Размер шрифта:
A A A
Цвет сайта:
Ц Ц Ц
Показывать изображения
Голосовой помощник
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Размер шрифта:
A A A
Цвет сайта:
Ц Ц Ц
Показывать изображения
Голосовой помощник
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Бүкіл әлем бойынша ақша аударудың жылдам әрі сенімді тәсілі.

Әлемге әйгілі американдық «Western Union» корпорациясы 150 жылдан астам уақыт бойы клиенттерге бүкіл әлем бойынша ақша аудару қызметін ұсынып келеді. Бүгінде бұл электрондық халықаралық төлемдер арқылы жүргізіледі.
«Банк ЦентрКредит» АҚ Western Union компаниясымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойған алғашқы қазақстандық банк болды.

Аударымдар жеке тұлғаның шоты ашылмай-ақ жасалады. Әрбір аударымға жөнелтілген ақша аударымының мәртебесін растауға болатын он таңбалы жеке нөмір беріледі. Аударымның ең жоғары сомасы 7 300 АҚШ долларын немесе оның теңгемен баламасын құрайды. ҚР аумағында Western Union жүйесі бойынша халықаралық ақша аударымдары USD-де немесе KZT-де жөнелтіліп, төленеді.

Ақша аударымын жөнелтуге арналған тарифтердің екі түрі: «Мерзімді» және «12 сағат».

«12 сағат» тарифі бойынша ақша аударымын төлеу жөнелтілген сәттен бастап 12 сағат өткеннен кейін мүмкін болады.

«12 сағат» тарифі бойынша ақша аударымының ең жоғары сомасы 3 000 USD-ден аспауы тиіс. «12 сағат» тарифі Қазақстаннан ТМД елдеріне ақша аударымдарын жіберу үшін қолданылады. «12 сағат» тарифі Қазақстаннан Түрікменстанға ақша аударуға қатысты қолданылмайды.

Жүйенің артықшылықтары:
Алыс және жақын 200 шетел мемлекетіндегі 300 000-нан астам пункт
Аударым жөнелтілген сәттен бастап 15 минут ішінде белгіленген пунктке жеткізіледі

Жөнелтілетін соманың ең көп мөлшері
БөлімшеBCC.KZ

1 транзакцияға белгіленген лимит - 7300 USD/2 500 000 KZT

  • 1 транзакцияға белгіленген лимит - 1000 USD 
  • Ай сайынғы лимит - 7300 USD, 4 операция
Жеке тұлғалар арасындағы аударымдардан басқа, Western Union компаниясы келесі қызметтерді ұсынады:
  • «Quick Cash» төлемдері – бұл заңды тұлғадан жеке тұлғаның атына төлем жүргізу.
  • «Quick Pay» төлемдері – бұл жеке тұлғадан заңды тұлғаның атына төленетін төлемдер (төлемнің ең көп сомасы 5 000 АҚШ доллары).


Мұндай төлемдер компания Western Union компаниясымен Келісім жасасқан жағдайда ғана мүмкін болады.

Western Union жүйесі бойынша халықаралық ақша аударымын/төлемін жіберу/алу үшін келесіні жүзеге асыру қажет

Қазақстан Республикасынан жөнелту үшін

Алу үшін

1

ЖСН туралы ақпаратты қамтитын жеке басты куәландыратын құжатты ** және бейрезиденттер үшін – ҚР аумағында болудың заңдылығын растайтын құжатты ұсыну

ЖСН туралы ақпаратты қамтитын жеке басты куәландыратын құжатты ** және бейрезиденттер үшін – ҚР аумағында болудың заңдылығын растайтын құжатты ұсыну

2Алушының аты-жөнін, елін және қаласын көрсету
Аты-жөнін, жөнелтілетін қаласы мен елін көрсету
3Алушының аты-жөнінің, елінің, қаласының және ақша аударымы сомасының дұрыстығын тексеру
Бақылау нөмірі мен аударым сомасын көрсету
4

