Картаға немесе шотқа ақша аударған кезде, әдетте IBAN нөмірі қажет болады. Бұл нөмірді Ибан, Айбан, Ай-би-эй-эн, IBAN Number деп те атайды, ол — ISO 13616 стандартына сәйкес келетін банктегі халықаралық шот нөмірі (бұл банкаралық есеп айырысуды стандарттау мақсатында жасалған).
Егер сіз қолданыста болған автокөлік сатып алсаңыз, оның «таза» болғаны, яғни оған ауыртпалық салынбауы маңызды. Автокөлікке ауыртпалық салу деген не? Бұл термин көлік иесі оны толықтай басқара алмайтын жағдайды білдіреді. Мысалы, көлікті сату немесе сыйға тарту мүмкін болмайды. Кредит алған кезде автокөлік кепілге беріліп, қамтамасыз ету құралы ретінде пайдаланылған болса, бұл ауыртпалық болып саналады. Сондай-ақ автокөлік ұрланған (іздеуде жүрген) немесе қарызға байланысты оған тыйым салынған болса, бұл да ауыртпалық болып есептеледі.
Кофе бизнесі – Қазақстанда ең кең тараған кәсіп түрлерінің бірі, себебі бұл өз ісіңізді бастауға жақсы мүмкіндік. Дегенмен бұл салада бәсекелестік жоғары, бірақ егер сізде бизнес-жоспар, сапалы өнім және кофеге деген зор сүйіспеншілік болса, сіз жақсы табыс таба аласыз. Алайда қоғамдық тамақтану саласына қатысты кез келген қызмет оңай болмайды: клиенттер қызмет көрсету сапасы жақсы болған жағдайда ғана болады. Сондай-ақ пайда табу бойынша тым жоғары мақсат қоймаңыз: кофехананың табыстылығы 30-35% болса, бұл – тамаша көрсеткіш.
Сіз қолданыста болған автокөлікті сатып алдыңыз делік. Бірақ сатып алу қуанышы сізді алда тұрған бірқатар процедура туралы ұмыттырмауы тиіс: жай ғана мініп кетуге болмайды. Сол процедуралардың бірі – қайта ресімдеу. Қайта ресімдеу процесі көлік құралын (КҚ) жаңа иесіне ресми түрде «бекіту» үшін қажет. Басқаша айтқанда, осыдан кейін автокөлікпен болып жатқан барлық жағдай бұрынғы иесіне емес, жаңасына қатысты болады.
Өндірістік күнтізбе кәсіпорындағы жұмыс жүктемесін тиімді бөлу үшін қажет. Оны елдің барлық компаниясы өз қызметін бір жыл бұрын жоспарлаған кезде пайдаланады.
2025 жылы қазақстандықтарды көптеген демалыс күні күтіп тұр. Сонымен, бес күн жұмыс істейтіндер үшін 246 жұмыс күні болады (2024 жылы 249 күн), 119 күн демалыс және мереке күндері болады (2024 жылы 117 күн).
2024 жылғы 1 шілдедегі деректер бойынша Қазақстанда 532 980 заңды тұлға және 1 753 485 жеке кәсіпкер тіркелген. 2,2 миллионнан астам адам өзін-өзі жұмыспен қамтығандар ретінде жұмыс істейді. Әрбір сегментте бизнес өкілдерінің саны тұрақты түрде өсіп келеді. Бұл елде жасалған қолайлы жағдайларға негізделген: жеңіл салық режимі, визаны ресімдемей-ақ ресми жұмыс істеу мүмкіндігі, көптеген бизнес-процедураларды жеңілдететін белсенді түрде дамып келе жатқан цифрландыру.
Бастамашыл адамдарды бизнесін тіркеуден не тежейді? Көптеген адамдар өз ісімді ашқым келеді, бірақ қандай іспен айналысатынымды білмеймін деген сияқты проблемамен бетпе-бет келеді. Қазір Қазақстанда қандай бизнес өзекті? 2025 жылдың бизнес-идеяларын зерделейік.
Аккредитив – Сатып алушы мен Сатушы арасындағы есеп айырысудың мүмкін болатын тәсiлдерiнiң бiрi. Іс жүзінде бұл Сатып алушының Банкі тарапынан, егер Сатушы тауарды тиеу немесе қызмет көрсету фактісін құжатпен растаса, Сатушыға Сатып алушының есебінен келісілген валютамен белгілі бір соманы төлеу міндеттемесі.
TikTok, Facebook, Instagram, Telegram – әлеуметтік желілерді адамдар араласу, фото мен бейне көру құралы ретінде қабылдайды. Алайда бұл бизнесті интернетте дамыту құралы: әлеуметтік желілерде төлемге қабілетті аудитория шоғырланады, брендті дамытуға, клиенттік базаны арттыруға және сатылымды көбейтуге мүмкіндік беретін жарнама алгоритмдер жұмыс істейді.
Бизнесті интернетің қай жерінде жарнамалауға болады? Оны тиімді жасаудың жолы қандай?
Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізетін бизнес үнемі ақшаны банкке жеткізу қажеттілігіне тап болады. Алайда ірі соманы тасымалдау өте қауіпті және мұндай жағдайда инкассаторлық қызмет тасымалданатын қаражаттың сақталуына кепілдік беруге көмектеседі.
