Директорлар кеңесі Төрағасының үндеуі
Біз өзіміздің клиенттеріміз бен серіктестеріміздің барлығы үшін жақсы болашақ құруға үлес қоса алатынымызды мақтан тұтамыз.
Директорлар кеңесінің Төрағасы «Банк ЦентрКредит» АҚ
Бақытбек Байсейітов
Қымбатты достар!
2023 жылды қорытындылай келе, Қазақстанның экономикасы мен банк секторы сыртқы жағдайларға сәтті бейімделіп, өткен жылы тұрақты даму даңғылына шыққанын атап өткім келеді. Бұл жағдайларда «Банк ЦентрКредит» АҚ жаңа даму стратегиясын қалыптастырып, оны жүзеге асыру арқылы оң нәтижелерге қол жеткізді.
2023 жыл бүкіл елдің қаржы секторы үшін тұрақты даму саласындағы бастамаларға толы болды. Біз клиент үшін күрестің тек өнім ұсынысын ғана емес, сонымен қатар бизнесті жүргізудің жауапкершілікті тәсілі екенін мойындаймыз. Банк кәсіби жұмысшылар командасының құндылығын түсінеді, сондықтан қызметкерлерге лайықты еңбек шарттарын құруға, олардың денсаулығы мен әл-ауқатына қамқорлықпен қарап, оқуы мен дамуына мүмкіндіктер жасауға ұмтылады. Біз корпоративтік басқару, әлеуметтік жауапкершілік және қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарау саласында үздік тәжірибелерді енгізу бойынша өз алдымызға үлкен міндеттер қоямыз.
Біз Банкіміздің өткен жылғы тұрақты дамуы туралы алғашқы есепті ұсынып отырғанымызға қуаныштымыз. Бұл құжатта біз экологиялық, корпоративтік және әлеуметтік салалардағы жетістіктерімізді көрсететін маңызды оқиғалар мен көрсеткіштерді топтастырдық.
Біз өзіміздің клиенттеріміз бен серіктестеріміздің барлығы үшін жақсы болашақ құруға үлес қоса алатынымызды мақтан тұтамыз. Бұл қызмет Банк жұмыс істейтін өңірлерде белсенді жүргізіледі. Біз қоғам үшін ашық әрі айқын болуға ұмтыламыз. Есептен сіз Банктің жүзеге асырған жобалары, қандай әлеуметтік және экологиялық мәселелерді шешкені, бизнес-процестерді қалай жетілдіріп жатқаны, сондай-ақ оларды қоршаған ортаға қалай барынша тиімді әрі қауіпсіз етіп жатқаны туралы ақпарат таба аласыз.
Бұл құжат сізге біздің миссия мен құндылықтарды жақсырақ түсінуге көмектеседі, сондай-ақ, біздің қоғамның дамуына қосып жатқан үлесімізді бағалауға мүмкіндік береді. Біз бұрынғыша клиенттерге қызмет көрсету сапасын арттыру, өнімдер мен сервистерді жетілдіру, барлық қолданыстағы процестердің технологиялығы есебінен өсімді қамтамасыз ету және өз серіктестерімізбен бірге одан әрі даму жолындағы жұмыстарды жалғастыра береміз.
Президент үндеуі
2023 жылы біз ESG-күн тәртібін басқарудың бүкіл құрылымын қалыптастырып, үлкен жұмыс атқардық.
Президенті
«Банк ЦентрКредит» АҚ
Руслан Владимиров
Құрметті серіктестер, клиенттер және әріптестер!
Сіздерге «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның халықаралық стандарттарға сәйкес әзірленген 2023 жылғы тұрақты дамуы туралы алғашқы есепті ұсынып отырмыз. Бұл есеп Банк жұмысының тұрақты даму саласындағы күн тәртібінің маңызы мен басымдығын көрсетеді, сонымен қатар біздің басымдықтарды және корпоративтік клиенттер мен серіктестердің бизнесінің дамуына қосатын үлесімізді білдіреді. Ол сонымен қатар күнделікті өмірде банк қызметтерін пайдаланатын қарапайым азаматтардың өмір сапасын арттыруға арналған бағдарламалар мен шешімдер туралы айтады, сондай-ақ кең ауқымды әлеуметтік инвестициялар бағдарламасын жүзеге асыру есебінен қоғам құндылықтарын құруға қосатын біздің үлесіміз туралы баяндайды.