Ақша аударымын жөнелтуге арналған өтініште алушының аты-жөнінің, елінің, қаласының және ақша аударымы сомасының дұрыстығын тексеру және Өтініш бланкісіне қол қою

Ақша аударымын төлеуге арналған өтініш бланкісіне қол қою
5Тиісті соманы енгізу

Ақша алу
6Алушыға бақылау нөмірі мен аударым сомасын, ақша аударымын жөнелтушінің елі мен аты-жөнін хабарлау

Заңды тұлғалардың атына төлем жүргізген кезде, жөнелтуші жоғарыда аталғандармен қатар компанияның толық атауы, сомасы, төлемнің мақсаты және шоттың нөмірі көрсетілген төлем мақсатын растайтын құжаттың түпнұсқасын (шарт, шот-фактура, инвойс және т.б.) ұсынады. «Quick Cash» төлемін алған кезде, төлем жүргізген заңды тұлғаның толық атауын білу қажет. Бейрезиденттер үшін ЖСН болуы туралы талап міндетті емес.

Жөнелтушінің қалауы бойынша қосымша ақыға көрсетілетін ілеспе қызметтер:
Хабарлама (20 сөзге дейін);
Бақылау сұрағы (тегін, бірқатар ел үшін және аударым сомасы 1000 USD-ден кем болған кезде)

Ақша аударымын жөнелтілетін елдің кез келген Western Union пунктінен алуға болады. Ақша аударымы үшін комиссия Western Union компаниясының тарифтеріне сәйкес жөнелтушіден ғана алынады және жіберілетін соманың мөлшері мен жөнелтілетін елге байланысты болады. Аударымды төлеу валютасын жөнелтуші аударымды жөнелткен сәтте белгілейді. Ақша аударымдары әдетте Western Union жүйесінде қолданылатын бағам бойынша жөнелтілетін елдің валютасында төленеді (кейбір елдерде төлемдер тек/сондай-ақ USD-де жүргізіледі).

Ақша аударымын төлеген кезде мәселе туындаған жағдайда, жөнелтуші ақша аударымын жөнелту пунктіне хабарласуы қажет. Аударым жүйеде 45 күн сақталады. 45 күн бұрын жөнелтілген аударымды алу үшін банк Western Union өңірлік операциялық орталығымен байланысуы қажет.

Western Union жүйесі бойынша ақша аударымын жібергеннен кейін оған тек қаржылық емес, атап айтқанда алушы туралы деректерге қатысты өзгерістер енгізуге болады. Аударымды жіберу құны жаңа елге жіберу құнына тең болған жағдайда, Western Union жүйесі алушы елін өзгерту мүмкіндігін қарастырады. Бұл өзгерістерді тек жөнелтуші енгізеді және бұл тегін әрі аударым төленгенге дейін жүзеге асырылады. Өзгерістер енгізу үшін жөнелтуші аударымның бақылау нөмірін білуі және жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуы тиіс.

Western Union жүйесінде ақша аударымын қайтару оған өзгерістер енгізу процедурасына ұқсас процедура бойынша жөнелтушінің өтініші негізінде ғана мүмкін болады (өзіне қайта бағыттау және аударымды алу арқылы). Аударымды қайтарған кезде, аударым үшiн алынатын комиссия қайтарылмайды. Аударым Western Union компаниясының бастамасы бойынша комплаенс қызметінің тексеру нәтижелері бойынша комиссия сомасымен бірге қандай да бір түсініктеме берілмей-ақ қайтарылуы мүмкін.

Аударымды төлеуді Western Union компаниясы алушы/жөнелтуші бойынша қосымша ақпарат берілгенге дейін кешіктіруі мүмкін.

Өзіңізді алаяқтықтан қорғаңыз!

Бейтаныс адамға/заңды тұлғаға ақша жібересіз бе? Алаяқтықтың құрбаны болу қаупі бар.
Western Union ақша аударымдары қызметі – бұл өзіңіз білетін және сенетін адамдарға ақша жіберудің тамаша жолы.

