Размер шрифта:
A A A
Цвет сайта:
Ц Ц Ц
Показывать изображения
Голосовой помощник
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Размер шрифта:
A A A
Цвет сайта:
Ц Ц Ц
Показывать изображения
Голосовой помощник
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Новости 2023-04-12 15:15:20

Акционерлердің жалпы жылдық жиналысының өтетіні туралы хабарлама

HTML:Құрметті акционерлер!

A25D5G0, Алматы қ., Медеу ауданы, әл-Фараби даңғ., 38 мекенжайы бойынша орналасқан «Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы АҚ Директорлар кеңесінің бастамасымен 2023 жылғы 12 мамырда жергілікті уақыт бойынша сағат 10:00-де жеке қатысу нысанында, Zoom конференция арқылы акционерлердің жалпы жылдық жиналысының өтетіні туралы хабарлайды.
Акционерлердің жалпы жылдық жиналысына қатысушыларды тіркеу жергілікті уақыт бойынша 9:30-да басталады.
«Банк ЦентрКредит» АҚ акционерлерінің жалпы жылдық жиналысына қатысуға құқылы акционерлердің тізімі 2023 жылғы 28 сәуірдегі жай-күйі бойынша «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ ұсынған «Банк ЦентрКредит» АҚ акцияларын ұстаушылар тізілімінің деректері негізінде құрылады.

Күн тәртібі:
1. Банктің 2022 жылғы қызметінің нәтижелері туралы есеп.
2. «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың 2022 жылға арналған шоғырландырылған және жеке жылдық қаржылық есептілігін бекіту.
3. «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың 2022 жылғы таза кірісін бөлу тәртібін бекіту.
4. Банктің Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, Банктің Корпоративтік басқару кодексінің жаңа нұсқасын бекіту және «Банк ЦентрКредит» АҚ акционерлерінің жалпы жылдық жиналысының 05.06.2020 жылғы хаттамасымен бекітілген «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың Корпоративтік басқару кодексінің күші жойылған деп тану туралы.
5. «Банк ЦентрКредит» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау туралы.

Акционерлер жалпы жылдық жиналыстың күн тәртібіне қатысты мәселелер бойынша материалдармен 2023 жылғы 02 мамырдан бастап келесі мекенжай бойынша «Банк ЦентрКредит» АҚ-та сағат 9:00-ден бастап 18:00-ге дейін таныса алады: Алматы қ., Медеу ауданы, әл-Фараби даңғылы, 38. Өзімен бірге жеке тұлғасын куәландыратын құжат болуы тиіс. Акционердің сауалы болған кезде, материалдар сауал алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде, бірақ жоғарыда көрсетілген мерзімнен кейін жолданады.

Кворум болмаған жағдайда, Акционерлердің жалпы жылдық жиналысы 2023 жылғы 13 мамырда жергілікті уақыт бойынша сағат 10:00-де аудио-бейнеконференция (ZOOM) режимінде қайта өткізіледі.
«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415-II заңының (бұдан әрі – Акционерлік қоғамдар туралы заң) 52-бабының 1-тармағына сәйкес акционерлердің жалпы жылдық жиналысының хаттамасы жиналыс жабылғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жасалып, қол қойылуы тиіс.

Акционерлердің жалпы жылдық жиналысы «Акционерлік қоғамдар туралы» заңның 35-37, 35-37, 39-48, 50-52-баптарына, сонымен қатар «Банк ЦентрКредит» АҚ Жарғысының қағидаларына сәйкес өткізіледі

Туындаған барлық сұрақтар бойынша келесі телефон нөмірі арқылы хабарласуға болады: 7 (727) 259 85 18


Другие новости
2024-03-14 07:24:24
«Банк ЦентрКредит» АҚ-тың құрметті акционерлері!
2023-11-27 12:30:00
Осы арқылы «Банк ЦентрКредит» АҚ Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде «Банк ЦентрКредит»
2022-11-22 09:35:06
«Банк ЦентрКредит» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама
Поиск по сайту
Біз cookies файлдарын қолданамыз
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Артқа
Cookie файлдарын баптау
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Міндетті cookies файлдары
Әрқашан белсенді
Бұл Cookies файлдары сіз туралы маркетингтік мақсатта пайдаланылуы мүмкін ақпаратты жинамайды және Интернетте қашан болғаныңызды есте сақтамайды. Браузердің параметрлерін өзгертіп, осы Cookies файлдарын ажыратуға болады, бірақ бұл біздің сайтпен әрекеттескенде, веб-сайтыңыздың жұмысына әсер етуі мүмкін.
Қосымша cookies файлдары
Cookie файлдары пайдаланушы тәжірибесін жақсартуға және сізге берілген кез келген ақпараттың сіздің мүддеңіз бен қалауыңызға сәйкес келетініне кепілдік беруге көмектеседі. Cookies файлдары ақпаратты ешкім тікелей сәйкестендірілмейтіндей етіп жинайды