Біздің Банктің бизнес моделінің дамуының негізінде даму стратегиямызды айқындайтын клиентке негізделген тәсіл, сонымен қатар біз 2023 жыл ішінде әзірлеп енгізген жаңа әрі қосымша сервистер жатыр. Сондай-ақ, 2023 жылдан бастап біздің корпоративті ұзақмерзімді даму стратегиямыздың маңызды элементтерінің бірі болып тұрақты дамудың күн тәртібі саналады. Ол қоршаған ортаға әсерді (E), әлеуметтік әсерді (S) және тұрақты даму аспектілерін басқаруды (G) қамтиды.
2023 жылдың басында біз бизнесті ESG-трансформациялау бойынша жобаны енгіздік. Халықаралық консультанттарды тарта отырып, жасалған талдау нәтижелері бойынша 2026 жылға дейінгі тұрақты даму саласындағы жол картасы әзірленіп, бекітілді. Ол тұрақты даму саласындағы 100-ден астам жобалар мен бастамаларды жүзеге асыруды қамтиды.
2023 жылы біз профильді дирекциядан бастап, Директорлар кеңесінің жанындағы Тұрақты даму комитетіне дейінгі ESG-күн тәртібін басқарудың бүкіл құрылымын қалыптастырып, үлкен жұмыс атқардық. Бұл қажетті элементтерді Банк қызметінің барлық операциялық және стратегиялық бағыттарына біріктіруге мүмкіндік берді.
Банк профилі
Филиал
Бөлімше
АТТ
банкомат
POS-терминал
«Банк ЦентрКредит» АҚ — елдің банк жүйесінің көшбасшыларының бірі, 35 жылдан бері Қазақстанның барлық өңірлерінде қарапайым да қолайлы өнімдер мен ең заманауи технологиялардың сервистерін ұсынады.
Бүгінде Банк республика бойынша өзінің ең ауқымды филиалдар желісіне ие, ол Қазақстан бойынша 21 филиалы мен 150-ден астам бөлімшесінде жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсетеді. 3 млн-нан астам жеке және 140 мыңнан астам заңды тұлғалар Банктің клиенті болып табылады. Банк клиенттердің түрлі санаттарының қажеттіліктеріне арнайы бейімделген бірегей өнімдерді әзірлеп, инновацияларды енгізу мен клиенттерге сапалы қызмет көрсетуге айрықша мән береді. Бұл банк қызметтерінің қолжетімділігін арттырып, клиенттерге қолайлылықтың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.
Компания мемлекеттік кәсіпкерлікті қолдау бағдарламаларын жүзеге асыруға белсенді қатысады және тұрақты түрде сарапшылар қоғамдастығынан жоғары бағаға ие болып келеді. Бұл арқылы Банк өзінің Қазақстандағы шағын және орта бизнес үшін ең үздік банк ретіндегі абыройын дәлелдейді.
Тұрақты даму саласындағы негізгі көрсеткіштер
«Жасыл» күн тәртібінің бастамалары
163632 тонна СО2 - эквивалент
«Жасыл» экономика саласындағы жобаларды қаржыландыру бойынша GEFF бағдарламасы аясында 2021 жылдан бастап CO2 шығарындыларын қысқарту
Қызметкерлер
65%
Банк қызметкерлері арасындағы әйелдердің үлесі
64%
Басшылық кадрлар арасындағы әйелдердің үлесі
4146 адам
ESG негіздері бойынша онлайн-курсты меңгерген қызметкерлер
Әлеуметтік күн тәртібінің бастамалары
1.78 млрд теңге
Білім беру, денсаулық сақтау, экология, мәдениет және спорт, сондай-ақ қызметкерлерді қолдау салаларындағы қайырымдылық жобаларға әлеуметтік инвестициялар
273392 млн теңге
Тікелей құрылған экономикалық құн
35202 млн теңге
КТС қоса алғандағы салық төлемдері
Экология
123636 литр
Су үнемдеу
27%
2022 жылмен салыстырғанда бір ауданға шаққандағы электр энергиясы шығынының бөлшек көрсеткіштерінің қысқаруы
191 тонна
Қайталама шикізаттарды жоюға және қайта өңдеуге жіберу
Корпоративтік басқару
ЦК (BCC) корпоративтік басқарудың сапасы Банктің тұрақтылығы мен ұзақмерзімді сәттілігін қамтамасыз етуде шешуші роль ойнайтынын түсінеді. Тиімді корпоративтік басқару Банк операцияларының, оның стратегиялық шешімдері мен акционерлермен, клиенттермен және өзге мүдделі тараптармен өзара қарым-қатынасының негізінде жатыр.
