Размер шрифта:
A A A
Цвет сайта:
Ц Ц Ц
Показывать изображения
Голосовой помощник
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Размер шрифта:
A A A
Цвет сайта:
Ц Ц Ц
Показывать изображения
Голосовой помощник
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Новости 2020-04-27 11:31:12

«Банк ЦентрКредит» АҚ-тың жай акцияларын орналастыру туралы хабарландыру

HTML:
1. Осы арқылы «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы заңының («АҚ туралы заң») 16 және 18-баптарына сәйкес «Банк ЦентрКредит» АҚ («Банк»)жарияланған мөлшер шегінде «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың жай акцияларын («Акция»)орналастыратыны туралы хабарлайды.
2. Іске асырылатын Акцияларды артықшылықпен сатып алуға құқығы бар акционерлердің (Банктің жай акцияларын ұстаушылар) тізімі Банктің Директорлар кеңесі Акцияларды іске асыру туралы шешім қабылдаған күнгі жай-күйі бойынша Банктің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімі жүйесіндегі деректердің негізінде тіркелді24.04.2020 ж.
3. Жай акцияларды орналастыруға қойылатын талаптар:
    3.1. Орналастырылатын акциялардың түрі – «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың жай акциялары (ҰСН KZ1C36280010).
    3.2. Орналастырылатын жай акциялардың саны – 26 000 000 (жиырма алты миллион).
    3.3. Бір жай акцияны орналастыру бағасы – бір данасы үшін 300 (үш жүз) теңге.
    3.4. Жай акцияларды сатып алу туралы өтініштерді беру мерзімі – қаржылық есептілікті депозитарийдің интернет-ресурсында хабарландыру жарияланған күннен бастап, соның ішінде артықшылықпен сатып алу құқығы аясында 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде, яғни 24.05.2020 ж. дейін.
    3.5. Жай акцияларға төлем жасау мерзімі – акцияларды сатып алу туралы өтініш берілген күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде.
    3.6. Бірінші кезекте артықшылықпен сатып алу құқығы аясындағы өтініштер орындалады. Бұл ретте жай акцияларды артықшылықпен сатып алу құқығын тек жай акцияларды иеленетін акционерлер ғана иеленеді.
    3.7. Акционер 24.04.2020 ж. жай-күйі бойынша акционерлердің тізіліміне сәйкес қолда бар жай акцияларының санына пропорционалды түрде акцияларды артықшылықпен сатып алуға құқылы. Орналастырылған жай акциялардың жалпы санының іске асырылатын жай акциялардың санына арақатынасы– 165 637 911: 26 000 000.
    3.8. Банктің акционері болып табылмайтын тұлғалардан қабылданған өтініштер келіп түсу кезегі тәртібімен артықшылықпен сатып алу құқығы мерзімінен кейін, орындалатын болады.
4. Егер Сіз Банктің Акцияларын көрсетілген баға бойынша сатып алғыңыз келсе, онда Сіз жоғарыда көрсетілген өтініш беру мерзімі аяқталғанға дейін төменде көрсетілген нысан бойынша толтырылған өзіңіздің жазбаша келісіміңізді («Өтініш») жіберуіңіз керек.
5.«Банк ЦентрКредит» АҚ еншілес ұйымы – «BCC Invest» акционерлік қоғамы Өтініштерді бір орталықтан қабылдау және өңдеу бойынша Андеррайтер («Андеррайтер») болып табылады.
6. Акциялар сатып алғысы келетін акционерлер сілтемесі бойынша Банктің корпоративтік веб-сайтынан Өтініштің нысанын жүктеп алып, басып шығаруы және оған қол қоюы қажет.
7. Қол қойылған Өтініш пошта арқылы жіберілуі немесе Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Панфилов көшесі, 98-үй, А-блогы, 5-қабат, «Old Square» БО (Сауда-саттық операциялары департаменті) мекенжайы бойынша Андеррайтерге қолма-қол жеткізілуі тиіс.
8. Өтініштер осы хабарландыру жарияланған күннен бастап жоғарыда көрсетілген Өтініштерді беру мерзімі аяқталғанға дейін Астана уақытымен сағат 9:00-ден бастап 16:00-ге дейін қабылданады.
9. Қажетті мәліметтер толық көрсетілмеген немесе белгіленген мерзімді бұзу арқылы берілген Өтініштер қабылданбауы мүмкін. Көрсетілген себептер бойынша Өтініш қабылданбаған жағдайда, акционер кемшіліктерді жойып, Өтінішті жоғарыда көрсетілген мерзімдерде қайта беруге құқылы. Өтініш көрсетілген мерзім ішінде беріліп отырған жағдайда, Өтініш беруге талпыныс жасау санына шектеу қойылмайды.
10. Акциялар сатып алуға ниеттенген акционерлер жоғарыда көрсетілген мерзімдер ішінде:
    10.1. Андеррайтерде жеке шот ашуы тиіс (заңды тұлға акционер үшін – акционердің өзі немесе оның уәкілетті өкілі қатысуы тиіс).
    10.2. Андеррайтердің комиссиясын қоса есептегенде, Өтініште көрсетілген көлемде Андеррайтерде ашылған өзінің жеке шотына ақша қаражатын аударуы тиіс.
    10.3. Өтінішті Андеррайтерге жіберуі немесе жеткізуі тиіс.
    10.4. Андеррайтерге Андеррайтерде ашылған Банктің жеке шотынан Андеррайтерде ашылған өзінің жеке шотына Акцияны қарымта төлеммен аудару туралы бұйрықты («Бұйрық») беруі тиіс.
    10.5. Андеррайтерге өз қаражатының есебінен Акцияны аудару үшін белгіленген комиссия сомасын төлеуі тиіс.
11. Нормативтік-құқықтық актілеріне немесе ішкі құжаттарына сәйкес Андеррайтерде номиналды ұстау арқылы шот ашуға тыйым салынған немесе шектеу қойылған брокерлік ұйымдар және Акция сатып алуға ниеті бар өзге заңды тұлғалар жоғарыда көрсетілген мерзім ішінде:
12. Өтінішті Андеррайтерге жіберуі немесе жеткізуі тиіс.
13.Андеррайтерде шот ашпай-ақ, номиналды ұстаудың нақты орнынан Банктегі жеке шоттан өз шотына қарымта төлеммен Акцияны аудару бойынша операцияны жүзеге асыруы тиіс.
14. Жоғарыда көрсетілген мерзім ішінде көрсетілген іс-әрекеттерді жасамаған акционер осы Хабарландыруда көрсетілген Акцияларды сатып алудан бас тартқан болып есептеледі.
15. Өтінішін Андеррайтерге жеткізетін акционерге Бұйрықты толтыруға қажетті барлық ақпарат тез арада берілетін болады.
16. Әрбір акционер Өтінішке жұбайының және өзге тұлғалардың (соның ішінде заңнамалық талаптарға және/немесе шарттық міндеттемелерге байланысты) Банктен Акциялар сатып алуға берген келісімін растайтын құжаттарды қоса тіркеуі тиіс.
17. Әрбір акционер Акциялар сатып алуға қажетті рұқсаттарды, мақұлдауларды уақытылы алуға (Андеррайтерге жеке шот ашу, Акцияларды есептен шығару және аудару үшін талап етілген құжаттар мен мәліметтерді беруді қоса алғанда) және өзге іс-әрекеттерді жасауға, сонымен қатар Андеррайтердің, депозитарийдің, кастодиан банктің, өзге номиналды ұстаушының қызметіне төлем жасауды қоса алғанда, кез келген комиссияны, алымдар мен салықтарды төлеуге өз бетінше жауап береді.
18. Осы хабарландыруға байланысты сұрақтар туындаған жағдайда немесе қосымша ақпарат алу немесе хабарландыруда көрсетілген құжаттарды алу қажет болған кезде, Сауда-саттық операциялары департаментіндегі Андеррайтерге сәйкесінше +7 (727) 2-443-232 телефоны бойынша,info@bcc-invest.kzэлектронды пошта арқылы хабарласуды сұраймыз.
19. Осы хабарландырудағы Банктің Акцияларды орналастыру және іске асыру туралы ұсынысы жария оферта болып табылады және Акциялар сатып алғысы келетін акционерлердің Өтінішті осы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде және тәртіппен жіберуі осы жария офертаны акцепттеу болып табылады.