Егер бейтаныс адамға ақша жіберу қажет болса, сіз өзіңізді алаяқтық қаупіне ұшыратасыз.


Біз клиенттердің қамын ойлай отырып, алаяқтықтың алдын алуға көмектесетін мынадай қарапайым ережені ұстануды ұсынамыз

  • Аударым туралы қандай да бір ақпаратты Алушыдан басқа үшінші тұлғаларға айтпаңыз;
  • Ақша аудару жүйесі арқылы бейтаныс адамдарға ешқашан ақша жібермеңіз;
  • Шындыққа жанаспайтын түрде тартымды болып көрінетін мәмілелерден немесе ұсыныстардан сақтаныңыз;
  • Интернет-аукционда сатып алынған тауарларға ақы төлеу үшін ақша аудару жүйесін пайдаланбаңыз;
  • Лотереядағы ұтыс бойынша салық немесе алым төлеу үшін ешқашан ақша аударымын жібермеңіз.


Ақша аударымын жасау шарттары және әрбір елде қосымша қызметтердің болуы туралы толық ақпаратты банк қызметкері аударымды жөнелту пунктінде Western Union жүйесі бойынша ақша аударымдары бағдарламасында ақпараттық терезеге хабарласу арқылы бере алады.

Тарифтер

* Алушының банк шотына аударымды әлемнің 50-ден астам еліне жіберуге болады және география үнемі кеңейіп отырады. Нақты бір елге жіберу мүмкіндігін Вестерн Юнион жүйесінің бағдарламалық қамсыздандыруында нақтылау қажет.

Ескерту:
- Қосымша қызмет көрсетілген кезде, аударымды жөнелту үшін төлемді ұлғайту келесіні құрайды (қазақстандық теңгемен):

- Чекті алушының үйіне жеткізу (осы қызмет көрсетілетін елдерде): 1300.00

- Телефон / телеграф арқылы хабарлау (осы қызмет көрсетілетін елдерде): 300.00

- Хабарлама (осы қызмет көрсетілетін елдерде), 20 сөзден аспайды: 300.00.

Біз сізге ҚР-дағы Вестерн Юнион төлем жүйесінің «Шотқа қолма-қол ақша» жаңа қызметінің іске қосылғаны туралы хабарлауға қуаныштымыз «Шотқа қолма-қол ақша» – бұл жеке тұлғаның ҚР шегінен тыс банктегі шотына аудару үшін шот ашпай-ақ 24 сағат ішінде жеке тұлғаның ақша қаражатын аудару қызметі.

1. Андорра 

2. Аргентина 

3. Аустралия 

4. Аустрия

5. Бахрейн 

6. Бангладеш 

7. Бельгия 

8. Болгария 

9. Қытай 

10. Хорватия 

11. Кипр 

12. Чехия

13. Дания 

14. Мысыр

15. Эстония

16. Финляндия 

17. Франция 

18. Германия 

19. Грекия 

20. Гонконг 

21. Венгрия 

22. Үндістан

23. Индонезия 

24. Ирландия 

25. Италия

26. Жапония

27. Латвия

28. Лихтенштейн

29. Литва

30. Люксембург

31. Мальта

32. Марокко

33. Нидерланд

34. Жаңа Зеландия

35. Нигерия

36. Норвегия

37. Пәкістан

38. Филиппин

39. Польша

40. Португалия

41. Румыния

42. Ресей

43. Сербия

44. Сингапур

45. Словакия

46. Словения

47. Испания

48. Шри-Ланка

49. Швеция

50. Швейцария

51. Тайланд

52. Түркия

53. БАӘ

54. Ұлыбритания

55. АҚШ

56. Вьетнам

*География үнемі кеңейіп келеді. Қандай да бір елге ақша аудару мүмкіндігін жүйенің операторларынан нақтылаңыз

Поиск по сайту