Банктің корпоративтік басқару құрылымы
«Банк ЦентрКредит» АҚ-ның БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге үлесі
2023 жылы Банк тұрақты дамудың басым мақсаттарын (ТДМ) бағалау бастамасын көтерді. Анкеталарға талдау жасау және маңыздылық матрицасын құру қорытындысы бойынша басым бағыттар ретінде 9 БҰҰ ТДМ таңдау туралы шешім қабылданды.
Банктің 9 басым БҰҰ ТДМ және оларға 2023 жылы қол жеткізудегі БЦК (BCC) үлесі.
Жұмыс орнындағы қауіпсіздік және денсаулық
Денсаулық сақтау саласындағы қайырымдылық және әлеуметтік бастамалар: медициналық мекемелерді қаржыландыру.
Банк қызметкерлеріне медициналық сақтандыру ұсынады және жұмыс орнында қайғылы жағдай болған кезде қажетті медициналық көмек пен өтемақы береді.
Персоналды оқыту және дамыту
Банк білім беру бағдарламаларын белсенді дамытады, есептік жылда оқудан өткен қызметкерлер санын арттырып, міндетті оқу курстарынан өтуге ынталандыру үшін курстарды жаңартып, геймификацияны енгізді.
Адам құқықтары
Есептік кезеңде Адам құқықтары жөніндегі саясат бекітілді.
Банк менеджмент деңгейіндегі гендерлік күн тәртібіне айтарлықтай үлес қосып, желілік басшылар арасындағы әйелдердің үлесін 54%-ға дейін арттырды.
Су тұтыну
2023 жыл қорытындысы бойынша 123 636 литр су үнемделді.
БЦК (BCC) нысандарының энергетикалық аудитінің нәтижелері бойынша шаралар мен ұсыныстар әзірленді.
Энерготиімділік
«Жасыл кеңсе» жобасы әзірленді: энерготиімділік.
БЦК (BCC) нысандарының энергетикалық аудитінің нәтижелері бойынша шаралар мен ұсыныстар әзірленді.
Банк өзнің электромобильдер паркіне көшуді бастап, ішкі жану қозғалтқышымен (ІЖҚ) жүретін автопарктен бірте-бірте бас тартуда.
Экономикалық нәтижелілік. Корпоративтік басқару жүйесі. Қаржылық өнімдер мен қызметтердің қолжетімділігі.
ШОБ субъектілерін, бизнестегі әйелдерді қаржыландыру үшін ЕҚДБ фондтауы тартылды және GEFF бағдарламасы аясында жалпы сомасы 28 млрд. теңге болатын жасыл технологияларды қаржыландыру тартылды;
«Даму» КДҚ» АҚ субсидиялау құралы бойынша 2023 жылы Банк 169 млрд теңгеге 4 911 жобаны қаржыландырды.
«Даму» КДҚ» АҚ кепілдік беру құралы аясында 2023 жылы Банк желтоқсандағы мәлімет бойынша 135 млрд теңге сомаға 4 592 жобаны қаржыландырды.
2021-2025 жылдары Кәсіпкерлікті дамыту бойынша Ұлттық жоспар аясында портфельдік кепілдік беру мен субсидиялауға 22,5 млрд теңге тартылды.
Цифрландыру және инновациялар. Ақпараттық қауіпсіздік.
Әртүрлі смартфон үшін байланыссыз төлем жасау технологиясы базасында қолма-қол емес төлем жүйесін (Apple Pay, Samsung Pay, Google Pay, ВСС Рау) енгізу жұмыстары жалғасын тапты.
BCC.KZ және BCC Business мобильді қосымшалары.
Тұрақты даму саласындағы Банк стратегиясы. Қалдықтарды басқару.
2023 жылы Банк ПГ Scope 1, 2 и 3 шығарындылар есебін бастады.
Жауапты қаржыландыру қағидалары әзірленді.
«Жасыл кеңсе» жобасын жүзеге асыру жалғасын тапты: энерготиімділік, қалдықтар.
GEFF «жасыл» экономиканы қаржыландыру бағдарламасы аясында Банк 2021 жылдан бері 100-ден астам «жасыл» жобаны қаржыландырды, бұл CO2 шығарындыларын 160 мың тоннадан астам көлемде қысқартуға мүмкіндік берді.
Коррупцияға қарсы әрекет.
2023 жылы Банк БҰҰ Жаһандық шартына (UN Global Compact) қосылды.
