. Жұмысқа рұқсат та қажет. Екі құжат та ХҚКО-да ресімделеді, бірақ оларды Egov.kz-тен алуға болады.

Егер әңгіме шетелдік заңды тұлға туралы болса, ЖШС-ны онлайн немесе жеке қалай тіркеуге болады? 

Бұл жағдайда осы компанияның өтініш берушінің отанында сол елдің заңнамасына сәйкес тіркелгенін растайтын сауда тізілімінен үзінді көшірмені ұсыну қажет. Құжаттарды өз елінде растау керек, ал Қазақстанда оларға апостиль қою немесе заңдастыру керек. Тек ТМД елдерінің бизнесі үшін ғана ерекшелік бар. Достастықтың көрші мемлекеттерінен келген заңды тұлғаларға ЖШС ашу оңай, себебі оларға виза ресімдеп, жұмысқа рұқсат алудың қажеті жоқ.

ЖШС ресімдеу – Қазақстанда бизнес жүргізудің ыңғайлы тәсілі. Компанияны бір адамға емес, бірнеше құрылтайшыға тіркеуге мүмкіндік беретіндіктен мұндай формат жиі таңдалады. Бұған қоса үкімет тек өз елінің азаматтары үшін ғана емес, сондай-ақ шетелдік кәсіпкерлер үшін де серіктестікті тез әрі жеңіл түрде тіркеу үшін қолайлы жағдай жасайды. Серіктестікті ашқан кездегі барлық процедуралар онлайн режимінде қолжетімді, бұл уақыт шығындарын азайтуға мүмкіндік береді

Авторы - Наталья Брославская

Сарапшы - Нургалиева Айжан Толеугазиновна

Поиск по сайту
Біз cookies файлдарын қолданамыз
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Артқа
Cookie файлдарын баптау
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Міндетті cookies файлдары
Әрқашан белсенді
Бұл Cookies файлдары сіз туралы маркетингтік мақсатта пайдаланылуы мүмкін ақпаратты жинамайды және Интернетте қашан болғаныңызды есте сақтамайды. Браузердің параметрлерін өзгертіп, осы Cookies файлдарын ажыратуға болады, бірақ бұл біздің сайтпен әрекеттескенде, веб-сайтыңыздың жұмысына әсер етуі мүмкін.
Қосымша cookies файлдары
Cookie файлдары пайдаланушы тәжірибесін жақсартуға және сізге берілген кез келген ақпараттың сіздің мүддеңіз бен қалауыңызға сәйкес келетініне кепілдік беруге көмектеседі. Cookies файлдары ақпаратты ешкім тікелей сәйкестендірілмейтіндей етіп жинайды