Размер шрифта:
A A A
Цвет сайта:
Ц Ц Ц
Показывать изображения
Голосовой помощник
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Размер шрифта:
A A A
Цвет сайта:
Ц Ц Ц
Показывать изображения
Голосовой помощник
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Новости 2024-03-14 07:24:24

«Банк ЦентрКредит» АҚ-тың құрметті акционерлері!

A25D5G0, Алматы қ., Медеу ауданы, әл-Фараби даңғ., 38 мекенжайы бойынша орналасқан «Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің бастамасымен (Директорлар кеңесі мәжілісінің 2024 жылғы 13 наурыздағы хаттамасы) 2024 жылғы 26 сәуірде сағат 10:00-де Zoom конференция арқылы жеке қатысу нысанында  акционерлердің жалпы жылдық жиналысының өтетіні туралы хабарлайды.

Акционерлердің жалпы жылдық жиналысына қатысушыларды тіркеу жергілікті уақыт бойынша 9:30-да басталады.

«Банк ЦентрКредит» АҚ акционерлерінің жалпы жылдық жиналысына қатысуға құқылы акционерлердің тізімі 2024 жылғы 12 сәуірдегі жай-күйі бойынша «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ ұсынған «Банк ЦентрКредит» АҚ акцияларын ұстаушылар тізілімінің деректері негізінде құрылады.


Күн тәртібі:

1. Банктің 2023 жылғы қызметінің қорытындысы туралы есеп. 

2. «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың 2023 жыл бойынша шоғырландырылған және жеке жылдық қаржылық есептілігін бекіту.

3. «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың 2023 жылғы таза кірісін бөлу тәртібін бекіту.

4. Банктің және еншілес ұйымдардың қаржылық есептілігіне аудит жүргізу үшін аудиторлық ұйымды белгілеу туралы

5.  «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау туралы.

6.  Есеп комиссиясының мүшелерін сайлау туралы.


Акционерлер жалпы жылдық жиналыстың күн тәртібіне қатысты мәселелер бойынша материалдармен 2024 жылғы 16 сәуірден бастап келесі мекенжай бойынша «Банк ЦентрКредит» АҚ-та сағат 9:00-ден бастап 18:00-ге дейін таныса алады: Алматы қ., Медеу ауданы, әл-Фараби даңғылы, 38. Өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжат болуы тиіс. Акционердің сауалы болған жағдайда, материалдар сауал алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде, бірақ жоғарыда көрсетілген мерзімнен кейін жолданады.


Кворум болмаған жағдайда, Акционерлердің жалпы жылдық жиналысы 2024 жылғы 27 сәуірде сағат 10:00-де ZOOM конференция арқылы жеке қатысу нысанында өткізіледі.


«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415-II заңының (бұдан әрі – Акционерлік қоғамдар туралы заң) 52-бабының 1-тармағына сәйкес акционерлердің жалпы жылдық жиналысының хаттамасы жиналыс жабылғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жасалып, қол қойылуы тиіс.


Акционерлердің жалпы жылдық жиналысы «Акционерлік қоғамдар туралы» заңның 35-37, 35-37, 39-48, 50-52-баптарына, сонымен қатар «Банк ЦентрКредит»  АҚ Жарғысының қағидаларына сәйкес өткізіледі.


Сұрақтарыңыз болса,  7 (727) 259 85 18 телефон нөмірі бойынша хабарласуыңызды сұраймыз

Другие новости
2023-11-27 12:30:00
Осы арқылы «Банк ЦентрКредит» АҚ Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде «Банк ЦентрКредит»
2023-04-12 15:15:20
Акционерлердің жалпы жылдық жиналысының өтетіні туралы хабарлама
2022-11-22 09:35:06
«Банк ЦентрКредит» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама
Поиск по сайту
Біз cookies файлдарын қолданамыз
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Артқа
Cookie файлдарын баптау
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Міндетті cookies файлдары
Әрқашан белсенді
Бұл Cookies файлдары сіз туралы маркетингтік мақсатта пайдаланылуы мүмкін ақпаратты жинамайды және Интернетте қашан болғаныңызды есте сақтамайды. Браузердің параметрлерін өзгертіп, осы Cookies файлдарын ажыратуға болады, бірақ бұл біздің сайтпен әрекеттескенде, веб-сайтыңыздың жұмысына әсер етуі мүмкін.
Қосымша cookies файлдары
Cookie файлдары пайдаланушы тәжірибесін жақсартуға және сізге берілген кез келген ақпараттың сіздің мүддеңіз бен қалауыңызға сәйкес келетініне кепілдік беруге көмектеседі. Cookies файлдары ақпаратты ешкім тікелей сәйкестендірілмейтіндей етіп жинайды