Ұзақмерзімді тапсырмалар
Сондықтан біздің банк «Ұзақмерзімді тапсырмалар» қызметін енгізді. Ұдайы жасалатын автоматты төлемге өтінішті бір рет ресімдей отырып, 12 ай бойы төлемдердің уақытылы жіберілуіне/төленуіне алаңдамасаңыз болады. Сонымен қатар осы қызметті қосу сізді банк бөлімшесіне барудан, терминалдар мен банкоматтарда төлем жасаудан, сондай-ақ «қашан және қанша төлеу немесе аудару қажеттігін» есте ұстауға байланысты артық машақаттан құтқарады. ЦентрКредит Банкі төлем мерзімін өз бетінше қадағалап, төлем жасайды.
1. Ұзақмерзімді тапсырма бойынша операциялар клиенттің шоты ашылған банктің бөлімшесінде ғана орындалады және бекітілген парольмен расталмайды
2. Төлем басталған сәтте шотта жеткілікті қаражат болуы тиіс. Ең ыңғайлы нұсқасы – жүйелі түрде толықтырылып отыратын шоттан, мысалы, жалақы, шәкіртақы немесе зейнетақы аударылатын шоттан есептен шығаруды ресімдеу. Бұл жағдайда сізге белгілі бір күндері шотқа арнайы ақша салу қажет емес
Ұзақмерзімді тапсырманы ресімдеу үшін алынатын комиссия:
Ақша аудару үшін комиссия банктің бекітілген тарифтеріне сәйкес бөлек алынады.