Банк ЕҚДБ GEFF «жасыл» экономиканы қаржыландыру бағдарламасының және БҰҰДБ ЖЭК қаржыландыру бағдарламасының серіктесі болып табылады.
Банк SDG Ambition акселераторына қатысады.
Адам құқықтарын сақтау және коррупцияға қарсы әрекет
Адам құқықтарын сақтауды қамтамасыз ету тәсілдері.
Банк өз қызметінің барлық кезеңдерінде сақтауға ұмтылатын адам құқықтарын құрметтеу және қорғау саласындағы келесі негізгі міндеттемелерді айқындады:
Банк ұйым қызметінің әртүрлі аспектілерін қамтитын және адам құқықтары мәселелері бойынша келесі мүдделі топтармен өзара әрекеттесуге ерекше назар аударатын Адам құқықтарын сақтаудың кешенді тәсілдерін ұстанады:
Банк қызметкерлері
Қызмет ететін өңірлердің тұрғындары мен қоғам;
Банк клиенттері
Жеткізушілер
Коррупцияға қарсы әрекет
2023 жылы Банктің Директорлар кеңесі Қазақстан Республикасының заңнамасына және Банктің ішкі ережелеріне сәйкес әзірленген жалпыға қолжетімді коррупцияға қарсы әрекет ету бойынша саясатты бекітті.
қызметкерлердің 100%-ы,
2023 жылы басқару органдарының мүшелерін қоса алғанда, Банктің коррупцияға қарсы саясаты туралы хабардар болды.
2023 жылы Банктің басқарушы органдарының мүшелері коррупцияға
қарсы әрекет мәселелері бойынша оқудан 100% өтті.
Қызметкерлерді коррупцияға қарсы әрекет мәселелері бойынша оқыту:
Көрсеткіш | 2023 жыл | 2022 жыл |
---|---|---|
Оқудан өткен қызметкерлер саны | 3 865 | 2 734 |
Оқудан өткен қызметкерлер пайызы | 57,5% | 42,6% |
Клиенттер мен жеткізушілермен өзара қызмет
Банк бизнесті әдепке сай және адал жүргізу стандарттарының негізінде клиенттермен, жеткізушілермен және мердігерлермен ұзақ мерзімді әрі өзара тиімді қарым-қатынас орнатуға және оны қолдауға ұмтылады. Банк іскерлік серіктестерді ерекше жауапкершілікпен таңдай отырып, қарым-қатынасты ашықтық пен өзара сыйластық негізінде жүзеге асырады.
Клиенттермен өзара әрекеттесу
Бөлшек клиенттердің, ірі кәсіпкерлер мен шағын және орта бизнес субъектілерінің жалпы несие портфелі 2023 жылы 2,89 трлн теңгені құрап, 2022 жылмен салыстырғанда 42,3%-ға өсті.
2023 жылы Банктің белсенді клиенттерінің өсімі 15%-ды құрап, олардың саны 1,3-тен 1,5 млн жеке және заңды тұлғаға артты. Жыл қорытындысы бойынша, Банк 3 миллионнан астам клиентке қызмет көрсетті.
BCC.KZ қосымшасының белсенді клиенттерінің саны 16%-ға артып, 2023 жылдың соңында 1 223 000 адамға жетті.
100 мыңнан астам кәсіпкер BCC Business платформаға сәтті көшіп, қазақстандық теңгемен және шетел валютасымен операциялар жасауға, карта мен тарифтерді басқаруға, сондай-ақ онлайн-бухгалтерия және басқа да көптеген қызметтерге қол жеткізді.
Банк инклюзивтіліктің дамып келе жатқан трендін белсенді түрде қолдайды. Атап айтқанда, GRG үлгісіндегі 168 банкомат пен NCR үлгісіндегі 8 банкомат арнайы аудио қосқыштармен жабдықталған. Бұл зағип және көзі нашар көретін адамдарға банктің карталық шотын толтыру және қолма-қол ақшаны алу сияқты қызметтерін ыңғайлы әрі өз бетінше пайдалануға мүмкіндік береді.
Мәліметтер қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Банк, Қазақстан Республикасының заңнамалық нормаларын қатаң сақтайды, сондай-ақ дербес деректерді қорғауды қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше көңіл бөледі.
2023 жылы Банктің ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралардың жеткіліксіз болуы салдарынан Банк клиенттерінің дербес деректерінің шығып кетуі, ұрлануы немесе жоғалуы фактілерін растайтын шағымдар мен оқиғалар саны 0-ге тең болды.