Другие новости
2024-03-14 07:24:24
«Банк ЦентрКредит» АҚ-тың құрметті акционерлері!
2023-11-27 12:30:00
Осы арқылы «Банк ЦентрКредит» АҚ Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде «Банк ЦентрКредит»
2023-04-12 15:15:20
Акционерлердің жалпы жылдық жиналысының өтетіні туралы хабарлама
Поиск по сайту
Біз cookies файлдарын қолданамыз
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Артқа
Cookie файлдарын баптау
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Міндетті cookies файлдары
Әрқашан белсенді
Бұл Cookies файлдары сіз туралы маркетингтік мақсатта пайдаланылуы мүмкін ақпаратты жинамайды және Интернетте қашан болғаныңызды есте сақтамайды. Браузердің параметрлерін өзгертіп, осы Cookies файлдарын ажыратуға болады, бірақ бұл біздің сайтпен әрекеттескенде, веб-сайтыңыздың жұмысына әсер етуі мүмкін.
Қосымша cookies файлдары
Cookie файлдары пайдаланушы тәжірибесін жақсартуға және сізге берілген кез келген ақпараттың сіздің мүддеңіз бен қалауыңызға сәйкес келетініне кепілдік беруге көмектеседі. Cookies файлдары ақпаратты ешкім тікелей сәйкестендірілмейтіндей етіп жинайды