18 2017
"Банк ЦентрКредит" АҚ-тың ҚР банк секторының қаржылық орнықтылығын арттыру бағдарламасына қатысуы
"Банк ЦентрКредит" АҚ ҚР Ұлттық Банкінің 2017 жылғы 10 қазандағы Қаулысы бойынша "Банк ЦентрКредит" АҚ-тың (бұдан кейін – Банк) "Қазақстан Республикасының банк секторының қаржылық орнықтылығын арттыру бағдарламасына" (бұдан кейін – Бағдарлама) қатысуы мақұлданғаны жөнінде хабарлайды.
Бағдарламаның талаптарына сәйкес Банктің реттелген облигацияларын шығару есебінен (жай акцияларға айырбастау мүмкіндігімен) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес ұйымы – "Қазақстанның орнықтылық қорынан" жылдық 4% мөлшерлемемен 15 жыл мерзіміне 60 млрд теңге мөлшерінде ресурс алуға болады. Сонымен қатар Бағдарламада Банк акционерлерінің тарапынан Банкті үстеме капиталдандыру мәселесі де қарастырылған.
Бағдарламаға қатысу Банктің нарықтық ұстанымдарына және жалпы алғанда қаржылық жағдайына жағымды әсерін тигізеді. Қол жеткізетін ақша қаражатының көлемі реттеушінің тәуекелге бағытталған жаңа талаптарына сай болуға, кірістілікті және капиталдандыруды арттыруға, ресурстық базаны кеңейтуге және ҚР экономикасының нақты секторына берілетін кредит көлемін арттыруға мүмкіндік береді.