Жеткізушілермен өзара қызмет тәсілдері
Банк өз жауапкершілігін сезіне отырып, жеткізу тізбегінің барлық деңгейлерінде тұрақты дамуға ұмтылады. БЦК (BCC) жауапты сатып алу және жеткізушілерді тиімді басқаруды этикалық қажеттілік қана емес, сонымен қатар ұзақ мерзімді бизнес табысының кілті деп санайды.
2023 жылы резидент және бейрезидент жеткізушілермен жасалған барлық келісімшарттардың жалпы сомасы 96,7 млрд теңгені құрады. 2023 жылы жергілікті жеткізушілерден сатып
Персоналмен өзара қызмет
«Банк ЦентрКредит» АҚ табысының шешуші факторы – стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін және бизнестің тұрақты дамуына елеулі үлес қосатын тәжірибелі және адал қызметкерлер командасы болып табылады. Банк әрбір қызметкердің кәсіби өсуі үшін кең ауқымды құралдарды ұсына отырып, оның жұмысын бағалау және тиімділікті арттырудың кешенді жүйелерін енгізеді, оның дамуы үшін ең жақсы жағдайларды жасайды.
7983
қызметкер
65%
әйелдер
39
Бір жылда бір қызметкерге шаққанда сағат оқу
100%
Жұмысшылар тиімділік шолуын және мансапты дамытуды алды
64%
Басқарушы кадрлар – әйелдер
62%
Жұмысқа алынған қызметкерлер – 30 жастан кіші
8637
Адам оқудан өтті
1422
Орташа атқарылған адам-сағат саны
Банк келісімшарт мерзіміне қарамастан толық жұмыс уақытымен қамтылған барлық қызметкерлерге жеңілдіктер береді.
2023 жылы қызметкерлерге төленген жеңілдіктер 798,04 млн теңгені құрады.
Жеңілдік түрлері | Мерзімді және мерзімсіз еңбек шарты | ||
---|---|---|---|
БК | Филиалдар желісі | Барлығы | |
Өмірді сақтандыру | - | - | - |
Медициналық қызмет көрсету | 141,5 | 88,8 | 230,3 |
Мүгедектік бойынша төлемдер | - | - | - |
Бала күтімі бойынша демалыс | - | - | - |
Мемлекеттік емес зейнетақымен қамсыздандыру | - | - | - |
Өзге материалдық көмек: | |||
Емделу | 57,5 | 1,3 | 58,8 |
Баланың өмірге келуі | 170,4 | 82 | 252,4 |
Жақын туысқанның өлімі | 48,2 | 24,2 | 72,4 |
Некеге тұру | 100,8 | 30 | 130,8 |
Қызметкерлердің мерейтой күндері | 32,8 | 11,6 | 44,4 |
Зейнет демалысына шығу | 1,5 | 2,8 | 4,3 |
Психологиялық көмек | 4,1 | 0,6 | 4,7 |
Жалпы сомасы | 798,04 |
Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік
Банкте қызметкерлердің денсаулығы мен жұмыс орындарындағы еңбек қауіпсіздігін барынша қамтамасыз етуге бағытталған еңбекті қорғауды басқарудың кешенді жүйесі жолға қойылған. Банктегі қауіпсіздік саясатының негізгі қағидасына сәйкес, қызметкерлердің өмірі мен денсаулығы өндірістік және қаржылық мүдделерден қашан да басым тұрады.
ЕҚ және ӨҚ бойынша оқудан өткен қызметкерлер саны
Бас кеңсе
Басшылар
Мамандар
Өңірлер
Басшылар
Мамандар
Банк қызметінің сипатына сәйкес, қызметкерлердің жарақат алу және кәсіптік ауруларға шалдығу қаупі өте төмен.
2023 жылы, өткен есептік кезеңдегідей, Банк қызметкерлері арасында өндірістік жарақат алу немесе өлім жағдайлары тіркелген жоқ.
Қоғам алдындағы жауапкершілік
БЦК (BCC) қаржылық институт ретінде экономиканың нақты секторының корпоративтік клиенттеріне және жеке тұлғаларға қызметтер көрсетеді. Банк барлық клиенттермен ашық және адал қарым-қатынасты дамытуға күш салады. Қазақстан Республикасындағы ірі компания ретінде Банк азаматтардың өмір сапасын жақсартуға, өзі қатысатын және қызмет ететін өңірлерді әлеуметтік-экономикалық тұрғыда дамытуға және экологиялық тұрақты етуге ұмтылады, инновацияларды ендіру мен азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыруға үлесін қосады.