Қаржылық тәуекелдермен ұштасқан мәмілені жасасқан кезде (мысалы, үлескерлік құрылыс аясында пәтер сатып алу), эскроу-шот пайдаланылады. Ол форс-мажорлық жағдайда тараптардың мүдделерін қорғауға, ақшаны сақтауға және мәмілеге қатысушылардың теріс пайдалану ықтималдығын төмендетуге арналған. Эскроу-шотты жеке тұлға да, заңды тұлға, ЖК де аша алады.
ҚР Ұлттық банкінің мәліметінше, тек 2024 жылғы қыркүйек айында банк карточкаларын пайдалана отырып, 16,8 трлн теңгеден астам сомаға 1,2 млрд транзакция жасалды. Бірақ бизнес осындай төлемдермен жұмыс істей алуы үшін эквайринг деп аталатын банк қызметін қосу қажет.
Как физические лица, так и предприниматели могут столкнуться с ситуацией, когда на определённые нужды (например, покупка бытовой техники или приобретение сырья для производства) недостаточно собственных средств. В такой ситуации оптимальное решение — обратиться в банк и оформить кредит. Однако наравне со стандартными кредитными продуктами банки в Казахстане предлагают клиентам такие инструменты, как овердрафт, кредитная линия и кредитный лимит на счёт.
ҚР-да сатып алушы тауар мен көрсетілген қызмет ақысын төлей алуы үшін төлем жасауға арналған шот қажет, оны онлайн режимінде жасаған ыңғайлы әрі жылдам. Бұл – контрагенттер арасында есеп айырысқан кездегі негізгі құжаттардың бірі. Ақшаны сатушының немесе қызмет көрсетушінің шотына аудару оның қаншалықты дұрыс толтырылғанына байланысты болады.
Қазақстан кәсіпкерлеріне арналған сұхбаттар топтамасын «АзияЭлитФудГрупп» ЖШС-ның негізін қалаушы Мария Липинскаяның оқиғасы жалғастырады. Компания бүгінде сүт өнімдерінің 50-ден астам түрін (оның ішінде қаймақ, кілегей, сүзбе) шығарады, ал оның штатының елу адамнан асқанына біраз болған.
Бірақ 20 жыл бұрын үлкен өндіріс туралы арман болмаған да еді. Мария табысты бір компанияда жұмыс істеп жүреді, ал өз ісін ашу туралы ойлануына бір жағдай себепші болыпты. Сұхбатымыздың кейіпкері жұмыс істеп жүрген кәсіпорынның иесі қызмет бейінін өзгертуді ұйғарған екен. Бұл өзгерістер Марияны жауапты қадам жасауға, яғни жалдау саласынан кетіп, сүт өнімдерін өндіруге арналған шикізат пен ингредиенттер сататын өз компаниясын ашуына түрткі болады. Нарықта компания бірден беделге ие болады, қарқынды түрде дамып, серіктестер саны артады. Марияға бірлесіп бизнес бастауды ұсынған солардың бірі болған.
Ондаған жылдар бойы Қазақстанның саудадағы негізгі серіктестері Ресей, Қытай және Өзбекстан болды. Алайда 2010 жылдан бастап тағы бір болашағы бар бағыт – Түркиямен сауда дамып келеді. 2024 жылы ол инвестициялар және сауда-экономикалық қатынастар саласындағы ең басым бағыт ретінде қарастырылуда.
Қазақстан Республикасы – ЕЭО құрылған бірінші күннен бастап Еуразиялық экономикалық одақтың мүшесі. Одаққа мүше басқа елдер сауда байланыстары үшін басым бағыттар ретінде қарастырылады. ЕЭО туралы шарттың Одақ аумағында тауарлардың, жұмыс күші мен қызметтердің еркін қозғалысын, экономиканың сан түрлі салаларындағы бірыңғай саясатты қамтамасыз етуі де экономикалық ықпалдастыққа септігін тигізеді. Кеден арқылы тауар қозғалысын үйлестіру үшін ЕЭО Кеден одағы құрылды. Одақтың аясында қатысушы елдер тауар экспорттаған кезде ҚҚС нөлдік мөлшерлемесі қолданылады.
Өткен жұма күні ЦентрКредит Банкі қазіргі заманғы жағдайда тиімді басқару және маркетинг мәселелеріне арналған бизнес-кездесуде қазақстандық кәсіпкерлердің басын қосты. Кездесу барысында бизнес қажеттіліктері, даму перспективалары, экономикадағы жеткізу тізбектерінің маңызы, сондай-ақ осы процестерді оңтайландыру мүмкіндіктері талқыланды.
Грант ұтып алу, банктен кредит алу немесе өз бизнесін жүргізу үшін жер учаскесін алу үшін ісін жаңа бастаған кәсіпкер бизнес-жоспарды ұсынуы қажет. Алайда бұл құжат бизнесменнің өзіне де қажет: ол бизнесті тиімді жүргізу, шығынды азайту және күткен пайдаға қол жеткізу жолдарын түсінуге көмектеседі.