2023 жылы Банк қайырымдылық, демеушілік және әлеуметтік қызметтерге 690 млн теңге бөліп, келесі бағыттар бойынша 40-тан астам бастамаға қолдау көрсетті:
Білім беру
Кәсіби қоғамдастық
Бастамалар
Халық, қоғамдық ұйымдар
Бастамалар
Спорт
Халық, қоғамдық ұйымдар
Бастамалар
Халық, қоғамдық ұйымдар
Бастамалар
Шағын және орта бизнес
Денсаулық сақтау
Халық, қоғамдық ұйымдар
Бастамалар
Мемлекеттік және әкімшілік органдар
Бастамалар
Экология
Халық, қоғамдық ұйымдар
Бастамалар
Мәдениет және өнер
Халық, қоғамдық ұйымдар
Бастамалар
Өзге әлеуметтік бастамалар
Шағын және орта бизнес
Бастамалар
Халық, қоғамдық ұйымдар
Бастамалар
Клиенттер
Бастамалар
2021 жылдан бастап «Банк ЦентрКредит» АҚ есту қабілетінде ақауы бар адамдардың мүддесін қорғайтын ұйымдармен серіктестік орнатты. Бұл осы санаттағы азаматтар үшін қосымша жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Осы әріптестік аясында банктің жарнамалық баннерлері мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік бейімдеумен айналысатын орталықтарға қайта өңдеуге жіберіледі.
Шағын және орта бизнесті қолдау
Банк бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларына белсенді қатысады және экономиканың нақты секторына бағдарланған барлық негізгі бағдарламалар бойынша ірі кредиторлардың бірі болып табылады. Шағын және орта бизнесті қолдау «Банк ЦентрКредит» АҚ ESG-стратегиясы аясындағы негізгі басымдықтардың бірі болып табылады. Осылайша, 2023 жылы Банк келесі бағдарламаларды іске асыруға белсенді түрде қатысты:
Банк ЕҚДБ-мен бірлесіп, бизнестегі әйелдерді қолдау және сала бойынша шектеусіз барынша арзан несие беру арқылы ШОБ секторын қолдау сияқты бағдарламаларды жүзеге асырады.
Экологиялық жауапкершілік
Банк өзінің экологиялық жауапкершілігін мойындайды және өзінің күнделікті қызметінің аясында қоршаған ортаға салыстырмалы түрде аз тікелей әсер етуіне қарамастан, ол жұмыс істейтін өңірлерде қоғамның экологиялық әл-ауқатын сақтауға үлес қосу маңызды екенін түсінеді.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы негізгі бағыттар: | |
---|---|
Жауапты қаржыландыру қағидаларын енгізу | |
«Жасыл кеңсе» жобасы: энергия тиімділігі, қалдықтар | |
Экологиялық жобалар |
Банктің қызмет барысында пайдаланатын негізгі ресурстары электр энергиясы, жылу және су болып табылады. Банк экологиялық жауапкершілік қағидатын басшылыққа ала отырып, ресурстарды тұтынуды азайтуға, сол арқылы оның қоршаған ортаға теріс әсерін азайтуға ұмтылады.
Электр энергиясын жалпы тұтыну, МВт∙сағ
Жылу тұтыну, Гкал
Алынатын судың жалпы көлемі, мың м³
Тұтынатын судың жалпы көлемі, мың м³
Өткізетін судың жалпы көлемі, мың м³
Бензин тұтыну, литр
Дизель отынын тұтыну, литр
Қалдықтарды басқару
2023 жылы жиналған қалдықтардың жалпы көлемі 190,49 тоннаны құрады, оның құрамына жалпы салмағы 144 кг болатын батареялар және люминесцентті шамдар сияқты қауіпті қалдықтар да кіреді.
Банк қызметінің аясында 2023 жылы кәдеге жаратылған қалдықтардың үлесі 100%-ды құрады.
Байланыс ақпараты
Пікір қалдыру, пікір қалдыру немесе сұрақ қою үшін берілген байланыс ақпаратын пайдаланыңыз. Пікіріңізді алғымыз келеді.
Мекенжай: Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 38, С блогы
Email: esg@bcc.kz
Корпоративтік веб-сайт: bcc.kz
Банк қызметінің негізгі көрсеткіштерін қорытындылайтын ESG деректер кітабы